Сабақтың
ортасы
|
Бейнелеу
өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған
ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда
барлық заттар барынша
көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне
қарама-қарсы болып қабылданады.Ортаңғы планда
мұның бәрі барынша
жұмсарады,ал артқы планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді.
Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа
перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген
Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи
/15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары
бар,
1
заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама
бейнелейміз,
2
заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ
басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып,
мұнарланады,
3
заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті
заттар бозарып көрінеді.
4
заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар
жазық болып көрінеді,
5
заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай
болып көрінеді.
1–ші
Тапсырма: «Миға шабуыл»
әдісі
Өз идеялары мен сезімдерін
беру үшін перспективаның басты ережелері
анықтап, топта талқылайды
1. перспективасының ережесі
қандай?
2.Көкжиек сызығы дегеніміз
не,бақылаушының көзқарасына қарай ол қалай
өзгереді?
3.Сызықтық перспективаның
негізгі заңдарын атаңдар
Бағалау
критерийі.Перспектива заңдылықты қолдана
отырып,табиғатты кезеңмен бейнелейді.
Дискриптор.
Бағалау.Талға жапырақпен
бағалаймын.
2 –ші
тапсырма(топтық жұмыс)
«Кім жылдам, кім тапқыр?»
әдісі
1 топқа қала пейзажын, 2 топ
индустриалды пейзажды, 3 топ дала пейзажын реттілікпен орындап
білімін көрсетеді.
Бағалау
критерийі.
Табиғатты перспектива
заңдылықтарды қолдана отырып бейнелейді және бояу үйлесімін тауып
бояйды.
Дискриптор.
Ауа перспектива заңдылығын
сақтай отырып,табиғатты бейнелеуін
сипаттайды,
түсіндіреді, нобайын
орындайды
Бағалау. Басбармақпен
бағалаймын.
3-ші
тапсырма«Галереяға саяхат»
әдісі
«Галерияға саяхат» оқушылардың
біткен жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Бағалау
критерийі. презнтация жасап дәлелдеме
ұсынады.
Дискриптор
Оқушылар өздерінің жұмыстарын
аяқтап өз ойларын тұжырымдайды, корғайды.
Шығармашылық жұмысты
қорытындылайды.
Бағалау.Күлекештермен
бағалаймын.
|
Суретшілер жұмыстарының
көшірмелері
И.Айвазовский, И.Шишкин,
И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера,
К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М.
Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар
Абжанова
|