Материалдар / Ашық сабақ "Қ дыбысын машықтандыру" Жеке сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қ дыбысын машықтандыру" Жеке сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед-дефектолог
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
705
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнаулы мектеп-интернаты,

Атырау қаласы

Логопед Лукпанова Аягоз Бактыгалиқызы


Логопедия Жеке сабақ


Тақырыбы: Қ дыбысын машықтандыру

Мақсаты: Қ дыбысының артикуляциясын, дұрыс айтылуын үйрету;Дыбысты буында, сөзде,

сөйлемде дұрыс анық айтуға, ажыратуға дағдыландыру.

Түзете дамыту мақсаты: Танымдық белсенділігін арттыру, тыныс алу, артикуляциялық

аппаратын саусақ бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру; Ойлау, есте сақтау

қабілетін дамыту;

Көрнекілігі: айна, жаттығуға арналған тапсырмалар, қ дыбысының кескіні, слайд.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар, тапсырмалар.

Жүру барысы:

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық қозғау

Шаттық шеңбері


Алақанды ашайық.

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық.


Жұмбақ

Қалқиған екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)

Амандасады







Жұмбақ шешеді

Ұйымдастырушылық ізденушілік










































































Рефлексивті түзетушілік

Қ дыбысының артикуляциясымен таныстыру.

Қ дыбысын айтқанда ерніміз ашық, тісіміз алшақ болады. Тіл ұшы төменгі тістің жанында, бірақ тіске тірелмейді. Ортаңғы тілдің арқасы төмен, артқы жағы сәл жоғары көтеріліп, жұмсақ таңдайға тіреледі.

Артикуляциялық жаттығу

«Тәтті тосап» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: жымиып, ерінді айналдырып жалау. 10-15 секунд орындау.

«Сағат» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: тілді жіңішкертіп ұстап, оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып, 15-20 рет рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі: ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып, төменгі жақты басып, ауызды кең ашып ұстау.

«Алтыбақан» Жаттығудың дұрыс орындалу тәсілі:ауызымыз ашық, тілді жоғары неменсе төменгі тіске созу.

Деммен жұмыс жүргізу.

Алдымен мұрнымызбен дем алып, аузымыздан шығарамыз. Аузымызбен дем алып, мұрнымызбен шығарайық. Мұрнымыздың бір үрпісін жауып тұрып, екінші үрпісімен дем аламыз. Енді қолымызды ауыстырамыз.

Арома терапиясын жүргізу. Мандарин, лимон, алманы иіскеу арқылы иіс сезу мүшелерінің жұмысын ретке келтіреміз.

Буында машықтандыру

Қа-қа-қа Қо-қо-қо қу-қу-қу

Ақ-ақ-ақ оқ-оқ-оқ ық-ық-ық

Буын арқылы сөздерде машықтандыру

Қа-қа-қа қала Қа-қа-қа қара қо-қо-қо қонақ Қо-қо-қо қозы қу-қу-қу қурай қу-қу-қу қуыршақ

Тіл ұстарту

Қа-қа-қа бақылдайды бақа,

Қа-қа-қа атам берді сақа.

Қы-қы-қы бәйгеден озды жылқы.

Ық-ық-ық жұмсақ екен жастық.

Ақ-ақ-ақ басыңа қонсын бақ!

Фонематикалық естуін дамыту

«Дыбыс қайда тығылды?»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілеттерін дамыту, сөздегі дыбыстың орнын анықтау.

«Сөзді аяқтап, көмектес!»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.

Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығу.

«Жұдырық, тақтай, алақан». Ұсақ моторикаға арналған жаттығу орындау.

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап,сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

«Саусақтарды түйістіру»

Барлық саусақтың бастарын бас бармаққа қосу керек. Оң қолда сұқ саусақпен бас бармақты қосудан бастаса, сол қолда бас бармақ пен шынашақты қосудан бастайды. Жаттығуды екі қолмен қатар істейді.

Суретпен жұмыс.

Суреттегі сөздерді атау. Сөздерді буынға бөлу. Бір сөзбен қалай атауға болатынын айту.

Жаңылтпаш айту.

Қаңбақ – тоңғақ,

Тоңғақ-қаңбақ,

Ұшты иық қомдап!

Бүгін қандай дыбыс өттік?

Қ дыбысы қандай дыбыс?

Қ дыбысын айтшы?

Қ дыбысына сөздер ойла.

Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап, орындайды




















Тыныс алу жаттығуларын орындайды.




Жемістерді оқушы иіскейді.


Буындарды айтады.



Сөздерді айтады.




Тіл ұстартуды мұғаліммен бірге қайталап, айтады.






Дыбыстың орнын анықтайды.



Сөзді оқушы аяқтайды.



Ұсақ моторикаға арналған жаттығуды орындайды.










Суреттегі сөздерді атайды, буынға бөледі, қ дыбысының сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айтады.

Жаңылтпашты жаңылмай айтады.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қ дыбысымен танысып, дұрыс айтуды

Нені игереді: Қ дыбысының сөзден орынын табуды, сөздерді буынға бөлуді.

Нені қолдана алады: Суреттерді атауды, жаңылтпаштар айтуды, артикуляциялық және тыныс

алу жаттығуларын жасауды.











































Облыстық арнайы тіл мүкістігі бар балаларға арналған

3 мектеп-интернаты







Ашық сабақ



Қ дыбысымен жұмыс


Логопедия


1«в» сынып







Логопед Лукпанова А.Б.













Атырау қаласы


2021 жыл



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!