Материалдар / ашық сабақ Пішіндерді топтастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ Пішіндерді топтастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ пішіндерді ажыра алуға үйрету. пішіндер жайлы түсініктерін кеңейту. пішіндерді көлемі және түстері бойынша топтастыруға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2022
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар

Бөлім: Геометриялық пішіндер

Мектеп:

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

1 арнайы (түзету) мектеп – интернат.



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Нурахметова Д.К

Сынып: 2

Қатысқандар: 4

Қатыспағандар саны: 0


Сабақтың тақырыбы

Кесінді, сызық, бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау;

Сабақтың мақсаты

Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажырату және атау.

Бағалау критерийлері

  • Геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратып айтады.

Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне деген құрмет

Пәнаралық байланыс

Өнер, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

0-2 мин













2-5 мин






Писхологиялық ахуал


Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).



(Ұ) Өткен сабақ бойынша сұрақ қойып, еске алу. Оқушылар белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас жүргізеді.

- Өткен сабақта біз нені өттік?

- Өткен сабақта біз қадай жұмыс атқардық?

Мақсаты: бірін-бірін тыңдауға дағдыландыру





















Сабақтың ортасы



5-10мин











10-20 мин
















20-25 мин









25-35 мин


ЖАҢА САБАҚ

(Т, ОТ)Топтарға жіптерді таратып беру. Оқушыларға қайтадан сызықтардың түрлері мен сәуленің үлгісін жасауға ұсыныс жасау.

Оқушылардан әр бала үшін жіптің бір бөлігін қиып алып, оларды жіптің қалған бөлігімен салыстыруды өтіну.

Қиылған бөліктердің кесінді деп аталатындығын түсіндіру. Олардың басы мен аяғы болады. Кесінділерді дәптерлерге не жеке маркерлік тақталарға сызып көрсету.

(Д)Оқушылардан тапсырманы жеке маркерлік тақталарға орындатқызу: нүктені қойып, ол арқылы бірнеше түзу сызықтарды жүргізу, содан соң екі қиылысатын түзулердің арасындағы облысты түрлі-түсті қарындаштармен бояу. Оқушыларға бір нүктеде қиылысушы түзулердің бұрыш жасайтындығын түсіндіру.

Тік бұрыштың үлгісін жасау. Парақты екіге бүктеп, содан соң тағы да бүктеу.

(К, ф) Балалардан бұрышты қайдан көруге болатынын сұрау? Сыныптағы бұрыштары бар заттарды талқылау.

Оқушыларға қолда бар материалдардан (сіріңке, санау таяқшалары, пластилин, қағаз жолақтары, желім және т.б.) 5 және 7 ұяшықтары бар сынық сызықтарды жасауға тапсырма беру..

Сіздің сынық сызығыңызда қанша кесінді бар екендігін талқылаңыз. Қанша төбе бар?

(Д, қ)Сынық сызықтар, кесінділер

Сергіту сәті

«Құрылысшы»


(Ж) «Кел ойланайық» Алуан түрлі сызықтар сызылған парақтарды таратып беріп, оқушылар оларды мұқият зерттеп, осынау сызықтардың оларға нені еске түсіретінін айтады.

Қоршаған ортадан мысалдар келтіруге ұсыныс жасау: қандай заттарды немесе олардың бөліктерін түзу, кесінді не сәуле ретінде қарастыруға болады.



(Т) Дәптермен жұмыс.

Оқушылар парақтағы сызбаларды дәптерлеріне түсіреді.






Жіп,парақтар





















Геометриялық пішіндер









Қалам,қарындаш























Сабақтың соңы

35-40 мин


*Әлемдегі заттарды өлшеуге бола ма?

*Қандай стандартты өлшеу құралдарын білеміз?

*Қандай өлшем бірліктерін білеміз?

*Тапсырмалар орындау барысында кімде қиындықтар болды?

*Неліктен?

*Кім тапсырманы жеңіл орындады?

*Неліктен?

Рефлексия

«Қосу, алу ,қызықты» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар барлық геометриялық пішіндерді ажыратады.



Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!