Сабақ тақырыбы: Қазақстан жер
бедерінің негізгі ерекшеліктері (жазықты аумақтар және тау
жүйелері, биіктік айырмашылықтары)
Сабақ
мақсаты:
Не біледі? Қазақстан жер
бедерінің басты ерекшеліктерін
біледі.
Не істей алады? Жер бедерінің
түрлі формаларын көрсете алады және басты
ерекшеліктерін картамен дәлелдей
алады.
Күтілетін
нәтиже: Қазақстан жер
бедерінің басты ерекшеліктерін біліп
шығады.
Сабақ
ресурстары: Мәтін, сурет,
Қазақстанның физикалық картасы,
атлас
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ әдісі: Жұптық-ізденіс сабақ
Сабақ барысы: Ұйымдастыру
кезеңі, амандасу, түгендеу, сәттілік
жолдау.
Үй тапсырмасын
тексеру: Картадан көрсетіп
тұрып баяндау.
- Биік және аласа таулы аймақтарды, қыраттар мен
үстірттерді және жазықтар мен ойпаттарды көрсет, бұлар қалай пайда
болды?
- Жер бедеріне ішкі және сыртқы күштерге нелерді
жатқызасыңдар және олар қалай әсер
етеді?
- Тектоникалық қозғалыстар дегеніміз не?, жаңа
тектоникалык қозғалыстар қай аймақта
байқалады?
- Жер сілкіну күші немен есептелінеді, неше
балдан бастап қауіпті деп ойлайсың?,
неліктен?
- Картадан жер сілкіну күші бойынша таралу
аймақтарын көрсет, яғни 6 балдан төмен және 6 балдан жоғары жер
сілкіну аймақтарын
Жаңа сабақты
ашу: ҚР физикалық
картасы мен суреттерді көрсету арқылы жаңа сабақ тақырыбын
ашу.
Жаңа білім
игеру: Жұптық ізденіс
тапсырмалар:
- Атластағы ҚР
физикалық картасымен жұмыс, жұптасып 2000м жоғары, 600м-ден
-1000м-ге дейін тауларды, үстірттерді, жазықтарды
табу
- Оқулықтың 43-бетіндегі аталған ойпатты
жазықтарды, көтеріңкі жазықтарды, биік тауларды картадан
табу.
- Қазақстанның ең төмен нүктесі мен ең биік
нүктесін картадан табу және нүктелердің айырмасын
есептеу
-Қазақстан жер бедерінің басты 4 ерекшелігімен
оқып танысу
Дәптермен жұмыс: . ҚР жер бедерінің 4
ерекшелігі, ең биік және ең төмен жері, биіктік айырмасы, биік
таулардың алып жатқан аумағы.
Жаңа сабақты
бекіту:
- Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктерін
карта бойынша бекіту:
1. атлас картасы
бойынша
2. тақтадағы картаға кезектесіп жұптардың шығып
көрсетуі
Бағалау: Жұптарды
оқушылармен бірлесіп мұғалім бағалайды
Үйге тапсырма: §10 оқу, 8,9
беттегі кескін картамен жұмыс
Кері байланыс: Не білдік? Не
істей алдық?