Материалдар / Ашық сабақ: Пішіндер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Пішіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Пішіндер. Сабақ мақсаты: Тақырып бойынша жан – жақты білімдерін кеңейте отырып, сенсорлық қабілеттерін дамыту. Міндеттері: 1. Білімділік: Пішіндер туралы білімдерін қалыптастыру. Пішіндерді бір – бірінен ажырата білуге үйрету; 2. Түзету: Сөйлеу тілін түзету; 3. Дамытушылық: Сенсорлық қабілетін дамыту. Айналадағы қоршаған орта заттарын қабылдау қабілетін және танымдылық қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту; 4. 3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тапсырманы шыдамдылықпен орындауға тәрбиелеу. Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, бақылау, педагогтың және балаланың іс - әрекеті, әңгімелесу, баяндау, мадақтап отыру. Көрнекілігі: Пәндік және иллюстративтік құралдар: пішіндер, кубиктер, дамытушы планшеттер, сеген тақтасы, сенсорлық ұяшықтар, таяқшалар, және т.б. Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
1157
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 29.10.2021г.

Баланың аты – жөні: Мырзақан Жандос

Қорытындысы: Даун синдромы. Микроцефальды синдром. Тіл және психикалық дамуының тежелуі.

Жасы: 7 жаста.

Тақырыбы: Пішіндер.

Сабақ мақсаты: Тақырып бойынша жан – жақты білімдерін кеңейте отырып, сенсорлық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Пішіндер туралы білімдерін қалыптастыру. Пішіндерді бір – бірінен ажырата білуге үйрету;

  2. Түзету: Сөйлеу тілін түзету;

  1. Дамытушылық: Сенсорлық қабілетін дамыту. Айналадағы қоршаған орта заттарын қабылдау қабілетін және танымдылық қабілеттерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту;

  2. 3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, тапсырманы шыдамдылықпен орындауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, бақылау, педагогтың және балаланың іс - әрекеті, әңгімелесу, баяндау, мадақтап отыру.

Көрнекілігі: Пәндік және иллюстративтік құралдар: пішіндер, кубиктер, дамытушы планшеттер, сеген тақтасы, сенсорлық ұяшықтар, таяқшалар, және т.б.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Жұмыс түрі: Жеке жұмыс



Shape1

I.Ұйымдастыру кезеңі





Амандасу рәсімі: - Армысың әлем!

Армысың Жарық күн!

Армысыңдар Достарым,

Саламатсыздар ма қонақтар!

Сұрақ – жауап арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру:

    • Жондос қазір қай мезгіл?

    • Ауа – райы қандай?

    • Күн күлімдеп шығып тұр, айнала сары алтынға боялған, алайда күн салқын, өйткені қазір күз мезгілі (күз құбылысын қол - саусақ икемділігімен көрсету: жел улейді у-у-у, жаңбыр жауады тырс – тырс...).



КҮННІҢ БЕЙНЕСІ



II. Өткен сабақты пысықтау:

- Біз өткен сабақта «Түстер» тақырыбын өткенбіз.

- Мен көрсеткен түстерді ата! ( қызыл, сары, көк, жасыл т.б.)

- Дамытушы планшеттермен жұмыс. Сәйкес түстерді табу.

Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Бағалау. Мадақтау!!!



Түстерді ажыратуға арналған дамытушы планшет

Shape2






ІІІ. Жаңа сабақ: Балаға тақырып бойынша жан – жақты білім беру.

    • Жандос бізге қонаққа алыстан поездбен пішіндер келіпті. (Әр вогондағы пішіндермен жеке – жеке таныстыру: төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш, жұлдызша т.б.).

Әр пішінге жеке тоқталып, сипаттама беру, яғни үшбұрыштың үш бұрышы – үш қабырғасы бар т.б.



Сенсорлық тақта

Shape4 Shape3









IV. Сергіту сәті: Жел улейді у-у-у,

Құйын келіп билейді зу-зу-зу,

Жапырақтар қол соқты гу-гу-гу,

Қатты – қатты жел соқты гу-гу-гу.

Қимылды – сергіту жаттығуын сөз бен қимыл - әрекетті сәйкестендіре отырып орындау.

V. Сабақты бекіту: Тапсырмалар арқылы жаңа сабақта алған білімдерін бекіту.

1 – тапсырма: Дамытушы планшеттермен жұмыс. «Пішіндердің орнын тап!» дидактикалық ойыны

Shape6 Shape5 Shape7





2 – тапсырма: «Таяқшалардан пішіндер жасау!»

Мақсаты: Пішіндердің неше қабырғадан және бұрыштан тұратынын балаға ұғындыру. Ұсақ – қол моторикасын дамыту.

Барысы: Балаға әр – түрлі суреттер беріледі, сол суреттерде кездесетін заттарды бала таяқшалардан құрастыру керек. Мысалы: баскиім – үшбұрыш, қорапша - төртбұрыш пішіндерімен берілген.



Shape8



Shape9 Shape10



3 – тапсырма: Сенсорлық ұяшықтармен жұмыс.

Мақсаты: Сенсорлық қабілеттерін дамыту. Пішіндер мен түстер туралы ой - өрісін кеңейту.

Барысы: Сенсорлық ұяшықтарға түстері сәйкес келетін пішіндерді салу, жинақтау.



Shape11 Shape12

Shape13









4 – тапсырма: «Пішіндерден үй соғайық!» Дамытушы планшетпен жұмыс.

Мақсаты: пішіндерді ажырату қабілеттерін дамыту. Үйдің құрылысы қандай пішіндерден құралатынын ұғындыру. Ұсақ – қол моторикасын дамыту.

Барысы: Балаға әр түрлі пішіндер беріледі. Сол пішіндерді пайдалана отырып үй құрастыру ұсынылады. Яғни түймелеу, жабыстыру, ілу дағдыларымен жүзеге асырылады.



Shape14 Shape15 Shape16







5 – тапсырма: Ұсақ қол моторикасына арналған тапсырмалар.

Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту. Қол ептілігін, икемділігін, қол – саусақ координациясын дамыта отырып, сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.

Барысы: Бау байлау, дамытушы планшеттермен жұмыс.

Shape17





Shape18 Shape19





VI. Сабақты қорытындылау:

- Бүгін біз қандай сабақ өттік?

- Қандай пішіндермен таныстық?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

- Саған бүгінгі сабақ ұнады ма?

VIІ. Үйге тапсырма беру: Бояғыштармен жұмыс!

Shape20

- Жарайсың, сен барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадың!




Мадақтау!

Shape21











Байзақ аудандық «Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ







Ашық сабақ

Тақырыбы: Пішіндер

Shape22 Shape23 Shape24 Shape25

Shape26 Shape27









Дефектолог: Жарасова Н.Н.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!