Материалдар / Ашық сабақ. Өзін-өзі тану 11- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Өзін-өзі тану 11- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
а) Азаматқа тән мінез, оның нар көтермес алып ісі өмірлік парызы туралы білім беру; ә)Оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой толғамын жетілдру, сыпайлыққа үйрету; б)Азаматтық,оның парызы туралы ұғымдарын нақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2021
755
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



24 лицей Мерзімі 10.11.21

Тақырып: Тұлғаның адамгершілік негіздері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыпайылық, мейірімділік, адалдық

Мұғалім: Копбаева Б.А. Сынып:11 «А» Оқушылар саны: 16

Сабақтың мақсаты:

-” Парыз” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;

өзінің азаматтық міндеті мен парызы адал атқаруға

тәрбиелеу.

Міндеттері:

а) Азаматқа тән мінез, оның нар көтермес алып ісі өмірлік парызы туралы білім беру;

ә)Оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой толғамын жетілдру, сыпайлыққа үйрету;

б)Азаматтық,оның парызы туралы ұғымдарын нақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т. Ережесі

Талап, Тәртіп,Тазалық, Татулық,Тыныштық

Жағымды күйге ену.

Орманда оймен серуендеу. Мұғалім : Отырыңыздар, арқаны түзу ұстаңыздар, көздеріңізді жұмып, терең тыныстаңыздар. Әр тыныс алған сайын көбірек босаңсуға және тынышталуға тырысыңыздар. Біз қазір орманға қыдыруға барамыз. Елестетіңіздер сіздер сынып есігіне жақындап келе жатқандарыңызды, есікті ашыңыздар, дәлізбен жүріп келесіздер міне далаға шықтыңыздар. Таза ауаны жұтасыздар, шаштарыңызға желдің соққанын беттеріңізге күннің жеңіл қыздырған жылы лебін сезесіздер. Орман жаққа бет алыңыздар. Сақ болыңыздар, жүріп келе жатып жәндіктерді басып кетпеңіздер. Бір минут тоқтап жан-жақтарыңызға қараңыздар. Табиғаттың сұлулығы мен балғындығын сезініңіздер. Қандай да болмасын бір гүлге жақындаңыз. Иіліңіз және оған мұқият қарап оның нәзіктігін қараңыз. Иіскеп оның хош иісінен тыныстаңыз. Ары қарай жүріңіз, айналаңыздағының бәрін байқаңыз.Гүлдің, ағаштың иістері, құстардың әні, жәндіктердің ақырын ызыңы. Орманға сүңги түсіп қараңыз, ағаштар одан бетер биік және көбірек. Жарық пен көлеңкенің ойынын тамашалаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыздар. Орман ішінде біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Біз тоғай ішіндегі алаңқайға шықтық, біз бұл жерде бірнеше минут демаламыз. Сіз астында демалғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындап келіңіз оның бұтақтарынан қолыңызбен ұстаңыз. Оның мықты екенін сезініңіз, оның бойында өмір қуатының бар екенін түйсініп, сезінуге тырысыңыз. Енді оның астына отырыңыз, оның бұтақтарына арқаңызды сүйіңіз. Көзіңізді жұмыңыз, терең дем алыңыз және айналадағы тыныштыққа назар аударыңыз.Бізге бақыттың қандай екенін, қандай жеңіл екенін сезінеміз. Табиғат қандай тамаша және біз оны қалай сүйіп, қалай құрметтеу керек екенін, оны қорғау керектігін, бірде-бір тіршілік иесіне зиян келтірмеуді түсінеміз.есте сақтаңыздар бұл сіздердің және ағаштарыңыз, кез-келген уақытта сіздердің оған оралуларыңызға болады. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыздар. Тұрыңыздар да жан-жақтарыңызға тағы бір көз тастаңыздар. Жайлап артқа қарай бағанағы соқпақ жолға жолдағы жәндіктерді басып кетпей оралыңыздар. Міне, біз мектептің есігіне келдік. Жан-жақтарыңа тағы бір қараңыздар, терең таза ауамен тыныс алыңыздар, есікті ашып, өз орындарыңызға оралыңыздар. Өздеріңізде осы сезімді, тыныштықты және қанағаттанушылықты сақтаңыздар. Көздеріңізді ашыңыздар және күліңіздер!

Ресурстар:аудиокасета,

фотосуреттер,

шағын қойылымдар

2.Үй тапсырмасын тексеру

1Дәптермен жұмыс 3- тапсырма

2.Келесі сабақ. Дос туралы жыр жаттауды сұраймын

Сабақтың барысын талқылау:

3.Дәйек сөз Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

Халық мақалы

Дәйексөзді дәптерге жазып, ұлдар,қыз балалар дауыстап оқимыз

Дәйексөздің мәнін ашамыз.


4.Оқиға айту. Мұғалім сыйы

Нағыз адам

В. Сухомлинский


Сусыз далада құдық бар. Оның қасында бір үй тұр. Онда атасы мен немересі тұрады.

Құдық басында ұзын арқанға байланған қауға бар. Жолаушылар құдық басына тоқтап, салқын суға қанады, тынығады, суға қанған жолаушылар атайға алғыс айтады.

Бір күні арқан тозыпүзілді де, қауға құдыққа түсіп кетті. Атайдың арқаны жоқ еді. Енді құдықтан су тартып ішетін ештеңе қалмады. Немересі мен атай шөлден әбден қалжырады.

Үшінші күні таңертең атайдың үйінің қасына арбалы жолаушы келіп тоқтады. Атай арбада сабан астында жатқан шелекті көрді.

Жолаушы әуелі құдыққа, содан соң немерелі атайға қарады да, атын қамшылап жүріп кетті.

Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.

Бұл адам емес, – деп жауап береді атасы.

Түске таман тағы бір жолаушы келіп тоқтады. Арбадан шелегін алды, оған арқан байлап, су тартты. Жолаушы баласын суға қандырды. Қалған суды құмға төкті де, шелегі мен арқанын алып жүріп кетті.

Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.

Бұл адам емес, – деп жауап береді атасы.

Кешке үшінші жолаушы келіп тоқтады. Ол арбасынан шелек пен арқан алды. Арқанды шелекке байлап, су тартты. Суға қанып алды да, шелегі мен арқанын құдықбасынақалдырды.

Бұлқандай адам? – деп сұрады немересі.

Бұлнағыз адам, – деп жауап береді атасы.


  • Әңгімеде жолаушылардың қандай әрекеттері туралы айтылады?

  • Қай жолаушының әрекеті сендерге ұнады? Түсіндіріп беріңдер.

  • Жақсылық жасаған жолаушының бойында қандай құндылықтар бар деп ойлайсыңдар?

  • Өзің жақсылық жасаған кезде қандай сезімде боласың? Әңгімелеп бер.


-Парыз  дегенде ойымызға не келеді?

-Ана парызы дегеніміз не?

-Перзенттік парыз дегеніміз не?

-Пенделік парыз дегеніміз не?

-Азаматтық алдындағы парыз

дегеніміз не?



5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

1- топ. «Парыз» топтық атауына постер жасау.

2-топ «Әділет» Тарихтағы хандардың бойындағы қасиетер туралы постер.

3- топ «Мақсат» «Мақсатқа жету жолдары» жоспар құру.

А3 қағазы

Түрлі түсті қағаздар

фотосуреттер

Топпен ән айту

Дос туралы жыр Сӛзі Т. Молдағалиевтікі Әні С. Бәйтерековтікі

Іздегенде табылатын қасыңнан,

Кҿңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Кҿріспесек сағынышта жүретін,

Кім бар екен бала күнгі досыңнан.

Қайырмасы:

Жан досым,

Үстем болсын мерейің

, Ҽрқашан жеңісіңді кҿрейін.

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін.

Қос бұтағы секілденіп ағаштың,

Қатар тұрып гүлімізді сан аштық.

Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.





7.Үйге тапсырма беру

1.Дәптермен жұмыс -тапсырма

2.Келесі сабақ. Жақсылыққа апарар жол қайда? (Үзінді) Дейл Карнеги


8.Қорытынды тыныштық сәті.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2

Балалар бүгінгі сабақтан меңгерген жақсы құндылықтар мен қасиеттерді жүректерімізге түйіп аламыз. Бүгінгі сабақта белсенділік танытқандарың үшін көп рахмет!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!