Авторы:
Тулеубаева Макпал Алдабергеновна
Ақмола
облысы Нұр-Сұлтан қаласы АҚ Қазақ технология және бизнес
университетінің колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
Дизайн-201 тобы Композиция сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнектер тарихы және
ою-өрнек композициясы»
Сабақтың мақсаты:
Ою – өрнектің түрлерімен
таныстырып, оның салу жолдары және композиция құрастыру әдістерін
үйрету.
Білімділік:
Оқушыларды халқымыздың салт –
дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін
дамыту;
Оқушыларға ою – өрнектер
өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген
шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен
жасалғанына көздерін жеткізе отырып
тәрбиелеу;
Ою-өрнектердің түрлеріне тоқталып, оқушылардың
түсінігін
арттыру.
Және олардың шығу тарихын қарап, әр бір оюдың өзіндік
ерекшеліктеріне тоқталып кету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетің
дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мәдениетті
түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас, сайыс
сабақ.
Көрнекілігі: ою-өрнек түрлері салынған суреттер және
оюлардың үлгілері.
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Ою-өрнектер тарихы және
ою-өрнек композициясы»
Топ: Дизайн -201
Оқытушы: Тулеубаева Макпал
Алдабергеновна
Нұр-сұлтан
2021
Сабақ
жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Ою-өрнектер тарихы
және ою-өрнек композициясы»
Сабақтың мақсаты:
Ою – өрнектің түрлерімен
таныстырып, оның салу жолдары және композиция құрастыру әдістерін
үйрету.
Білімділік:
Оқушыларды халқымыздың салт –
дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой-өрісін
дамыту;
Оқушыларға ою – өрнектер
өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген
шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен
жасалғанына көздерін жеткізе отырып
тәрбиелеу;
Ою-өрнектердің түрлеріне тоқталып, оқушылардың
түсінігін
арттыру.
Және олардың шығу тарихын қарап, әр бір оюдың өзіндік
ерекшеліктеріне тоқталып кету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетің
дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке,
мәдениетті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас, сайыс
сабақ.
Көрнекілігі: ою-өрнек түрлері
салынған суреттер және оюлардың
үлгілері.
Жаңа
сабақ
«Өнер – таусылмас азық,
жоғалмас байлық»,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар
талғамынан өткен асыл қазынасы – ою –
өрнектер.
Ою – өрнек не үшін
қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу
үшін қолданылатын нақыш, өрнек)
Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою –
өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес
болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында – өру, тігу, құрау,
қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ,
текемет, қоржын, ыдыс-аяқтарға, киім – кешектерге безендіріліп
салынған)
Әр топқа сұрақ жауап;
І –
топ:
Ою дегеніміз
не? (Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті
кесу арқылы өңдеу)
Композиция дегеніміз не?
(Композиция дегеніміз –
Композиция(лат. соmpositiо - құрастыру,
шығарма) -көркемөнер туындысының құрылымы,
оның жанры мен мазмұнына орай
құрамдас бөліктерінің тұтастығы. )
Ритм дегеніміз не?
(Ою –
өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм
дейміз)
ІІ –
топ:
Орнамент дегеніміз не?
(Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп,
латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу,
әсемдеу, әшекейлеу)
Симметрия дегеніміз не?
(Симметрия дегеніміз – ою-өрнектің екі жағының
тең болуы)
Колорит деген не?
(Бұйымға салынатын ою – өрнектің бояу түрлерінің
бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп
аталады)
Көк әлемінде байланысты
өрнектер: ай, жарты ай,
кемпірқосақ, айшық, жұлдыз, күн, шұғыла.
Малға, малдың денесіне,
ізіне байланысты өрнектер: айыртұяқ, арқар мүйіз, атерін, қошқармүйіз, тайтұяқ,
түйетабан, омыртқа.
Аңға, аңның денесіне, ізіне
байланысты өрнектер: бөрікөз, бөріқұлақ,итемшек, иттабан,
иттіс.
Құрт-құмырсқаларға
байланысты өрнектер: алақұрт, жұлдызқұрт, көбелек, құмырсқа, құмырсқа
із.
Құстарға байланысты
өрнектер: қазмойын,
қазтабан, құсқанат, құсмұрын.
Жер, су, өсімдік, гүл,
жапырақ, бұтақ бейнелі
өрнектер: ағаш, бітпес,
гүл, жапырақ, жауқазынгүл, ирек, ирексу, өткізбе, райхангүл, су,
үзілмес, үшжапырақ, шиыршық.
Қару-құралдарға байланысты
өрнектер: айбалта, айыр,
балдақ, балта, қармақ, шынжыр.
Геометриялық фигуралар
тектес өрнектер: қосдөңгелек, қостұмарша, төртқұлақ, тұмарша,
сүйір.
Ендігі кезекте әр топ әр ою-өрнекке тоқталып, оның
мағынасын тереңнен түсіндіріп өту керек.
1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл
элементі мүйізді меңзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ,
кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты
нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет,
алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз
элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз»,
«қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б.
түрлерге бөлінеді.
«Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет,
алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш,
күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда
(қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде
(ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері
жоқ десе де болады.
2. «Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана
бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды
«қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды,киім-кешек,
қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы,
марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі
кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне,
шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына
салады.
3. «Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін
оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған
қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем,
тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында
кездеседі).
4. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле
түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын
долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады.
Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет,
сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік
бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған
бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни
аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
5. «Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған,
кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не
төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді
тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше
тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім,
сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ
кездеседі).
6. «Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке
қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен
алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін
пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне
ұқсайды.
7. «ӨРКЕШ» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ,
текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек
кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің
қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық
тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің,
көбеюдің символын білдіреді.
Қорытындылау
Ал, мен бүгін қазақ
халқымыздың ежелден келе жатқан ою-өрнек тарихымен тереңнен
таныстыныздар. Бүгінгі сабағымыздың маңыздылығы мен қажеттілігін
түсіндіңіздер деген үміттемін.
Эскиздерді орындау, бұл қиын,
бірақ орындалатын тәжірибеге көз жеткізді және міндет. Жиі сурет
салыңыз, әсерлеріңізді жинаңыз, оларды
бекітіңіз.
Қосымшалар