Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
-
Жағымды көңіл күй
(1-3 мин)
|
Мұғалім
оқушылардың
сабаққа
қатысуын тексереді.
Мұғалім «Тыныс алу» жаттығуын
өткізеді.
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар тыныс алып, жағымды күйге келіп, терең ойлауға
бейімделеді.
|
Оқулық,
мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал/ Нұркеева С, Алиев Б.Ш, Бақаш Е
Ф.
Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы
https://zvooq.eu/
|
2. Алдын ала берілген үй
тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)
|
Мұғалім оқушылардан
әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алған соң, мәтін
мазмұнының рухани тереңдігін ашатын сұрақтар қояды.
«Адамның рухани кемелденуі»
әңгімесінің мазмұнын сұрақтар қою арқылы талдатады
Сұрақтар:
-
Ник Вуйчич өмір сүруге күшті
қайдан алды?
-
Адамдар Никті тыңдағанда
неден шабыттанады?
-
Ник Вуйчичтің бақыты
неде?
-
Ник Вуйчичтің бойынан қандай
қасиеттерді көруге болады?
-
Өзіңіздің өмірлік ұраныңыз ретінде
қандай сөздерді таңдар едің?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өзіне
деген сенімі артып, рухани кемелденіп қалыптасады.
|
Оқулық, 24-бет
|
3. Жағымды
ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)
|
Мұғалім Ілияс Есенберлиннің қанатты сөзін
дәйексөз ретінде ұсынып, сұрақтар арқылы талқылайды.
Өзіне-өзі сенген адам, қиындықты да, уақытты
да жеңе алады.
Ілияс Есенберлин
- Дәйексөздің мағынасын
қалай түсінесіздер?
- Өзіңе сену дегенді қалай
түсінесіздер?
Мұғалім дәйексөзді дәптерге
жазуды ұсынады.
Дәйексөзді талдай отырып, тұжырым жасалады,
сүйіспеншілік құндылығының мәнін, оның қасиеттері туралы ұғымдары
толықтырылады.
|
Оқушылар Ілияс Есенберлиннің қанатты сөзінің
мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге
жазады.
Мейірімділік, қайырымдылық, шынайылық
қасиеттері туралы өз білетіндерімен бөліседі
|
Презентация, слайд.
Оқулық, 16-бет
|
4. Оқиғалар айту
(әңгімелесу)
(4-8 мин)
|
Мұғалім оқушыларға оқиға желісін баяндап
береді, құндылық мәнін ашу үшін сұрақтар қояды.
Сенімсіздіктің қасіреті
Бір жігіттің шашасына шаң жұқтырмас жалғыз жүйрік
аты болыпты. Сол елдің бір байының баласы жігіттің атына қызығып,
бір үйір жылқыға айырбаста деп қолқа салады. Жігіт
көнбейді.
Бай баласы оған наразы болып, жүйрік атты қалайда
қолға түсіруді ойлайды. Сөйтіп, қайыршының киімін киіп, жігіттің
жолын тосып, айламен алдап алуға жоспар құрады.
Ешнәрседен хабарсыз жігіт жол жиегінде отырған
адамды көріп, атынан түсіп әлгіге барып, жөн сұрайды.
-
Е, қарағым, ел кезіп жүрген диуана едім. Таң
алакеуімде жолға шыққан едім, шаршап әрі аштықтан бұратылып, осы
жерге жеткенде құладым. Мені алдағы бір ауылға жеткізіп салшы, –
дейді.
Жігіт бай баласын қолтығынан демеп, атына
мінгізеді. Сол кезде әлгі диуана атты бір тебініп, жігітті
мінгізбей шаба жөнеледі. Анадайға барып: «Маған атыңды бір үйір
жылқыға айырбаста дегенде, жолатпап едің, енді айдалада қаңғып
өлетін болдың, қош» деп шаба жөнеледі.
Сол кезде жігіт бай баласының артынан айғай
салады:
-
Ей, опасыз пенде! Алланың жазғаны осы болса, мен
көндім. Бірақ бір нәрсеге келісейік, сен бұл оқиғаны ешкімге айтпа,
егер тірі қалсам, мен де айтпайын. Осыған серттесейік, –
дейді.
Бай баласы шауып бара жатып ойланады:
«Апырмау, бұл іс
жөнінде менің ешкімге ештеңе демейтінім белгілі, ал оның «Тірі
қалсам, мен де айтпаймын» дегенін қалай түсінуге болады?»
деп ойланады
да, кері қайтып,
жігіттен жаңағы сертінің мәнісін сұрайды.
Сонда жігіт:
-
Егер осы болған жағдайды ел естісе, адамдар арасында
бір-біріне деген сенімсіздік туады. Бұдан былай адамдар тарығып
жатқандарға жәрдем беруден қорқатын болады. Шын мұқтаж
адамдар қараусыз, көмусіз қалатын
болады. Сондықтан да мен басымнан өткенді ешкімге айтпауға серттескен
едім, – депті.
Бай баласы осы кезде барып, өз қатесін түсініп, кешірім
сұрайды, ат-шапан айыбын төлейді, екеуі достасып
ажырасады.
Сұрақтар:
-
Жігіттің атына байдың баласы
неліктен қызықты?
-
Байдың баласы қалайша
жігіттің атын қолға түсіргісі келді?
-
Жігіт бұл окиғаны ешкімге айтпа деуінің себебі
неде?
-
Неліктен бай баласы өзінің
әрекетіне өкініп, кешірім сұрайды?
-
Жігіттің бойынан қандай
қасиеттерді көруге болады?
-
Өз қателеріңізді мойындап, түзеткеен кездеріңіз
болды ма? Мысал
келтіріңіз.
|
Оқушылар, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере
отырып, адамның өз қатесін түзетудің маңыздылығын түсіне отырып,
сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашады. Мейірімділік, қайырымдылық, шынайылық
туралы өзара пікірлеседі.
|
https://ust.kz/
|
5.
Шығармашылық жұмыс
(12-15 мин)
|
Мұғалім
1, 2, 3-тапсырмаларды оқушы дәптеріне өз бетінше орындауды
тапсырады.
1-тапсырма: Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, дұрыс жауабын
таңдап алып, дәлелде.
«Сенбе жұртқа тұрса дағы қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.»
Абай.
2-тапсырма: «Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен
жүзеге асыруға болады» деген халық даналығын талдау:
- көзқарас
- қорытындылау
3-тапсырма:
Сахналау: «Жақсы көрем» Бейбіт Қойшыбаев
4-тапсырма: Сөзтізбекті шешкен кезде І. Есенберлиннің қанатты
сөзі шығады. Оны сабақты дәйексөзімен байланыстырып, сүйіспеншілік
құндылығының мәнін терең түсіну мен өмірде қолдана білуге
баулиды.
|
Оқушылар берілген
тапсырмаларды оқушы дәптеріне орындап, өз жұмыстарын сыныпқа
таныстырады, сахналайды.
Оқушылар сабақта
алған білімдерін шығармашылық тапсырмада бекітеді. Оқушылар топта
жұмыс жасап, өзіне деген сенімін нығайтуға, осылайша өзін-өзі
жетілдіруге жол ашады.
|
Флипчарттар, баяу әуен
қойылады.
Оқулық, 25-бет
|
8. Сабақтың
қорытынды сәті (1 мин)
|
Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не
ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Мұғалім
оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ
үшін рақмет айтады.
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Баяу композиция
қойылады.
https://www.youtube.com/watch?v=hlWiI4xVXKY
|