Материалдар / Ашық сабақ "Қалай дұрыс тамақтану керек?" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қалай дұрыс тамақтану керек?" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне өз көмегін тигізе алады. Жаратылыстану пәні бойынша өткізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2018
1135
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 27.11.17

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар саны:16

Қатыспағандар саны:16

Мұғалім: Бегалиева Асель Жанарбекқызы

Сабақтың тақырыбы

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Сабақтың мақсаты

1.2.3.3. адамның өсуі мен дамуы үшін тамақтанудың маңызын анықтайды.

1.2.3.4адамның өсуі мен дамуына керек өажеттіліктерді анықтау

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

қандай азық-түліктің денсаулыққа пайдалы екенін және олардан қандай тамақ әзірлеуге болатынын түсінеді;

дұрыс тамақтану ережесімен танысады;

қазақтың ұлттық тағамдарының атауларын біледі.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, дүниетану, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта ,мультфильм, деректі фильм

Ресурстар:

тамақтану пирамидасы салынған плакат;

бос” тамақтану пирамидасы бар парақтар;

Топпен жұмысқа арналған тапсырмалар жинағы, маркерлер, түсті дөңгелектер, жеке үлестірме-карточкалар.

Интернет-ресурстар:

Қазақтың ұлттық тағамы туралы бейнефильм: http://www.youtube.com/ watch?v=nZH30H-gq-I.

Алдыңғы білім

Адамның күнделікті тіршілігіне қажетті факторларды біледі. Адамның есею кезеңдерін біледі.





Сабақ барысы

Бөлінген уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

ресурстар


Сабақтың басы

2 минут








Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Берілген өлеңді түрлі эмоциямен айту. (көңілді, көңілсіз, ашулы)

Бірінші күн- дүйсенбі

Екінші күн – сейсенбі

Үшінші күн – сәрсенбі

Төртінші күн — бейсенбі

Бесінші күн — жұма

Алтыншы күн- сенбі

Жетінші күн- жексенбі.


  • Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту..



Шаттық шеңбері



Ортасы


7 мин


















5 мин











































5 минут




























Сергіту сәті

2 минут





3 минут








3минут











5 минут



















3 минут



















3 минут

Кіріспе тапсырма:

Адамның өмірге келген сәттен бастап оның өсу кезеңдерін есімізге түсірейік, ол үшін топпен ақылдасып, мына суреттерге ретін дұрыстап қойып шығыңдар.

Дескриптор: Оқушылар адамның өсу кезеңдерін ретімен кояды.

  1. Сәбилік кезең

  2. Балалық шақ

  3. Жасөспірімдік шақ

  4. Кемелденген шақ

  5. Қарттық шақ

-Адам дүниеге келген сәттен бастап оның өсуі үшін не қажет деп ойлайсыңдар, балалар?

- Әрине су, жылу, баспана, таза ауа, киім, тамақ.

Ал оқушылар тамақ не үшін, яғни адамдар не үшін тамақтанады деп ойлайсыңдар?



Дастарқан.

 Оқушылардың назарын суретке аударып, “Тағамдарға назар аудар. Олардың ішінде қайсысы саған таныс? Қандай азық-түліктерден дайындалған? Тағы қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білесің?” — деген сұрақтар қойылады.

Дастарқанда шұжық, қазы, бауырсақтар, шелпектер, жаңғақтар, жеміс-жидектер.





Қазақтың ұлттық тағамдары туралы бейнефильм көрсету..

Олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өту. Оқушылардың негізгі тағамдардың атауларын білуі маңызды: ет асу, бауырсақ, қазы, шұжық, қымыз.

Қалай дұрыс тамақтану қажет? 

Күніне неше рет тамақтану керек?

Мөлшері қандай болу керек?

Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

Қай тағамды таңертең, ал қайсысын кешке жеген дұрыс?

Топпен талдап, ой-пікірлерін білдірулерін ұсынылады.

Дескриптор: Оқушылар топпен берілген сұрақтарға жауап береді.

Жауабы:

Күніне төрт рет (немесе бес рет) тамақтану қажет. Мөлшері көп болмауы керек. Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы:

7.00 — таңғы ас, (11.00 — жеміс-жидек немесе шырын), 13.00 — түскі ас, 16.00 — бесіндік, 19.00 — кешкі ас. Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа және жеміс-жидек жеген дұрыс. Ал кешке жұмыртқа, көгөніс, балықтан жасалған тағамдарды жеген пайдалы.



Пайдалы тағам.

Тамақтану пирамидасын көрсету.

Суретте көрсетілген барлық топтарды және жеке азық-түліктерді атап шығуларын сұрау

Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керектігін ой­ лануларын ұсыну. (Дәнді дақылдар, макарон өнімдері, ботқалар.)

Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? Жоғарыда не орналасқан? (Май.)

Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес.) Оқушылар пирамидада “күнделікті тағамға пайдалануға қажет азық-түлік топтары көрсетілген” деген қорытындыға келулері тиіс. Пирамиданың төбесіне жақын орналасқан азық-түліктерді аз мөл­ шерде пайдалану керек.

Дескриптор: Денсаулыққа пайдалы тағамдарды ажыратады.

Пирамида бойынша тағамдардың орналасу ретін біледі

Шеңбердегі азық-түлік.

 Оқушылар мына тамақтар неге шеңбердің ішінде тұр деп ойлайсыңдар? Ойланыңдаршы!

Олар туралы сабаққа арналған арнайы материалдарды видео арқылы айтып беру.

Дескриптор: Оқушылар ағзаға зиянды тағамдарды тани біледі

Сергіту сәті «көңілді күн»



Жұппен жұмыс.

«Әжеңе көмектес» Оқушылар тек пайдалы азық-түліктерден дайындалған тағамдарды бояйды. Тағамдарды дұрыс бояған оқушыларды анықтау. Егер оқушылар неліктен дәл осы тағамды таңдағанын түсіндірсе, жақсы болады. Осы тапсырманы орындай алмаған оқушыларға көмектесу.

Дескриптор:

Жеміс, көгөніс, піскен ет, қымыз, шырынды бояу керек.

Аспаз болып көр.

Оқушылар үш күнге арналған таңғы ас мәзірін құрастырады. Олар таңғы астың бірінші күніне қажет азық-түліктерді — көк түспен, екінші күндікін — жасыл түспен, ал үшінші күндікін — қызыл түспен қоршап сызады.

Бұл тапсырма шығармашылықпен орындалады және оның әр түрлі жауаптары болуы мүмкін. Тағам дайындау үшін оқушының қандай азық-түлік түрлерін таңдағанын бақылау.





Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

Үлестірме әрқайсысына таратылады. Тапсырма:

-Адамға пайдалы тағамдардың тұсына «+»белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына«-» белгісін қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы - адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді; - адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды; - адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.

Топпен жұмыс «Пирамида»

Берілген тағамдарды пирамидаға орналастырады.

Дескриптор: Оқушылар күнделікті тағамдарды топпен пирамидаға орналастырады.






Адамның өсу кезеңдерінің суреттері, ақ парақшалар


















Мультимедиялық тақта

Суреттер

Видеоролик















Слайд

























Тамақтану пирамидасының сурет

















Видеоролик









Видео





Слайд

Жұмыс дәптерлері










Тапсырма жазылған үлестірме парақшалар








Жұмыс дәптерлері

















Суретті үлестірмелер















Әр топқа пирамида

Тамақтардың суреттері

2 минут

Рефлексия

«Баңдаршам» әдісімен

Бағдаршам суреті

стикерлер


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2.Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2. Рефлексия. Бұл кезеңде бағдаршам әдісі қолданылды: жасыл түс - түсіндім, сары - сұрақтарым бар, қызыл –түсінбедім.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?




















































Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі









Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қалай дұрыс тамақтану керек?»

Пәні: Жаратылыстану













Өткізген: Бегалиева А.Ж





















2017 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!