Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстан суретшілері " 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырып педагогикалық білімі бар мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі:08.05.2018ж

Пән:Бейнелеу өнері

Сынып: 3А

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан суретшілері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шетел суретшілерімен таныстыру,білім қорын молайту,бейнелеу өнері шығармаларын ажырата алуды үйрету,әсемдікке баулу.

Күтілетін нәтиже: Түс және символ туралы ақпаратпен толығады. Бала өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Көркемсуретті альбомдар, қарапайым қарындаш түрлері, өшіргіш, акварель, гуашь, су, қылқалам, сондай-ақ бейнелеу өнеріне қосымша оқулықтар, т.б

Әдіс тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Кім жылдам» әдісі

Сабақ кезеңдері

Тәсілдер/ Оқушы әрекеттері

Мұғалімнің әрекеттері/ Уақыт

І. Проблема айқындау (Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру)

Ынтымақтастық атмосферасы.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбектену арқылы

Беске қолды жеткізу.

Топқа бөлінеді

«Бас бармақ» әдісі арқылы көңіл күйлерін білдіреді.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар қоямын:

1.Бейнелеу өнері дегеніміз не?

2. Жылы және суық түстерге қандай түстерді жатқызамыз?

3.Пейзаж дегеніміз не?

4.Натюрморт дегеніміз не?

5.Қарама-қарсы түстер дегеніміз не?

6.Жақын түстер дегеніміз не?

7.Пуантализм дегеніміз не?

Бейнелеу өнерінің жанрлары қандай?

1.Натюрморт

2.Пейзаж

3.Портрет

ІІ. Проблема шешу

(Операционалдық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)

  1. Негізгі әрекет

Жаңа тақырыпты меңгереді.

Практикалық жұмыс.

Аталған үш топ берілген тапсырмаларды орындайды.

(нобай жасайды)

Салған суреттерінің мағынасын ашу.

Сергіту сәті 1 мин

Біз суретші баламыз,

Орнымыздан тұрамыз,

Суретті де саламыз,

Толқындарды оң жақ пен

Солжаққа да сызамыз.

Бейнелерді салып ап,

Әдемі етіп бояймыз,

Тыныққан соң аз ғана,

Орнымыздан қонамыз.

  1. Негізгі әрекет

Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ.
Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды сақ-скиф, ғұндар және түрік қағанаты заманынан алады. Ал нағыз кескіндемелік кәсіби бейнелеу өнері ХІХ ғасырдағы ұлы бабамыз – ғалым Ш. Уәлихановтан басталады. Одан бері бейнелеу өнерінің негізін қалаған классик суретшілеріміз: Ә. Қастеев, Н. Г.Хлудов, Орал Таңсықбаевтарды атауға болады. Бұлардан кейінгі буын ұрпақ суретшілері қазақ өнерін әлем танитындай деңгейге көтерді.

Әйгілі саяхатшы-ғалым Шоқан Уәлиханов туралы жазылған зерттеу кітаптары өте көп, алайда, оның көбінде суретшілік қыры қалыс қалдырылып жатады. Ш. Уәлиханов – адам мінез-құлқын дөп басып бере алатын психолог, жоғары шеберліктегі суретші. Оның көптеген портреттік еңбектері ішкі психологиялық сезімге құрылған озық туындылар. Оның «Би Сартай», «Сұлтан Мамырхан Рүстемов», «Ханқожа Уәлиханов» портреттерінде дәрежелері шамалас болса да, әр кейіпкерді өзіндік тұғырда білгірлікпен бейнелей бергендігін мамандар жиі айтады. Шоқанның сурет техникасын,ілім заңдылықтарын жете білетіні еңбектерінен білініп тұрады

Жоспар:
а\ қазақстанның көрнекті суретшілері
ә\ Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармалары
б\ Айша Ғалымбаеваның өмірі мен шығармалары
в\ Қанапия Телжановтың өмірі мен шығармалары

Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармалары
Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып, іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә, Қастеевтің таланты Қазан революциясынан кейін бағаланып, ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді.
Шығармалары;
«Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» «Тау пейзажы», «Медеу келбеті», «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы». т. Б

Айша Ғалымбаеваның өмірі мен шығармалары.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтының көркемдік - сәндік бөлімін бітірді. . Негізгі еңбектері: «Батыр Ана», «Сәукеле», «Көктем және күз» және т. б.

ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау


Тапсырмаларды орындайды

3) Қорытындылау.

Тапсырма беру.

Жаңа білімді бекіту

ІV.Бағалау. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

4) Бағалау:

Бірін-бірі бағалау

4) Бағалау:

Оқушылардың не үйренгендігін айқындайды.Рефлекция тудырады.Оқушыларды

мадақтайды.Бағалайды. 4 мин

V.Кері байланыс.

«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау

Кері байланыс

жасау.

VI.Үйге тапсырма.



Суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен танысу









Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі:08.05.2018ж

Пән:Бейнелеу өнері

Сынып: 4г

Сабақтың тақырыбы: Шетел суретшілері

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның көрнекті суретшілері мен олардың шығармаларымен таныстыру.
тәрбиелілігі: Өнер тілін меңгертуге көмектесу, суретшілер өнеріне сүйіспеншілігін ояту және мәдениетке құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.
дамытушылығы: Ұлттық өнерді терең танып білуге, талғамдарын кеңейту, ізденістік ойлау түрін қалыптастыру, рухани әлемін байыту.

Күтілетін нәтиже: Түс және символ туралы ақпаратпен толығады. Бала өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тестілік тапсырма, карточкалар
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, жеке.


Сабақ кезеңдері

Тәсілдер/ Оқушы әрекеттері

Мұғалімнің әрекеттері/ Уақыт

І. Проблема айқындау (Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру)

Ынтымақтастық атмосферасы.

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбектену арқылы

Беске қолды жеткізу.

Топқа бөлінеді

«Бас бармақ» әдісі арқылы көңіл күйлерін білдіреді.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

амандасу; түгелдеу;оқушының
назарын сабаққа аудару; оқу құралдарының дайындығын тексеру

ІІ. Откен сабақтарды еске түсіру:

1. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
2. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
3. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
4. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша.( Палитра)
5. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
6. Зәулім ғимарат, құрылыстарда бедерлеу мен нақыш өнері.(Сәулет)
7. Бір түсті бояу, қарындаш, көмір, т. б бейнелеу өнерінің құралдарымен орындалған көркем шығарма. (Графика)

ІІ. Проблема шешу

(Операционалдық кезең: материалмен танысу, оны игеру, сол бойынша жұмыс жасау, мағынаны ашу)

  1. Негізгі әрекет

Жаңа тақырыпты меңгереді.

Практикалық жұмыс.

Аталған үш топ берілген тапсырмаларды орындайды.

(нобай жасайды)

Салған суреттерінің мағынасын ашу.

Сергіту сәті 1 мин

Біз суретші баламыз,

Орнымыздан тұрамыз,

Суретті де саламыз,

Толқындарды оң жақ пен

Солжаққа да сызамыз.

Бейнелерді салып ап,

Әдемі етіп бояймыз,

Тыныққан соң аз ғана,

Орнымыздан қонамыз.

Сабақтың барысы:

Тициан-ұлы итальян суретшісі.Оны Венецияның ең үздік суретшісі деп мойындағанда оның жасы 30-толмаган.Ең әйгілі портреті»Қолғап киген жасөспірім» картинасында ойға шомған жас жігітті бейнелеген.

Альбрехт Дюрер -өз автопортретін 13-жасында салған.Ол өте әсершіл суретші болған.Жануар,өсімдіктерді анық ,дәл шынайы өмірді бейнелеген.

Клод Моне- француз суретшісі.Картиналарын ашық кеңістікте бейнелеген.Нақты жарық пен жай-күйді көрсету үшінол бірнеше картиналарды қатар салған.Күн сәулесі салынған картиналарында түстерді түрлерге құбылтып,,көңіл-күйді өзгертетінін байқауға болады.

Камиль Писсарро- француз суретшісі.Жас суретшілерге қол ұшын берген.Суретшілер арасында ол адалдығы мен ақкөңілдігі үшін үлкен құрметке ие болған.Ол жазақ дала,ағаштар,кішкене деревняларды бейнелеген.Бейнелеген басты «қахарманы» Париж қаласы еді.

Суретшілер туралы

Тициан-итальян суретшісі.Оны «кескіндемешілердің королі және корольдердің ішіндегі кескіндемеші» деп атаған.30-жасында Венецияның ең үздік суретшісі деген атқа ие болды.Император 5-ші Карл суретшінің жерге түсіп кеткен қылқаламын көтеріп «Тицианға император қызмет етсе де артық етпейді»деген екен.Оның әйгілі портретіі «Қолғап киген жасөспірім» картинасында ойға батқан жас жігітті бейнелеген. «Үй қоянын ұстаған мадонна» картинасы ғажайып шығармаларының бірі.Париждің атақты мұражайы- Луврде САҚТАЛҒАН.

ІІІ. Проблема шешімін қорытындылау


Тапсырмаларды орындайды

3) Қорытындылау.

Тапсырма беру.

Жаңа білімді бекіту

ІV.Бағалау. Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

4) Бағалау:

Бірін-бірі бағалау

4) Бағалау:

Оқушылардың не үйренгендігін айқындайды.Рефлекция тудырады.Оқушыларды

мадақтайды.Бағалайды. 4 мин

V.Кері байланыс.

«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау

Кері байланыс

жасау.

VI.Үйге тапсырма.


Суретшілердің өмірі мен шығармашылығымен танысу








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2018
1134
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі