Материалдар / АШЫҚ САБАҚ "ҚАРАҢҒЫ ҚАЙ КЕЗДЕ ҚАЖЕТ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АШЫҚ САБАҚ "ҚАРАҢҒЫ ҚАЙ КЕЗДЕ ҚАЖЕТ

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМГЕ КЕРЕК, ЖАҢА БАҒДАРЛАМА
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
729
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 26.04.2017

Сынып: 1

Мұғалімнің аты-жөні: Г. Улдаханова

Қатысқандар:26

Қатыспағандар саны: 1

Тақырыбы

Қараңғы қай кезде қажет?

Оқу мақсаттары

1.8.1.3 Қараңғылық жарықтың болмауынан пайда болатынын түсіну


Бағалау критерийлері:

Айналаның қараңғы болуына жарықтың жоқтығы әсер ететінін түсіндіре алады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздері тақырыбына қатысты сөздер мен терминдерді біледі және қолданады:

  • Жарық;

  • Қараңғы.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,өзін-өзі тану, музыка пәндерімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар жарық көздері мен олардың түрлерін білуі тиіс.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Табиғат!
Тіршіліктің тұнып тұрған.
Сен – Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың,

Сен – Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған

- Жақсы балалар! Сабағымызды бастамас бұрын 5 Т ережесін еске түсіріп жіберейікші.
5 Т – ережесі

1.Тәртіп

2.Талап

3. Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


Үй тапсырмасы : Жұмбақ шешу

Күн сайын таң ата терезеден кіреді,

Жаңа күн туғанын содан-ақ біледі.

Бұл не ? ( күн )


Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ: «Тоқта!» «Жүр!» – дейді ( бағдаршам )


Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта. ( шам)


Сығырайып қарады,

Аласарып барады. ( май шам )

- Жақсы балалар ! Өткен сабақта біз « Жарық не үшін қажет» деген тақырып пен танысқанбыз.

Айналаның сұлулығын,

Көзің менен көресің.

Бүкіл көрген – білгеніңді,

Сөзің менен өресің.

Зерделі адам зер салып,

Көзбен дүние таниды.

- Ендеше балалар , барлығымызды көзімізді жұмып үшке дейін сана. Көзіңді ашып, алысқа қарап , беске дейін сана. ( жаттығуды бірнеше рет қайталау) «Қай кезде айналадағы заттар көрінбеді? Неге ?» деген сұрақ қойыңыз.

- Көзіміз бұлдырлады ма? Дұрыс, өйткені көзімізді жұмған сайын қараңғылық пайда болады. Жарық сөзіне қарама - қарасы сөз қандай болуы мүмкін?

- Қараңғы.

- Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Қараңғы қай кезде қажет?»

Жетістік баспалдағы :

1 - қадам. Қараңғылық дегеніміз жарықтың жоқтығы екенін біледі;

2 - қадам . Жарық түскен кезде қараңғылықтың жойылатынын түсінеді;

3 - қадам . Алған білімдерін өмірде қолданады;

Суретпен жұмыс .

-Суретке назар аударыңдаршы. Не көріп тұрсыңдар?

- Бірінші суретте не көріп тұрсыңдар ?

- Бөлме. Бөлменің іші қандай ? Жарық.

- Кімге жарық ұнайды ? Неліктен?

- Екінші суретте не көріп тұрсыңдар ? Қараңғы

- Кімге қараңғы кез ұнайды ? Неліктен ?


  • Қараңғы неден пайда болады?

Жарық сәулесі болмағандықтан қараңғы түседі. Жарық болмағанда қараңғы пайда болады.Түнгі уақыт (күн батқаннан таң атқанша) біздің ұйықтауымызға қолайлы мезгіл.

Қараңғылық - қараңғы деген сөзге сәйкес. Жарықтың жоқтығы, түнек.

Қараңғылық – жарық көздерін зерртеуде қолданылатын физикалық құбылыс ретінде қарастырылатын түсінік. Сондықтан қараңғылықты өлшей аламыз.

  • Ендеше балалар , үш тілде осы сөздер қалай айтылады екенін айтып көрейік ?

Қараңғы - ночь - dark

Жарық- светло - Light

  • Балалар сонымен қатар қараңғылықта жұмыс жасайтын мамандық иелері де болады екен.

  • Сонымен қатар, балалар түнде жан-жануарлар, құстар, жәндіктер, теңіз түбінде өмір сүретін ағзалар бар екен.













Үнтаспа



















Суреттер






























Сабақтың ортасы


  • Мен сендерге әр түрлі заттар алып келдім. (көрпе, жұп-жұқа мата).

Ертегі. Тимур және Қараңғылық !



Оқулықпен жұмыс.

  • Ендеше балалар, оқулықта Есіңе сақта кім оқып жібереді?





Сергіту сәті.

Топпен жұмыс .

І - топ. Қараңғылық пен жарықтың суретін салу.

ІІ - топ.Суреттегі заттар мен сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.

ІІІ – топ. Қараңғылықты қажет ететін жерді таңбасымен белгіле. Таңдаған суреттеріңді боя.





Ертегілер



Оқулық
















Сабақтың соңы

Рефлексия:-Не білдім?

-Не қызықты болды?

-Қандай қиындықтар кездесті?

«Басбармақ» арқылы өздерін бағалайды.


Қосымша ақпарат

Дифференциация –

Энциклопедиямен жасау барысында және оқушылардың қараңғы туралы жақсы ойларын сұраймын.









Жергеқатысты сұрақтарға жауап іздеу.








Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай

жоспарлайсыз?


Пәнара

лық байланыс
Денсау

лық пен қауіпсіздік сақтау шаралары








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!