Ашық сабақ Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме,жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында сабағымды жолдадым,көмегі тиеді деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп:Абай атындағы №26 орта мектебі

Пән мұғалімі: Шегебаева Гулжан Муслимовна

Күні:13.04.18ж

Сыныбы: 6

Қатысқандар

саны: 25

Қатыспағандар

саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж.1. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Б/С. Кейіпкер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады:көркем шығарманың мазмұнын түсінеді, үзінділерді мәнерлеп оқиды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңді жатқа айтып, мазмұнын аша алады;

Оқушылардың кейбірі орындай алады: кейіпкерлердің заманауи жаңашылдығын салыстырып баға бере алады.

Бағалау критерийі

- көркем шығарманың мазмұнын түсінеді;

- өлеңді жатқа айта алады;

- өлең мазмұнын аша алады;

- кейіпкерлерді салыстырып баға бере алады;



Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тақырыбы мен идеясын анықтайды;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: түсініп жауап береді;

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: оқып білім алу, еңбек ету.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы және адамгершілікке баулу,білім алу,еңбек ету.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,музыка.

Алдыңғы оқу

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақ барысы


Жоспарланған уақыт

Сабақ жоспары

Ресурстар

Сабақтың басы







Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлемін.

1- топ «Жауынгер»

2-топ «Қайраткер»

3-топ «Әнші»

Маған айтып берсең,ұмытып қалармын,жазып көрсетсең,есіме сақтармын,өзіме жасатсаң,үйреніп алармын. (Шығыс нақылы)

Нақыл сөзбен бүгінгі сабаққа бастама,сұрақ-жауап

1.Ақынның қандай шығармалары бар? 2Ақын қандай өлеңдерін білесіздер?

«Мозайка»әдісі

Сабақтың ортасы Ұжымдық жұмыс










Деңгейлік тапсырмалар











Салыстыру




«Өзім туралы»өлеңін мәнерлеп оқытып,үнтаспадан тыңдату,талдау.

1Лирика түрі-көңіл-күй лирикасы

2.Тақырыбы-лирикалық кейіпкердің өзі туралы ақындық толғанысы.

3.Идеясы-ақынның өз өлеңі арқылы болашақ ұрпаққа сенім арту,өлең құдіретін түсіндіру.

Лирикалық кейіпкер-ақын өршіл,өлең құдіретіне сенеді,романтик,өзелінің ұрпағын сүйеді,жаны нәзік...

1-тапсырма

1-топ:Өлең құрылысына талдау

2-топ: «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» эссе жазу

3-топ. «Өздері туралы» өлең жазу

Дескриптор

- ақынның өлеңін құрылысына талдайды;

-эссе,өлең жазады;

-сұрақтарға жауап береді.

ҚБ. (басбармақ)

2-тапсырма. Топпен жұмыс.

Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы»өлеңі А.С.Пушкиннің «Ескерткіш»өлеңдерінің өзектес үндестігін салыстырыңыздар

Дескриптор

- өлеңді мәнерлеп оқиды салыстырады;

- тақырыбы мен идеясын ашады

ҚБ.(басбармақ)

«ПОПКОРН» әдісі

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі









«ВЕНН диаграмма» әдісі




«Автор орындығы» әдісі

Сабақтың соңы Шығармашылық деңгей








3-тапсырма.Топпен жұмыс.

1.Келер ұрпақ дегені кімдер?

2.Ақын қандай бақытты өмірді меңзейді?

3.Ақын елестеткен ұрпақ,мына сіздер өздеріңізді бақыттымын деп сезінесіздер ме?

(бір сәт ойланып,ақынға хат жазалы)

Дескриптор

- қорытынды сұрақтарға жауап береді;

-ақынға хат жазады;

ҚБ.(басбармақ)


Кері байланыс





Бүгінгі жетістігім

Себебі

Бүгінгі кемшілігім

Себебі








Саралау – қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және техника қауіпсіздігінің сақталуы АКТ мен байланысы.

Барынша қолдау көрсету: Әр түрлі күтілетін нәтижеге байланысты тапсырмаларды

оқушылардың қабілетіне қарай,күрделендіремін .

Орташа қолдау көрсету: тақырып аясында жұптасып постер қорғайды, өз ойын сыни тұрғыда айтуға жағдай жасаймын.

Аз қолдау көрсету: нақтыақпаратты қосымша ақпаратпен салыстырады, мәтін құрайды. Өз бетінше ізденеді.

Дескриптор нәтижесінде оқушыларға қалыптастырушы бағалау жүргізіледі

( басбармақтар арқылы,ынталандыру сөздері,қолдау қошеметтеулер).

Сабақ үрдісінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға мән берілу керек. Интерактивті тақта, аудиожазба қойылады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз? )

1. Ақындардың нақыл сөздерін салыстыру.

2. Жаманнан жирену, жақсыдан үйрену.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1. Түрлі әдіс-тәсілдер қолдану.

2. Аудиожазба көрсету.

Сабақ барысында мен, сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?

1. Топпен жұмыс баланы ынталандырады.

2. Жұппен жұмыс жеке жұмыс жасауына ықпал етеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.07.2018
653
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі