400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қанаттылар тіршілігі" Мектепалды даярлық сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарлама бойынша құрылған, жас мамандарға арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

13


ТАҚЫРЫБЫ: Қанаттылар тіршілігі

Мектеп/МДҰ:21 орта мектеп

Күні:05.12.17.

Педагогтің аты-жөні:АбуеваФ.Қ.

Сынып/топ:мектепалды даярлық

Қатыссқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0

ҰОҚ оқытылу

мақсаты


0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.1.3.1 Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау

0.2.1.1 Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды ажырата біледі, дұрыс дыбыстайды. Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді

Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогқа қатысады

Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжайды.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын

Көптілділік: құс - птица – bird

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Шыбын-шіркей, инелік

Пікір алмасу сұрақтары:

Біздің айналамызды нелер қоршап тұр?

Құстардың дене бөліктерін ата.

Ұшатын жәндіктердің дене бөліктерін ата

Олардың ортақ белгілері қандай?

Өткен ҰОҚ алған білім

Мектепке не үшін барады, онда не істейтінін біледі?







Жоспар Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі

Көңіл күй орнату

0-2 минут

(Ұ) Балаларға өлең оқып беремін.

Күлімде, күн, күлімде,

Жер жасарып, көгерсін

Жер жасарып, көгерсін.

Бұрынғыдай бүгін де

Қанат қақсын көгершін

Сұрақ қоямын.

- Өлең не туралы?

- Құстар туралы не білеміз?

- Құстардың табиғатқа, адамға тигізетін қандай пайдасы бар?

- Қандай құстардың түрлерін білесіңдер?

- Сендер құстарға қандай қамқорлық көрсете

аласыңдар?









Құстардың суреттері

ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут










ІІІ. Тақырып бойынша

жұмыс. 6-27 мин.



Балалар мына суретте қандай ертегіні көріп тұрмыз?

Қазір ендеше «Мақтақыз бен мысық» әңгімесін тыңдайық.

«Мақтақыз бен мысық бақта қыдырып жүреді. Бақ ішінен құстардың әсем дауыстары естіліп жатады. Кенет мысық торғайдың баласын бас салып, ұстап алады. Дереу Мақтақыз көмекке келіп, торғайдың балапанын құтұарып қалады.Үйіне әкеліп, торға қойып, жем-суын беріп күтеді. Ал мысықты қуып жібереді.

- Балалар, әңгімені әрі қарай өздерің жалғастырыңдар.

-Үзілген достықты жалғау үшін мысық не істейді?

- Мақтақыз мысықты неге қуып жіберді?

- Дәрігер құстың аты қандай?

- Ол терекке қалай көмектесті?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Мына құстар қандай қазақ ертегісінде кездеседі? Қай ертегіден екенін айтып бер.

Жұмбақ шешейік.

Тұмсығымен ояды,

Ұя салып қояды.

Табыңдаршы, балалар,

Ол қандай құс болады? (Тоқылдақ)

Тіл ұстарту:

Ма-ма-ма – құс шоқиды алма

Ме-ме-ме – балам, оған тиме,

Ма-ма-ма – қасына да барма,

Дай-дай-дай – құстарға сеп бидай.

Сергіту сәті:

Қазым, қазым, қаңқылда

Көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын, жейсің бе,

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ, жоқ, кәмпит тәтті, болмайды ас.

Арпа менен бидай шаш.

Балаларға сұрақ қоямын:

- Балалар, қанаты бар тағы қандай тіршілік иелерін білесіңдер?

- Құстар немен қоректенеді?

- Құстар немен қоректенеді?

- Қанаты бар масалар, көбелектер, шыбын-шіркейлер, инеліктер жылдың қай мезгілінде өмір сүреді?

- Құстар мен жәндіктердің арасында қандай ортақ белгілер бар?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Көбелек, маса, инелік суреттерін аяқтап сал

(Балалар кітапта жәндіктердің суреттерін қаламмен бастырып, суреттерді бояйды.)

3-тапсырма. Өлеңді жаттап ал(Тақтада өлеңге сәйкес суреттер ілініп тұрады, балалар суреттер бойынша өлеңді жаттайды)

Көк көбелек, көк көбелек

Көздері дөп-дөңгелек

Гүл көрсе, күлімдейді,

Қолыма ілінбейді

Көк шөптің арасынан

Түр-түсі білінбейді. (Б. Қожабекұлы)

«Мақтақыз бен мысық» ертегісінің суреті










Әліппе-дәптер



























Әліппе-дәптер



. IV. ҰОҚ

Қорытындысы

Рефлексия.

28-30 минут

Сабақты қорытындылау.Сабаққа қатысқан балаларды мараппатау ретінде смайликтер таратып беру.

Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан көбелекті түсті қарындашпен бояуын сұраймын.

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1973
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі