Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заң" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заң" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 10 сыныпқа арналған. Мақсаты оқушыларды мектеп табалдырығынан бастап өз еңбек құқтарын біліп жүруге және экономикалық білімдерін кеңейтуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2018
1215
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

««Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы Заң»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заң

Сабақтың мақсаты: ҚР-дағы еңбек қатынастарын реттеу туралы заң жобаларымен

таныстыру; оқушыларды қызметкер құқығы мен міндеттері және

жұмыс беруші құқығы мен міндеттерімен таныстыру; жұмыс

іздеудегі оқтайлы шешім қабылдауға үйрету, еңбекке баулу.

Пәнаралық байланыс: құқық

Сабақтың түрі: Бірін-бірі оқыту сабағы.

Сабақтың әдісі: Өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс, үздік спикерлер сөз сөйлейді,

сұрақ-жауап, талқылау, сөз ассоциациясы.

Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалары бар қағаз бетшелер, еңбек кітапшасының

үлгісі,ситуациялық тапсырмалары бар плакат.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөліміне 2-3 минут. Тақтаға күннің жады, тақырып жазылады. Көрнекі

плакаттар ілінеді. Сабақтың мақсаты, жүрісімен таныстырамын, оқушыларды реттік нөмерлерге бөліп, 4 топқа топтастырамын. Әр топ-бір жанұя.

  1. Үй тапсырмасын сұрауға 5-6 минут

  1. Еңбек дегеніміз не?

Еңбек дегеніміз адамдардың тауар шығарып, қызмет көрсетуге жұмсалатын дене және ақыл –ой күш жігерін көрсететін өндірістегі факторлардың біреуі.

  1. Экономикалық белсенді халық дегеніміз кімдер?

Бұл құрам жұмыс істейтіндерден және жұмыс іздеп жүргендерден тұрады.

  1. Экономикалық тұрғыдан бәсең халық кімдер?

Бұл құрам кәмелетке жеткен, бірақ қандай да бір себептермен жұмыс істемейтіндерден және жұмыс іздемейтіндерден тұрады.

  1. Төменгі күнкөріс мөлшері дегеніміз не?

Төменгі күнкөріс мөлщері дегеніміз адамның тамақ ішу киім кию, баспанаға, жеке тазалық бұйымдарына, көлік қызметіне негізгі қажетін өтеуге жеткілікті мөлшердегі табыс деңгейі.

  1. Жұмыссыздық дегеніміз не?

Жұмыссыздық дегеніміз елде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу деңгейі жағдайында жұмыс істеуге қабілетті және жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай жүрген адамдардың болуы

  1. Фрукциондық (ағымдағы)жұмыссыздық деген не?

Бұл жұмыссыздық уақытша болады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келетін тілегінен туады.

  1. Құрлымдық жұмыссыздық деген не?

Техникалық дамуына байланысты, бұрын адамның көмегімен істелінетін жұмыс бос қалса.

  1. Маусымдық жұмыссыздық деген не?

Маусымдық жұмыссыздық белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Мысалы, қыста құрылыс тоқтайды, көкөніс пен жеміс –жидекті көктем мен жазда ғана өсіруге болады.

  1. Циклдік жұмыссыздық деген не?

Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көтереді.

  1. Жасырын жұмыссыздық деген не?

Жасырын жұмыссыздық адамдар толық жұмыс күшін немесе толық жұмыс аптасын істемеуге мәжбүр болғанда орын алады.


  1. Жаңа сабақтың жоспары:


а) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңньң қабылдануы, еңбек
қатынастары

б) Қызметкердің құқықтары мен мідеттері

В) Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері



'

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек сату бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін сркін таңдауына құқығы бар». Конституцияньң келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттьң үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» соңғы Заң 2007 жылдың 1-ші маусымында қабылданды. Еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Өмірде еңбек шарттары бес жыл мерзімге дейін жасалады. Шарттьң мерзімі өтісімен, ол өз әрекетін тоқтатады. Күші жойылғаннан кейін тараптар оны жаңа мерізмге қайта жасауы мүмкін.



Сыныпты 4 топқа бөлемін. Әр топтың мүшелерін 1;2;3;4;5 дегендей реттік санлармен белгілеймін. Әр топқа бөлек тапсырмалар жазылған қағаздар таратылыады. Өз бетімен жұмысқа уақыт 6-7 минут.

1 топқы Қызметкер мынаған құқылы

2 топқа Қызметкер мынағын міндетті

3 топқа Жұмыс беруші мыныған құқылы

4 топқа Жұмыс беруші мынағын міндетті

Әр топтан бірдей нөмерді иеленген оқушылар, кейіннен бір жанұя болып бірігеді. Өздерінің жинаған ақпараттарын топ ішінде талқылайды. Топпен жұмысқа берілетін уақыт 7 минут. Түсірдіру біткен соң, қолды 1-ші болып көтерген топтың спикері бүкіл сыныпқа сөз сөйлейді.

Ескерту: Мәліметті ақпарат қабылдаушылар ғана жеткізеді.

Спикер мәліметін аяқтай алмаса, келесі топтың спикері сөз алады. Қалып қойған жерлерін сыныпқа сұрақтар беру арқылы толықтырып отырамын. Осылайша әр топ жалғаса береді және өздеріне ұпай жинайды. Үздік спикерлерге берілетін жалпы уақыт 12-13 минут. Ақпартты қабылдаушының жеткізген мәліметі бойынша баға ақпарат таратушыға қойылады.



IV Қорытындылау. Приоритет бойынша 5 минут

Тақтадағы ілінген плакаттар бойынша оқушылар назарына ситуация ұсынылады.

  • 1. Мараттың жасы 14-те. Оның жанұясында өзінен кейін төрт бауыры бар. Оның жанұясы темекі өсірумен айналысады. Ол жанұясына көмектесу үшін, сәуір айынан бастап қазанға дейін, таңертеннен кешке дейін жұмыс істейді.



Тапсырма: Бала еңбегінің позитив (жағымды) және негетив (жағымсыз) жақтарын талдаңыз.



Жауап:

Shape2 Shape1 Shape3 Shape6 Shape5 Shape4 ПОЗИТИВ

Shape7 Shape8





Өмірлік тәжірибе

Өз бетімен жұмысқа бейімделу

Жауапкершілік

Еңбекке тәрбиелеу

Жанұяға материалдық көмек

Жеке қаражаты пайда болады

Дене күшінің дамуы

Ұжымда жұмысқа үйрену



  1. Тұғырыққа тірелу

  2. Қажеттілік

  3. Темекінің денсаулыққа зияны

  4. Баланың жасына сай келмейтін жүктеменің болуы

НЕГАТИВ

  1. Мектеп бағдарламасы бойынша өз қатарынан қалып қою

  2. Зияткерлікті дамытуға уақыттың, демалыстың болмауы

  3. Жұмыстағы таңдаудың жоқтығы

  4. Балалық шақтың жоғалуы



  1. Галинаның мамасы көптен бері еш жерде жұмыс істемейді, бірақ отбасында ақша әрдайым бар. Кешкісін үйіне кісілер келіп, қонып та қалады. Бұрын Галия мұның жұмыс екенін түсінбеді. Кейіннен шешесі қызын да еріксіз өз жұмысына тартты. Енді Галида ақша жеткілікті. Оған құрбылары қызыға да қызғанышпен қарайды. Құрбыларының қызғанышына Галина біраз рахаттаныпта қалады. Соңғы кездері Галинының сабағы нашарлап кетті, жиі қалыр қояды. Галинаның әжесі қызының немен айналысатыны біледі, бірақ немересінің де оған тартылғандығын естіген жоқ. Галя өз жағдайын әжесіне де, басқаларға да айтпау керек деп шешті. Себебі әжесі 15 жасар немересіне ақыл-кеңес және ескертпелер айтудан жалықпайтын.

Тапсырма: осы ситуацияға нормативтік құқықтық актілер тұрғысынан баға беріп, өз ұсыныстарыңды айтыңдар.

Жауап: Ұсыныс: қызға психолог маман керек

Баға: 132 статья, шешесін жауаптылыққа тарту, яғни 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Тапсырма: Позитив және негатив жақтарын талдаңыз

Позитив: 1) Материалдық тәуелсіздік

2) Өз бетімен жұмысқа бейімделу

Негатив: 1) Бала құқықтарының бұзылуы

2) Денесіне, психикасының зорлық жасау

3) жаман қылықтарға үйрену (темекі, арақ)

4) Ақшаны есепсіз, бақылаусыз сауу

5) Жеке тұлғаның кемсітуі

6) Жыныстық қатынасқа еріксіз итермелеу

7) Күн тәртібінің бұзылуы

8) Қарым –қатынас, достықтың бұзылуы

9) Өзін-өзі таныта алмау сезімі

10) Білім алу мүмкіндігінен айырылу

V. Үйге тапсырма. Оқулықтың 156-161 беттерін оқып келу.

VI. Бағалау



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!