Ашық сабақ "Қазақстан репрессия жылдарында" 9- сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан репрессия жылдарында" 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері туралы терең мағлұмат беріледі, 1937-1938 жж. репрессия жөніндегі түсініктері қалыптасады. Алашорда көсемдерінің қызметі жайлы талдау жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалім

Шахтинск қаласы Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Касенов Нуркен Мажлисович

Тақырыбы

Қазақстан репрессия жылдарында


Мақсаты

Тапсырмалар арқылы жұмыс жасауда тақырыптарға талдау жасауға, ой пікірін дәлелдеуге дағдыланды

Жалпы мақсат

Қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері туралы терең мағлұмат беріледі, 1937-1938 жж. репрессия жөніндегі түсініктері қалыптасады. Алашорда көсемдерінің қызметі жайлы талдау жасайды.

Күтілетін нәтиже

Қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері. 1937-1938 жж жаппай қуғын-сүргі туралы түсініктері қалыптасады, өз ойларын ортаға жеткізе біледі.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Раунд Робин» тәсілі, Идеялар себеті” стратегиясы, «Ойлан,жұптас,талқыла» стратегиясы, «Тарихи сынақ хат» әдісі, т.б.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер.

Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Психологиялық ахуал «Шетелдіктерше амандасу.

Шаттық шеңберіне тұрғызып, 5 досты таңдап,сол достармен шетелдіктерше амандасады.

1.Италияда –құшақтасады

2.Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады

3.Жапонияда – басын изейді

4.Македонияда-шынтақпен

5.Австралияда-шапалақ ұрады, кейіннен секіреді.

Топқа бөлу.

Ә.Бөкейхановтың қанатты сөздері арқылы топқа бөліну.

3 сөз арқылы 3 топқа бөліну.

Оқушыларды үш ғылыми орталыққа бөлу, орталық жетекшілерін тағайындау,
ғылыми орталықтарға ат қою.
1. «Өлкетану» ғылыми орталығы;
2. «Тарих» ғылыми орталығы;
3. «Ақиқат» ғылыми орталығы

Топ басшыларын сайлау, бағалау парақшаларын тарату.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне қарап, іс-әрекеттер жасайды.

Сөздер жазылған қағаздарды алып, сол бойынша топ құрып орындарына отырады.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

(6 мин)

«Раунд Робин» тәсілі арқылы өткен сабақты қорытындылайды. Ол үшін топтағы оқушылар бір ауыз сөзбен жеткізеді.

1. «Өлкетану» ғылыми орталығына 5 сұрақ.

1) ХХ ғ. басында КСРО-ның басшысы болған және сол кездегі оқиғалардың негізгі ұйытқысы болған кім?

(И.В.Сталин 1922 ж. бастап большевиктер партиясы орталық комитетінің бас хатшысы болды.)

2) 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия ұйымының басшысы кім еді? (Ф.И.Голощекин)

3) Ә.Бөкейханов Алаш орда партиясын қашан және не мақсатпен құрды? (1971 ж. қазақ халқын дербес,тәуелсіз мемлекет ету мақсатында құрды)

4) ХХ ғ. 20-30 жылдарында есте қаларлықтай қандай оқиғалар болды? (Индустрияландыру, Ұжымдастыру. Аштық. І бесжылдық жоспары 1937-1938 ж. Сталиндік құрғын-сүргін т.с. болды.)

5). Ә.Бөкейхановтың шығу тегі (ақсүйек тұқымы)

2. «Тарих» ғылыми орталығы

1) Аштық қай жылдары, неліктен болды? (1930-32 ж. Еріктілік принципінің бұзылуынан)

2)"Бесеудің хаты" кімдер жазды? ( Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев)

3) Т.Рысқұлов Сталинге жазған хатында не жайлында айтылған? (Қазақстанда етек алған қасіреті туралы жазған)

4).Алаш орданың орталығы қай қала және баспасөзі қалай аталады? (Орталығы Семей қаласы және

Баспасөз органы Қазақ газеті)

5). Ә. Бөкейхановтың оқыған ЖОО (орман шаруашылығы)

3. «Ақиқат» ғылыми орталығы

1) "Халық жауы" деген термин қашан пайда болды?

