Материалдар / Ашық сабақ "Қаланың үстінен қараған көрінісі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қаланың үстінен қараған көрінісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің күрделі саласының бірі - Сәулет өнері. Осы өнер бағытын тануда оқушыны дәстүрлі өнерге айналған жанрды танып білуге үйрету. Сәулет өнерін танып білуде оқушы білімін жан - жақты арттыру. Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту. Елімізге еңбектері сіңген, Ел ордамыздың әсем ғимараттарың тұрғызған саулетшілермен таныс болу, оқушылардың салған суреттерімен таныс болу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2022
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі

« Дизайн және технология » бөлімі




«Келісемін» «Бекітемін»

Колледж әдіскері Директордың орынбасары

____________Байкенова Г.К. _________Сураганов Қ.Қ. «___»________________2022ж «___»______________2022ж












Ашық сабақ


Тақырыбы: «Қаланың үстінен қараған көрінісі»

Топ: Архитектура -2001

Оқытушы: Тулеубаева Макпал Алдабергеновна


















Нұр-сұлтан 2022 ж

Сабақтың жоспары


Сабақтың тақырыбы: «Қаланың үстінен қараған көрінісі»


Сабақтың өтілу мерзімі: 27.04.2022 ж.


Сабақтың мақсаты: Бейнелеу өнерінің күрделі саласының бірі - Сәулет өнері. Осы өнер бағытын тануда оқушыны дәстүрлі өнерге айналған жанрды танып білуге үйрету. Сәулет өнерін танып білуде оқушы білімін жан - жақты арттыру. Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту.

Елімізге еңбектері сіңген, Ел ордамыздың әсем ғимараттарың тұрғызған саулетшілермен таныс болу, оқушылардың салған суреттерімен таныс болу.


Білімділік: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.


Дамытушылық: Студенттеріміздің пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.


Сабақтың тәрбиелік мәні: Ұлан санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.


Сабақтың әдісі: Ауызша, сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру.


Сабақтың көрнекілігі: Мольберт, көрме жұмыстары, кеспе қағаздар, суреттер, қосымша тарихи әдебиееттер, оқушылардың туындылары.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру бөлімі.


Жана сабақты түсіндіру:

Сәулет өнері ягни «архитектура» латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар. мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер. Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді.

Тұрмыстық - қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар;

Кәсіби - фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары, гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.

Шаруашылық - қоймалар, гораж, автотұрақтар. Қоғамдық - оқу - ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері, мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т. б.

Сәулет өнері кеңістік мәселесін шеше отырып қоршаған ортаны эстетикалық жағынан да меңгертеді. Сәулеттік бейнедегі көркемдік ғимараттар өз функциясынан алыстамайды, ол ғимараттың кімге арналып салынғанын көрсетеді. Мысал ретінде «Әлемнің жеті кереметін» алатын болсақ сәулет өнерінің ғажаптығын көрсетеді. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап

құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді.

Қолданбалы өнер- өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі,үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді.сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолдынбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі- түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.

Бүгінгі тақырыбызға оралатын болсақ «Қаланың үстінен қараған көрінісі» яғни қалалық пейзажды бейнелеу. Осы күнге дейін біз қаланың ішкі және сыртқы көрінісін салдық.

Сәулет өнері – Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.

XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері- Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түкістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адламдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.


Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға.Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшклігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.

Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.





Өткен сабақты пысықтау.


Өткен сабақта «Қаланың сыртқы көрінісін көрсету» және «Қалалық пейзаж» тақырыбын өткен болатынбыз. Бірнеше нобайлар, эскиздер салу берілген болатын. Нақты 4-5 нобай эскиз салынып, ішінен бір қаланы таңдап А3 форматтағы қағазға түсіру. Түрлі түсті қарандашпен бояу, салу, бейнелеу.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!