Материалдар / Ашық сабақ: Қаңқа
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Қаңқа

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Қаңқа. Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік мамандығы бойынша 3-курс білім алушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2021
297
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары


Дайындаған педагог: Тулепова Мөлдір Мақсотқызы

Модуль атауы/пән Сурет


Курс: ІІІ

Топ: бюджет

Сабақтың номері (пардың)

Екінші пар

Мамандық:

0413000 - Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік (бейін бойынша)



Біліктілік:

0413153-Шағын кескіндеу суретшісі

041316 3-Ағашты көркемдеп өңдеу суретші-шебері

Модуль атауы:

Сурет

Уақыты: 9.50-10.25

Ұзақтығы: 35 мин

2020-2021 оқу жылы

Өткізу орны:

ZOOM, Smart Nation бағдарламалары арқылы

Сабақтың тақырыбы:

Адам анатомиясымғен танысу. Қаңқа.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: адам тұлғасының конструкциялық құрылымын ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру;

2. Дамытушылық: адам тұлғасының анатомиялық құрылымын жіктеп, танысып, айыра білу, салып үйрену, дамыту;

3. Тәрбиелік: адам тұлғасын бейнелеуде әсемділікке, адамның сыртқы табиғи сымбатына көңіл аудару, сурет салу барысында эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың міндеттері:

Адам тұлғасының конструкциялық құрылымын ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерін меңгерту

Күтілетін нәтиже:

Адам тұлғасының конструкциялық құрылымын ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерін меңгереді. Адам тұлғасының анатомиялық құрылымын жіктеп, танысып, айыра біліп, салып үйреніп, дамытады.

Сабақтың түрі:

Практикалық

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Адам тұлғасының конструкциясымен танысу;

Қаңқаның салу ережелерімен танысу;

Адам тұлғасының анатомиялық құрылымын жіктеу.

Оқу әдістері, оқу тәсілдері, педагогикалық технологиялар:

Түсіндіру, көрсету. On-Line арқылы көрсету.

Техникалық құралдар, материалдар

Компьютер

https://youtu.be/B3aALkiFvT4

https://youtu.be/ac0OoV5MjB4

https://vk.com/video-56222211_456239046

Оқытушының байланыс ақпараты:

Smart Nation бағдарламасы арқылы

Аты-жөні:

Тулепова Мөлдір Мақсотқызы

Тел: 8777 183 43 13

E-mail: moldir_tulepova@mail.ru



Уақыты (минуттар)

Оқытушының іс-әрекеті

Тыңдаушылардың іс-әрекеті

І. Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең

5 мин

Барлық оқушының бағдарламаларға қосылуын, дайындығын қадағалау, жоқ оқушыларды тексеру

Уақытында сабаққа қосылып, белгілену, дайын отыру.

ІІ.Іс-әрекет кезеңі

20 мин

Адам тұлғасы өзінің ерекше жаратылуымен, құрылысымен өте күрделілігімен көзге түседі.

Сол күрделі құрылысын жете білу үшін оның анатомиясының құрылымын жіктеп, айыра білгеніміз жөн. Өйткені, тұлға сүйектері мен бұлшық еттері оның сыртқы табиғи сымбатына, қимыл-қозғалысына үлкен әсер етеді.

Адам скелеті (қаңқа) негізінен үш бөлікке бөлінеді: бас сүйегі, кеуде бөлігі және қол-аяқ сүйектері болып. Әр бөліктегі сүйектердің бір-бірімен байланысы әртүрлі болады.

Суретке назар аударыңыз. Мысалы, бас сүйектері өте берік жымдасқан жіктер арқылы байланысса, кеуде бөлігі сүйектері шеміршектермен байланысқан, ал қол-аяқ сүйектері буын арқылы байланысады да өте қозғалғыш қимылды келеді.

Бас сүйектерімен сіздер екінші курста танысып суреттедіңдер, енді біз кеуде бөлігі сүйектер жиынтығымен, қол-аяқ сүйектерімен танысамыз.

Кеуде сүйектері кеуде омыртқадан, көкірек қуысынан (клеткасынан) тұрады.

Осындағы көкірек қуысы өзінің жалпы формасының ерекшелігімен көңіл аударады. Ол кеуде омыртқаларынан, он екі пар қабырғадан және төс сүйегінің байланыстарынан құралып конусқа ұқсас пішін түзеді.

Кеуде омыртқалары жеке-жеке омыртқалар тізбегінен тұрады, ол жалпы омыртқа діңгегінің кеуде тұсындағы бөлігі болып табылады.

Осы тұста адам скелетінің негізі – тірегі болып табылатын омыртқа діңгегіне тоқталып өтейік. Ол ұзына бойы тізбектеліп орналасқан 33-34 омыртқалардан құралған. Оның сыртқы пішіні ирелеңдеген жыланға ұқсас пластикалық түр береді. Адам скелетінің негізгі сүйектері осы діңгекке тікелей бекітілген немесе сабақтаса келіп байланысқан. Сондықтан оның құрылысы мен қозғалысы адамның сыртқы бейнесіне, қозғалыс қимылына үлкен әсер етеді.

Жалпы омыртқа діңгегі – мойын, кеуде, бел омыртқа болып үшке бөлінеді.

Мойын омыртқа жеті омыртқа сүйегі тізбегінен тұрады.

Кеуде омыртқа он екі омыртқаның жиынтық тізбегінен құралған және оған он екі пар қабырға бекіген.

Төмеңгі бел омыртқаның саны – бесеу. Ол төмен жағында, жанбас сүйектерімен байланысқан. Қалған омыртқалар сегіз көз және құйымшақ аталып бір-бірімен бірігіп кеткен. Олар жоғарыда аталған омыртқалардай қозғалысқа қатыспайды, омыртқа діңгегінің төменгі бөлігін құрап, жамбас сүйектерінің ортасына сыналай орналасады.

Қол-аяқ жамбас сүйектері:

Қол сүйектері бұғана мен жауырынның, тоқпан жілік, білек сүйектерінен және қол басының ұсақ сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер бір-бірімен байланыста тізбектеле келіп бұғана арқылы төс сүйегіне бекиді.

Аяқ сүйектері: жамбас, ортан жілік, асықты (сирақ) жілік және аяқ басының ұсақ сүйектерінен тұрады. Бұл сүйектер де бір-бірімен қол сүйектері сияқты байланыса келіп омыртқа діңгегіне бекиді.

Мұндағы жамбас сүйегіне көңіл аударған жөн. Оның құрылысы басқа сүйектерге қарағанда өте күрделі және пішіні де ерекшелеу – шылапшынның формасына ұқсас. Сондықтан да оны орысша «тазовая кость» деп атайды.

Ал енді осының бәрін ескере отырып адам скелетін бейнелейміз.

Адам тұлғасын салу үшін оның пропорциясын бейнелейтін өлшем бірліктерімен танысу керек. Тұлға адам басының биіктігімен өлшенеді. Мөлшермен 8 бөлікке бөлінеді. Адам басының ауытқуларына байланысты кейде 7 немесе 7,5 бөлікке бөлінуі мүмкін. Бас пен кеуде қосындысы адам бойының жартысы болып табылады. Иықтың ені 2 бастың биіктігіне тең. Адам тұлғасын бейнелеуде адам денесіне мұқият назар аударған жөн. Сурет долбарлық сызықты бейнелеуден басталады.

Суреттің қағазға орналасуын, композициялық құрылымын алғашқы долбар сызықтармен шешкеннен кейін скелеттің құрылысын тұрғызуға көшеміз.

Сурет салу кезеңінде жалпы белгілеуден жекеге көшу заңдылықтарыныңа сүйенеміз. Ең алдымен үлкен бөлшектерге пропорциялық қатынастарды анықтай отырып, адам денесінің мүшелерін түгелдей біржола анықтауға көшеміз. Жарық пен көлеңкесін айқындаймыз. Бастан табанға дейінгі аралықта жарық біртіндеп қоюланып, көлеңкеге ұласады.

Адам тұлғасын бейнелеуде оның формасы мен пропорциясына назар аударған жөн.

Жоғарыда айтылған түсініктемелерді ескере отырып, оқушылар өз бетімен практикалық жұмысқа кіріседі. Сурет 60*80 см көлеміндегі планшетке орындалады. Сурет натурадан қарап салынады. Натура – кіші көлемдегі адам скелетінің көрінісі


ІІІ. Бақылау – бағалау кезеңі

5 мин

Оқушылардың жұмыстарын салыстырмаы түрде бағалау.

Бағалау.

Сабақты қорытындылау мен рефлексия

5 мин

Өз ойларын білдіреді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!