Ашық сабақ "Портрет" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Портрет" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Маршруттық картамен балаларға қызықты етіп құрылған, апробациядан өткен ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Кунанова Калампыр Куанышкалиевна

БҚО, Сырым ауданы

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қосымша білім беру педагогі





Пәні: Бейнелеу өнері

Сыныбы: 5-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Адам кейпін (портретін) бейнелеудің әдіс-тәсілдері

Мақсаты

Адамның бас бейнесін салу жолын үйрену. Бас сүйегінде бет мүшелерінің пропорцияларын анықтап, бет мүшелерін дұрыс салуға дағдыландыру. Адам бейнесіне қарап оның көңіл-күйін, мінез-құлығын зерттей білу. 

Күтілетін нәтиже

А) Бастың негізгі мүшелерінің долбарын сала біледі, ерекшеліктерін ажырата алады.

В) Адамның бет пішінінің мінез-құлқына, көңіл-күйіне әсер ететінін түсінеді, негізгі мүшелерді салу жолдарын орындай алады.

С) Бастың формасындағы ерекшеліктерді таба алады. Қысқа мерзімді жаттығуларды орындай алады. Кезеңдерді сақтап, жұмыс нәтижесін көрсете алады.

Сабақтың типі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сергіту жаттығуы, «Галерея», стикер түсімен бағалау, маршруттық карта, тренинг, салыстыру, сыни ойлануға орай берілген жаттығулар.

Сабаққа керекті жабдықтар

Мультимедиялық проектор, музыкалық құрылғы, таныстырылым, тақтаның безендірілуі: галерея, әртүрлі кейіптегі портрет үлгілері, көңіл-күй сипаттамалары, 105 а,ә,б,в суреттерінің үлгілері, бағалау шкаласы, маршруттық аялдамалар.

Сурет салуға қажетті жабдықтар

А-4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, акварель бояуы, қарындаш, өшіргіш, стикерлер

Музыкалық қатар

«Көңілді күн»сергіту жаттығуының видео нұсқасы

Пәнаралық байланыс

Геометрия, әдебиет, сызу

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасу. Журналға жоқ оқушыны белгілеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды қадағалау. Психологиялық дайындық.

«Көңілді күн» сергіту жаттығуының видео нұсқасы көрсетіп, оқушыларды сергіту.

Мұғалім смайлдың суретін көрсетіп,сабақтың тақырыбын байланыстырып, бүгінгі жұлдызды анықтайтындығын хабарлайды.

Мұғаліммен амандасады. Сергіту жаттығуын орындайды.

І.Қызығушылықты ояту


«Галерея» әдісімен оқушылардың үздік жұмыстарын тақтаға ілу. Оқушылардың қолдарына үш түсті стикер ұсынып, өз сыныптастарының жұмыстарын бағалауды тапсыру.

«Қызыл түс» - ең үздік жұмыс

«Жасыл түс» - жақсы орындалған жұмыс

«Сары түс» - жетілдіру керек тұстары бар жұмыс. Үздік жұмыс иегерлерін тақтада ілулі тұрған жұлдызға жазады.

Оқушылар үйден орындап келген бастың негізгі мүшелерінің суреттеріне үздік жұмыстарын галереяга орналастырады. Және қолдарына берілген стикер түстерімен өз сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

ІІ. Мағынаны тану

Оқушылардың галереядағы жұмыстары арқылы бүгінгі күннің тақырыбын анықтау.

-Бастың негізгі мүшелері нені құрайды?

-Бүгінгі тақырып не болуы мүмкін?

-Не бейнелейміз? (түрткі сұрақтары қойылады)

Ендеше адамның бет-әлпетін, түр-тұлғасын, көңіл-күйін бейнелейтін шығарманы – ПОРТРЕТ деп атаймыз.

Оқушы білуі керек:

(Ортаға бір оқушыны шығарып, осы тәсілдерді көрсету)

-бастың алдыңғы және төменгі жағынан көбірек орын қалуы керек;

-мұрынның көлденең ені көздің ұзындығы;

- мұрынның 7 ені бастың көлденең өлшемі;

-3,5 мұрын ұзындығымен бастың биіктігін өлшейміз;

-көзді, құлақты орындағанда бірден екеуін қатар бастау керек;

-мұрынды салған кезде құлақ бірге жүреді, себебі екеуі бір деңгейде орналасқан, өлшемдері бірдей;

-жалпыдан-жалқыға, жалқыдан-жалпыға көшу тәсілдерін қолдану, жұмысты қорыту.

Тақырыптың түйінді сөздерін түсініп, өздері тәжірибе жасап көреді.


Машықтық жұмыс

Маршруттық карта ұсыну. 3 аялдамадан тұрады. Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар топтастырылған.

1-аялдама: «Шығарманы талда!»(Экранда берілген картинадан қандай көңіл-күй көріп тұрсың? Суретші не айтқысы келген. Кімді бейнелеген деп ойлайсың? Суретші 1-планға нені қойған, соңғы планға ше?)

(2 минут, 3 балл)

2-аялдама: «Портреттерден көңіл-күйді анықта!» (Үстел үстінде көп журналдардан, газеттерден алынған портрет үлгілері жатады. Енді осы портреттен біреуін таңдап алып, оны қасында қиып дайындалған сипаттамалармен байланыстыру. Бірнеше сипаттаманы қатар алуға болады.) (3 минут, 3 балл)

3-аялдама: «Портрет салу кезеңін жалғастыр» (Үстел үстінде жартылай салынған портрет үлгісі жатады. Соны оқушы таңдап, ары қарай жұмысты қорытындылайды.) (10 минут, 5 балл)

Бағаға сай берілетін атақтар жасырулы тұрады. Сабақ соңында бағасына сай атақтар алады.

11-10 балл – «5» «Шебер-суретші»

9-5 балл – «4» «Иллюстратор»

4-1 балл – «3» «Қызығушылық танытушы»

Мартшруттық картаның аялдамаларына қарай тапсырмаларды қорытындылайды, өздерін бағалайды. Бағалау шкаласындағыдай атақтар алады.

ІІІ. Ой толғаныс


«Автопортрет» жаттығуы

(Оқушылардың барлығына стикер беттері үйлестіріліп, сол стикерге өз есімдерімен қоса, өз ерекшеліктерін, өз сипаттамаларын, бет-әлпеттерін, бастарының құрылысының сипаттамаларын жазу тапсырылады. Кейін мұғалім барлығын жинап алып, аудиторияға есімін айтпай сипаттамаларын жасырады. Қалған оқушылар табу керек.)

Үйге тапсырма: Автопортреттерін салып келу

Өз сипаттамаларын жазып береді, келесі оқушының кім екенін анықтауға қатысады.

Бағалау


Мұғалім тақтаға ілінген жұлдыздарға есімі көп аталған оқушыны мадақтап, маршруттық картаға қойылған критерий бойынша қорытынды бағаларын хабарлайды.






Үйге тапсырма:

Фотосуреттеріне қарай отырып, өзінің түрлі кейіптегі портретін салып келу.

Үйге тапсырма беріледі. Күнделіктеріне жазып алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.11.2024
223
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі