Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қандай табиғат құбылыстары бар. Физикалық және химиялық құбылыстар."

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру. Зерттеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ

Пәні: жаратылыстану

Мектеп: «Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты» КММ

Күні:30.11.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Заитова Ұ

Сынып: 5а

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы:



Қандай табиғат құбылыстары бар. Физикалық және химиялық құбылыстар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


5.3.1.4 – физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру.

Зерттеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Коррекциялық мақсаты:

Сөздік қорын молайту, дыбыстарын қадағалау, түзету. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Құндылықтарды дамыту:

Білімді, сауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Жетістік критерийлері

оқулықты көшіре алады,

жазбаша жұмысты орындайды

берілген тапсырманы орындайды

Пәнаралық байланысы:

Физика , география

Көрнекіліктер:

Суреттер, АКТ, кеспелер.

Сабақ барысы

Сабақтың кезендері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Басы

2 минут






Ұйымдастыру сәті

Сәлемдесу

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық

Жақсы көңіл-күй қалыптастыру

3 минут

Тіл бұрышымен жұмыс

[П] дыбысын буындарда, сөздерде, сөйлемдерде оқыту.

5 минут





Күнделікті сөздер

1.Бүгін айдың нешесі?

-Бүгін отызыншы қараша.

2.Қазір қандай сабақ?

-Қазір жаратылыстану сабағы.

3.Жаратылыстану пәні нені зерттейді?

-Жаратылыстану пәні табиғатты, табиғатта болып жатқан құбылыстарды зерттейді.

4.Табиғат нешеге бөлінеді?

-Табиғат екіге бөлінеді. Жанды табиғат және жансыз табиғат.

5.Жанды табиғатты атаңдар?

- Жанды табиғатқа адамдар, жануарлар, өсімдіктер жатады.

6.Жансыз табиғатты атаңдар?

- Жансыз табиғатқа тау-тас, күн, аспан, ауа, су жатады.

5 минут





Үй тапсырмасын тексеру

Үйге не берілді?

Тапсырмаларды тексеру.

115беттегі, 1 тапсырма. (оқыту) сәйкестендіру.

«AutoShape 13 Кластер» әдісі бойынша үй тапсырмасын бекіту.

AutoShape 1

AutoShape 14 AutoShape 15 Су

AutoShape 16

AutoShape 10 AutoShape 12 Тұз

AutoShape 11


Тұздың түсі, судың түсі,

Дәмі, дәмі,

Сұйық па, қатты ма, сұйық па, қатты ма,

Суда ерігіштігі, судың агрегаттық күйі (қатты- мұз,

Қолданылуы: тамаққа сұйық – су, қайнағанда – буға айналады)


Ортасы

Жаңа сабақ

20 минут


Рисунок 2


























Бізді қоршаған ортада табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады: су буланады, қар ериді, күн шуағын шашады, таулар шөгеді, найзағай жарқылдайды, жаңбыр жауады. Табиғатта болатын барлық үдерістер құбылыс деп аталады.

Табиғат құбылыстары


биологиялық физикалық химиялық

болып бөлінеді.

Адамдардың күнделікті өмірі де құбылыстарға толы. Мысалы; автокөліктің жүруі, музыканың естілуі, үтіктің қызуы.

Барлық тірі табиғи денелерде, яғни тірі ағзаларда болатын құбылысты биологиялық құбылыс деп атайды.

Биологиялық құбылысқа тұқымның өсуі, гүлденуі, жемістің түйін салуы, жапырақтардың түсуі, құстардың ұшуы т.б құбылыстар жатады.

Видео: «Дәннің өсуі»

Бір заттан екінші заттың пайда болуын, яғни заттардың құрамының өзгеруін химиялық құбылыс деп атаймыз немесе химиялық реакциялар деп аталады.

Химиялық құбылыстың белгісі:

  • Жылудың бөлінуі

  • Дәмнің өзгеруі

  • Иістің өзгеруі

  • Жану және жарылыстар

Мысалы; айранның ұюы, автокөлік қозғалтқышындағы жанармайдың тез жанып кетуі. Химиялық құбылыстардың қолдану ауқымы өте кең. Олардың көмегімен дәрі – дәрмектер, тазалық заттары, түрлі тағамдар дайындайды.

Физикалық құбылыстарда – заттың құрамы өзгермейді, жаңа заттар пайда болмайды, бірақ зат пен дененің көлемі, пішіні, орналасуы, агрегаттық күйі өзгереді. Мысалы; темірдің тот басуы, қардың еруі, аязды күні терезеге қыраудың тұруы т.б құбылыстар жатады.




ТРисунок 3 әжірибе жасау.

1.Мұздың күйлерін – бастапқы түрі, жылудың әсерінен, қатты жылудың әсерінен өзгергенін анықтау. Физикалық құбылыс. Қандай заттардан жасалған? Температура өзгергеннен соң қалай өзгергенін бақылау. Заттың қасиеті өзгерді ме?






Рисунок 5

2-тәжірибе. Химиялық құбылыс. Қағаз жанып күлге айналуы.




Семантикалық карта.

Жасаған тәжірибе арқылы семантикалық картаға дұрыс жауабын белгіле.


СРисунок 4 ергіту сәті. Дауысты естіп ажырат. Есту арқылы қабылдап, ажырату.

Құстың сайрауы (ұшу)

Жаңбыр жауып тұр (тырс-тырс)

Жел, боран, найзағай (теңселу)

Қасқырдың даусы (уууу)

Соңы

5 минут



РЕФЛЕКСИЯ

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттерін орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай кедергілер болды? Не сәтті өтті? Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге...?



Сабақты бекіту:

«
Банкомат ойыны»
арқылы сұрақ-жауап жүргізу.

1.Қандай табиғат құбылыстары бар?

- Биологиялық, физикалық, химиялық табиғат құбылыстары бар.

2. Биологиялық құбылыс дегеніміз не?

- Тірі табиғи денелерде болатын құбылыстарды биологиялық құбылыстар дейміз.

3. Табиғаттағы өзгерістерді не деп атайды?

- Табиғаттағы өзгерістерді құбылыс деп атайды.

4.Физикалық құбылыстарды ата?

- Физикалық құбылыстарға қардың еруі, темірдің тот басуы жатады.

5.Химиялық құбылыстарды ата?

- химиялық құбылыстарға айранның ұюы, қағаздың жануы жатады.

Кері байланыс:

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Үйге тапсырма: §21 тақырыпты оқу, 120бет кестені толтыру.


Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету.




ДОІЖО: Қ.С.Есмурзаева



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2023
649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12