(Мұндай термин Сталиннің кезінде қалыптасты)

2) 1937-1938 ж. Сталиндік репрессияға ұшыраған алаш орда мүшелері? (Ж. Аймауытов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, Т.Рысқұлов)

3.Алашорданың сьезі ашылған қала, қашан ашылды? (1971 ж Орынбор)

4.Ә.Бөкейхановқа жабылған жала? (халық жауы)

5. Алаш орда көсемдернің аты? (Х.Досмухамедовтар,Ә.Бөкейханов т.б.)

Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізу

Әр оқушы жеке - жеке жауап береді.


Түсіну

(5 мин)

Идеялар себеті” стратегиясы

1.«Өлкетану» ғылыми орталығына

Тоталитарлық режимге жатқызылатын 5 себеп:

1. Тек бір партия билік жүргізеді.

2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.

3. Бір идеология ғана жарияланады.

4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.

2. «Тарих» ғылыми орталығы

Саяси қуғын-сүргіннің 5 сипаты:

1. 1921 – 23 жылдарда  малды тартып алу .

2.Шаруалар  көтерілісі мен “бандыларды жою” деп аталған қырғын науқан.

3.Бай –кулактарды  жою, олардың мүліктерін

тәркілеу және жер аудару.

4.1923-33 жж.  аралығындағы дін өкілдерін жазалау

5. Халық жауларымен , шетел тыңшыларымен жүргізілген күрес.

3. «Ақиқат» ғылыми орталығы

1937-1938жж. репрессияға ұшырағандарға тағылған жазаның 5 түрі

1. Жаппай өлім жазасына кесу.

2. Түрмеге қамау.

3. Тұтас жер аудару.

4.  Қылмыстық істерді  қолдану.

5. Адамдардың қадір- қасиеттері мен жанын жаралау

Әр топқа парақша таратылады өткен тақырып пен жаңа тақырып төңірегінде ақылдасып орындап, талдайды


Топта талқылайды,талдайды,парақшаны толтырады, нәтижені тақтаға іліп, қорғайды.


Қолдану

(10 мин)

Постер қорғау

1-топ «Қазақстан лагерьлер өлкесі»

2-топ «Ә.Бөкейханов - алаш көсемі»

3-топ « Репрессия зардаптары»

Әр топқа парақ таратылады берілген тақырып төңірегінде ақылдасып орындап, талдайды


Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

Тақырып туралы өз ойларын жазады. Өз ойларын қорғайды.


Сергіту сәті

(1 мин)

«Шырша» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге көздеріне сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

(3 мин)

«Тарихи сынақ хат» әдісі

Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.

Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына  қолданатын қатаң жазалау шаралары.

Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.

Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің  барлық саласымемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.

Даламызды қу сүйекке толтырғанына орай қазақтар Голощекинді «Қу жақ Филипп» деп атаған.

1879 жылы 12 желтоқсанда  Тифлис маңындағы ауылда етікшиіотбасында дүниеге келген саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры болған – Сталин.

жаңа сабақта өтілген мәтін бойынша, екі оқушы бір-біріне сұрақ қою арқылы , мәтінде не айтылғандығы, қалай түсінгендерін баяндап шығады. Бұл әдіс оқушылардың ұяңдығын ашуға сұрақ қоя білуге, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуге үйретеді

Оқушылар жаңа тақырыпты қалай меңгергендерін байқатады, тапсырмаларды орындайды

Жинақтау

(3 мин)

Қорытынды: «Жылдар сөйлейді» Ресми деректер бойынша КСРО –да 3,77 млн адам  сталиндік  репрессия құрбаны болған.  Олардың 500 мыңы  атылса , қалғандары

- 25 жылға дейін бас бостандықтарынан  айырылған. Сталиндік репрессиялық машина күні-түні жұмыс істеді. Ел үнемі қорқыныш, үрку жағдайына душар болды.

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау.


Бағалау

(1 мин)

Өзін-өзі бағалау (1 мин)

Бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын толтыру

Топтар өз топтарын бағалайды

Ән «Көк тудың желбірегені»

Ән тыңдай отырып,рухтанады



Рефлексия

Стикерлерді толтыру

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2044
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі