Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Программалық қамтамасыз ету" 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы
Информатика пәнінің мұғалімі: Батырханов А.Қ
Сабақ: №13-14 |
Мектеп: |
||||||||||
Пәні: информатика |
|||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||
Сынып: 5 сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||
Сабақ тақырыбы: |
Программалық қамтамасыз ету |
||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
5.1.2.1 «Программалық қамтамасыз ету» ұғымның түсіндіру |
||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Программалық жабдықтамасы туралы біледі. Программалық жабдықтаманың қызметімен танысады. Оқушылардың басым бөлігі: Программалық жабдықтаманың түрлерге бөлінетінін құрылымын, қызметін ажырата алады. Кейбір оқушылар: ОЖ-ні іске қосуды, тапсырмалар тақтасының таңбаларын пайдалануды, қосымшаларға мысал келтіре алады. |
||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Программалық жабдықтаманың түрлерін атау. Негізгі сөздер мен тіркестер: ОЖ, ЖПЖ,ҚПЖ,ПЖ, қосымшалар Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: Қалай ойлайсыңдар, неге ОЖ-нің біреуі кең тараған? Компьютерден басқа қандай құрылғыларда ОЖ бар? Талқылауға арналған тармақтар: 1.Компьютердің программалық жабдықтамасы деген не? 2.ОЖ қашан жүктеледі? 3.Компьютерлеріңде қандай ОЖ орнатылған? 4.Қосымшаларға қандай программа жатады? 5.Программалық жабдықтаманың қандай түрін өздеріңе құруға болады? |
||||||||||
Бағалау критерийлері |
Программалар қалай сақталатынын анықтайды. Операциялық жүйенің басты қызметін сипаттайды. Программалық қамтамасыз ету қалай жіктелетінін түсінеді. Программаның жұмыс істеу схемасын құрастырады. Арнай мақсаттағы программаларға мысал келтіреді. Жалпы мақсаттағы программалар мен арнайы мақсаттағы программаларды бір - бірімен салыстырады. Сабақ барысында алынған мәліметтерді қайта қарайды. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен жіктелуін түйіндейді.. |
||||||||||
Құндылықтарды анықтау |
Программалық қамсыздандыру тақырыбын түсіндіре отырып оқушыларды ойлау ,есте сақтау ,және алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету . Мәңгілік ел идеясын дамытуға тәрбиелеу. |
||||||||||
Пәнаралық байланыс |
|
||||||||||
Алдыңғы тақырып |
Ақпараттың өлшем бірліктері. |
||||||||||
Жоспар |
|||||||||||
Жоспарлаған уақыт |
Жоспарлаған жаттығулар (төмендегі жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
|||||||||
5 мин Басталуы 5 минут «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткенді қайталау |
Шаттық шеңберін құру
«Ой қозғау» әдісі АКТ-да деңгейлік тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындау. Жаңа тақырыпты қорытындылау. Ұйымдастыру. Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бірігу. Оқушылардың өткен тақырыпты «өрмекші торы » әдісі арқылы пысықтаймын. -Ақпарттың қандай өлшем бірліктері бар? -Хабарламаның ақпартың көлемі деген не? -Бит дегеніміз не? -Ақпартты жеткізу жылдамдығы дегеніміз не? -Не үшін компьютерде ақпараттар 0 мен 1 сандары арқылы беріледі? -Неліктен жыл өткен сайын әлемдегі ақпарттар саны жылдам көбейуде? |
Үлестірмелер, оқулық, жұмыс дәптері |
|||||||||
Ортасы 15 минут |
Мұғалім әрекеті Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. 1-топ:жүйелік программалық жабдықтама және қолданбалы программалық жабдықтама 2-топ: программалау жүйелері және операциялық жүйе 2 топқа берілген тақырыпты постер қорғауды ұсы намын. |
Оқушы әрекеті ұғымын түсініп алады. Керекті мағлұматтарды дәптерлеріне жазады. Оқушылар берілген тақырыпты оқиды.Постер қорғайды Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. |
Оқулық, маркерлер, плакаттар, стикерлер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта |
||||||||
Деңгейлік практикалық тапсырмалар 10 минут |
Оқушыларға деңгейлік практикалық тапсырманы орындауға беремін. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс Оқулықтағы 63,64,65 бет |
Оқушылар дәптерге және компьютерге практикалық тапсырманы орындайды. |
Оқулық, дәптер, компьютер |
||||||||
Тест тапсырмасы 5 мин |
Тест тапсырмасын дәптерлеріне орындауға беремін Оқулықтағы 66-67 бет Жауабы: 1-в 2-с 3-д 4-в 5-а 6-с 7-А
|
Оқушылар тест тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Жауабын тексертеді |
оқулық, дәптер |
||||||||
Аяқталуы 5 мин Кері байланыс |
Табыс сатысы әдісі |
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі
сатының суреті, сатының |
Оқулық, Үлестірме қағаздар |
||||||||
Бағалау критерийлары |
1.Қолданбалы және жүйелік программа ұғымын түсінеді. 2. Программалық жабдықтаманың түрлерге бөлінетінін құрылымын, қызметін ажырата алады. |
Дискрипторлар 1..Қолданбалы және жүйелік программа ұғымын түсінді. 2. Программалық жабдықтаманың түрлерге бөлінетінін құрылымын, қызметін ажыратады. 3.Алғашқы шыққан операциялық жүйе мен қазіргі операциялардың айырмашылықтарын біледі. |
|||||||||
Қосымша ақпарат: Информатика 5-сынып Арман-пв баспасы, авторы Е.А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов 2013 жыл |
|||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы |
|
Сабақта таныстырылымдар пайдалану, интернеттен алынған мәліметтер. |
|||||||||
Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||
Бұл сабақ бойынша мен берілген мақсатқа жеттім.Бұл сабақта оқушылар программалық қамтамасыз ету ұғымын түсінді және алғашқы шыққан операциялық жүйе мен қазіргі операциялардың айырмашылықтарын біледі. |
|||||||||||
Қорытынды бағамдау. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: топтық жұмыс 2: постер қорғау. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?) 1: бағалау 2: деңгейлік тапсырмалар Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін. |
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
-
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
-
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
-
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
-
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
-
Аппараттық қамтамасыз ету, программалық қамтамасыз ету, магниттік мәлімет сақтаушы, жүйелік программалық жабдықтау, қолданбалы жүйелік программалар, программалық жабдықтау системасы, файлдық менеджер, архивтаушылар, антивирустер, операциялық жүйе.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
-
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
-
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
-
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Программа - магниттік тасымалдаушыда
(дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша
компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі
нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен
бірігіп отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен
шешіледі.
Алдын ала келісім (соглашение) нақты
программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және
әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім (по
умолчанию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса,
көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу
параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала
тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс
істейтін адам арасындағы сүқбат жүргізу шарттары мен келісімдер
жиыны.
Программалық жабдықтама – информациялық
технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген
аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей
алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді,
олар:
1) жүйелі программалық
жабдықтама;
2) колданбалы (кәделі) программалық
жабдықтама.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық
жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы
программалармен
байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа
жіктеуге
болады:
1)операциялық
жүйелер;
2)утилиттер;
3)сервистік
программалар.
Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға
арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты
программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык
жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT,
OS/2, UNIX, MacOS
жатады.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті
программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде
антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді
архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жүмыс істеу қабілетін
(диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға
болады.
Сервистік программалар - әрбір адамның
операциялық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерімізді шығарамыз.
Мұндай программалар "қолданбалы" (приложение) деп те аталады.
Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан
бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған
жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық
жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке
қызмет ету кешендерін де жатқызуға
болады.
Қолданбалы (кәделі) программалық жабдықтама -
белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын
программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және
әмбебап болып екіге
бөлінеді.