Материалдар / Ашық сабақ Қазақ халқының ер бала тәрбиесіндегі ерекшелігі 10 сынып

Ашық сабақ Қазақ халқының ер бала тәрбиесіндегі ерекшелігі 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазаққа тəн жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпақ бойында қалыптастыру, өз халқының салт-дəстүрін үйрете отырып, бала келешекте елін, жерін қорғайтын азамат болып өсуіне ықпал ету; адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге жəне үлгі ете білуге тəрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
1152
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты













Shape1

Shape2










ашық тәрбие сағаты




Өткізген: Б.Т.Трумова












2020-2021 оқу жылы

«Бекітемін»

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ___________ С.М.Нурмағамбетова

«______» _____________2021 ж.

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Қазақ халқының ер бала тәрбиесіндегі ерекшелігі.

Мақсаты: Қазаққа тəн жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпақ бойында қалыптастыру, өз халқының салт-дəстүрін үйрете отырып, бала келешекте елін, жерін қорғайтын азамат болып өсуіне ықпал ету; адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге жəне үлгі ете білуге тəрбиелеу.

Видео: Қазақ неліктен ұл баланың басынан сыйпамаған?

Жүргізуші:

Қайырлы күн, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың қонақтары және оқушылар!

"Балаңды өз тəрбиеңмен тəрбиелеме, өз ұлтыңның тəрбиесімен тəрбиеле" дейді дана халқымыз. Қазаққа тəн жақсы қасиеттер мен ұлттық сананы ұрпақ бойында қалыптастыру, өз халқының салт-дəстүрін үйрете отырып, бала келешекте елін, жерін қорғайтын азамат болып өсуіне ықпал ету; адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге жəне үлгі ете білуге тəрбиелеу мақсатындағы «Қазақ халқының ер бала тәрбиесіндегі ерекшелігі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымыздың қонақтарын таныстыруға рұқсат етіңіздер: бокс тобының тәрбиеленушісі Бақыткерей Шаһадаттың атасы Әдіманов Бақыткерей.

«Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің ең соңы болады» деп Қазыбек би айтқандай, қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді.

Нағыз жігіт – қорған болар халқына,

Нағыз жігіт – берік болар антына,

Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді.

Адал болар ата – баба салтына! - демекші әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген.

Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұл бала тәрбиесін жан-жақты талқыға салып, өзіндік ерекшеліктерін ашуға тырыспақпыз. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» дейді дана халқымыз. Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса, он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқының нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Осы сауалдар төңірегінде бүгін ой қозғамақпыз.

Қазақта дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр той жасап, ат шаптырады. Дүниеге ұлдың келуі әсіресе, әке үшін зор бақыт, үлкен мақтаныш. Қазақта бір кісі өмірден озса, артында қалған баласы бар ма еді?- деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді.

Қазақ отбасында ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады.

Қ азақ халқының ер балаға қатысты тағы бір салты бәсіре, алдымен бейнебаянды тамашалап алайық.



Видео: Бәсіре.





Е р балаға қатысты қазақтың көптеген ырымдары, салт-дәстүрлері бар. Ал сіздер ер балаға қатысты қандай ырымдар, салт-дәсүрлерді білесіздер?

Оқушылар жауабы: ...

Б ала дүниеге келгеннен кейін 40нан шығару деген ырым бар. Ер балаларды қырқынан 37 немесе 39 күн толғанда шығарған. Ал қыз баланы 40 күнге толтырып шығарған, неліктен деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жауабы: ...

Қазақ салтында сәбилер балалық шақтың бірінші сатысына жеткенде ер бала мен қыз балаға тән тәрбиеге ерекше мән берілген. Сондай-ақ, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойған, соның ішінде бес-алты жасқа жеткенде алғаш рет жеке атқа мінгізу рәсімін өткізген. Оны "Ашамайға мінгізу" немесе "Ашамай тойы" деп атаған. Бұл – бала үшін де, ата-ана, туысқандары үшін де ерекше оқиға, үлкен қуаныш болғандықтан той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқызған. Ер баланы ерте жастан атқа отырғызу арқылы жас кезінен ат құлағында ойнайтын, қайратты, жүректі ер азаматты тәрбиелеуді мақсат тұтқан.

Өте дұрыс, енді тағы бір бейне роликке назар аударайық:

Видео: «Ашамайға мінгізу»

Сондай-ақ жігіттің үш жұрты бар. Сол жігіттің үш жұртын ашып айтсаңдар?

1 бала: Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша ер азаматтың үш жұрты болады. Үш жұрты да жанашыр, сүйеніш, қорғаныш болады. Дана халқымыз әр жұрттың бітім-болмысына қарап, сипаттама берген.

Өз жұртың күншіл келеді. Бар болса, көре алмайды. Жоқ болса, бере алмайды. Жақсы болсаң, күндейді, жаман болсаң, жүндейді.

Қайын жұртың міншіл келеді. Қолыңның ұзындығына, жағыңның қызылдығына қарайды. Берсең, жағасың, бермесең, дауға қаласың.

Нағашы жұрт сыншыл келеді. Жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Әрқашан тілеуіңді тілеп, қамқоршы болады.

Ендеше осы айтқан үш жұртқа қатысты видеоға назар аударсақ:

Видео: «Жігіттің үш жұрты»

Осы ырымдарға, салт-дәртүрлерге сүйене отырып қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген.

Үш сөзбен берілетін тәрбие дегенді қалай түсінесіңдер, ол қандай сөздер?

Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, жаным арымның садағасы дегені.

Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені.

Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін, ешкімге көлеңкең түспесін дегені.

Ер баланы тапқырлыққа, ептілікке дағдыландыратын ойын түрлері болған. Қандай ұлттық ойын түрлері? Ұл тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі.

Мәселен, ежелден келе жатқан асық ойыны баланың жастайынан шыңдап, сабырлы болуға, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Асық ойынының да бірнеше түрлері бар. Мысалы, алша ойыны, омпа, асықты тігіп ойнау, хан, хан талапай, тас қала, құмар.

ойын баланы ептілікке, мергендікке ғана дағдыландырып қоймайды, баланың денесін шынықтырады.

Сондай-ақ жүрелей секіру, жаяу жарыс, айгөлек, білектесу, сірес, арқан тартыс, бәйге мен аламан бәйге, қамалды қорғау, жасырынбақ, ошақ, бес тас және т.б. осылайша тізіліп кете беретін ұлттық ойын түрлері өте көп. Ойындардың барлығы өзіндік тәртіпке негізделгендіктен балалардың жанжалдасуына жол берілмеген.

Оқушылар жауабы: ....

Ұлттық ойындардың барлығы өзіндік тәртіпке негізделгендіктен балалардың жанжалдасуына жол бермеген екен.

Осы аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты, елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық болмақ.

Кері байланыс: "Адам ұрпағымен мың жасайды" әлемге әйгілі ойшыл Әл-Фараби бабамыз айтқандай. Ұрпағымен мың жасайды дегенді қалай түсінесіздер? Ұрпағымен мың жасау үшін сіздер қандай үлестеріңді қосар едіңдер?

Оқушылар жауабы: ....

Жүргізуші:

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың қонағы, отбасында спортшы немере тәрбиелеп отырған Бақыткерей ағай, өзіңіздің бүгінгі сабағымыздан алған әсеріңіз және спортшыны тәрбиелеудегі қазақы тәрбиенің атқарар ерекшелігіне тоқталып өтсеңіз.

Т әрбие сағатымызға келіп, ой бөліскеніңізге көптен көп рахмет!





Ата-ана сөзі: ...







Құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар бүгінгі «Қазақ халқының ер бала тәрбиесіндегі ерекшелігі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызда баланы бақытым, -деп білетін ұлы қазақ халқының ер баланы тәрбиелеудегі ерекшеліктерін аштық, «тұлпар тайдан өседі»,-демекші, еліміздің болашақ тұлпарларына алдағы уақытта сәттілік тілей отырып, бүгінгі сабағымызды әр оқушының змоцияларымен бөлісіп, түйіндесек деймін. Барлығыңызға рақмеет!

Ә р оқушы экранға жүрекке жазылған сөздер жібереді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