Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстан таулары. А.Сейтақ." 4 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Қазақстан таулары. А.Сейтақ." 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәндік нәтиже: Өлеңді дүниетану пәнімен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру. Жүйелілік-әрекеттік нәтиже: Іздену, салыстыру, талдау арқылы оқуға, жазуға дағдыландыру. Тұлғалық нәтиже: Эстетикалық, экологиялық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
3005
21 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Күні: 23.02.2016.

Пәні: әдебиеттік оқуСыныбы: 4 «Ә» сыныпПән мұғалімі Суюндикова Г.А.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан таулары. А.Сейтақ.
Сабақтың мақсаты:Ел, жер, тау-тасын білу арқылы әсемдікті түсінуге, оқушының шындыққа көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже Пәндік нәтиже: Өлеңді дүниетану пәнімен байланыстыра талдауға мүмкіндік беру. Жүйелілік-әрекеттік нәтиже: Іздену, салыстыру, талдау арқылы оқуға, жазуға дағдыландыру. Тұлғалық нәтиже: Эстетикалық, экологиялық көзқарасының қалыптасуына әсер ету.
Әдіс-тәсілдер:«Топтастыру» стратегиясы, «Түртіп алу» стратегиясы, «ЖИГСО» стратегиясы, «Соңғы бес минут» стратегиясы, постер қорғау, «Куббизм» стратегиясы.
Ақпарат көздері:4 сынып әдебиеттік оқу оқулығы, электронды оқулық. АЖ-31,ОӘА-5
Бағалау әдістері:«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, постер, маркер, слайд, электронды оқулық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Жұмыстың түрі:Топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
Ынтымақтастық атмосферасыЖартастар мен жоталар,Маңғазданып қарайды.Мөлдір сулы өзендер,Сылдыр-сылдыр ағады.Қозы-қойдай тастары,Бұл қазақтың таулары.
Топқа бөлу1-топ: Алатау.2-топ: Көкшетау.3-топ: Баянауыл.
Үй тапсырмасын сұрау«Куббизм» стратегиясы.

Қызығушылықты ояту

- Жаңа сабағымыздың тақырыбымен таныспас бұрын мен сендерге бір әннің үзіндісін тыңдатамын, ал сендер сол ән не жайында екенін анықтауларың керек?Әннен үзінді. - Сонымен ән не жайында екен? (Тау) - Қай тау туралы екен? (Алатау)Не сыйласын,несін берсін ел маған?!Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.Таулар- менің таусылмайтын бақытым,Ал ырысым – ұланғайыр кең далам, - деп ақын М.Мақатаев жырлағандай мен бүгінгі жаңа сабағымды осы өлең жолдарымен бастағалы отырмын себебі бүгін де біз еліміздің сәнін келтіретін таулар жайында айтпақшымыз. - Ендеше Қазақстан тауларын атап өтейікші. (Алатау, Көкшетау, Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы т.б) «Топтастыру» стратегиясы.«Тау» сөзіне топтастыру жазу.



-Картада таудың түсі қандай түспен белгіленген?-Не себептен оларды тау деп атаймыз? - Таулар-табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірі.Таулар атмосферадағы ылғалды өздеріне тартып,ғаламшарымыздағы су айналымын реттеп тұрады. Тау-дегеніміз етегі,шыңы,басы,жоны,беткейі,өзен аңғарлары бар,жердің тастардан тұратын ауқымды бөлігі. Жер бетінің жазықтан 200 метрден астам биіктіке көтеріліп жатқан бөлігін тау дейміз. Таудың биіктігі әртүрлі болады. Олардың басын үнемі қар немесе мұз басып жатады.
Мағынаны тану

Автордың өмірбаянымен таныстыру. Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». Автор жайында мәлімет. Айбатыр Сейтақ – 1966 жылы 28 ақпан күні, Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданы Бөкей ауылында дүниеге келген. 1989-1977 жылдары Орал және Қостанай облысы телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір ҚР парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз Қызметінің бас консультанты. 1997 жылы «Ғұмырнама» атты жыр жинағы жарық көрді. «Жас Алаш» газеті өткізген 1996 және 2000 жылдары «Сорос-Қазақстан» халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы ҚР Президенті стипендиясының иегері. Оқулықпен жұмыс.А.Сейтақтың «Қазақстан таулары» өлеңін мәнерлеп оқып беру.«ЖИГСО» стратегиясы.Әр топтағы оқушыларға мәнерлеп оқыту.Сөздік жұмыс.Таудың бәрі тағдырлы – кез келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен оқиғасы бар деген сөз.Дәптермен жұмыс :«Түртіп алу» стратегиясы.Тау атауларын түртіп отыру. Картамен жұмыс. Алатау  Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.Жотаның солтүстік бөктерінде Алматы қаласы, солтүстік беткейінде Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Алтай - солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған.Шығыс Қазақстанда орналасқан. Ал батыс бөлігіСарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Алтайдың өзіне тән географиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын. Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Күршім, Бұқтырма,  Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ұлытау - Сарыарқаның оңтүстік-батысындағы аласа таулар.Орталық Қазақстанда орналасқан. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан. Ұлытау аумағында зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады.Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп атайды. Көкшетау  Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратыныңсолтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау. Солтүстік Қазақстанда орналасқан.Көкшетауда Бурабай, Оқжетпес, Щучинск, т.б. санаторийлер, көптеген демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан.Сонымен Қазақстандағы ең әдемі жерлердің бірі Көкшетау өлкесі болып саналады. Көкшетау туралы түрлі аңызға толы ерекше жерлері бар. Қарқаралы тауы Орталық Қазақстанда орналасқан. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орта тұсында орналасқан. Айналасындағы ұсақ шоқылы, төбелі, белесті жазықтан көп көтеріңкі күмбезді, жоталы, қырқалы таулар мен биік шоқылар тобының тізбегінен тұрады. Қысы ұзақ әрі суық боранды, қары аз болады. Жануарлардан - арқар, елік, сілеусін, түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян, күзен, жерсіндірілген тиіндер, жабайы шошқа. Жыртқыш құстардан бүркіт, ителгі, бөктергі, қаршыға кездеседі. Көлдерінде қара құтан, үйрек, қаз, т.б. су құстары ұялайды. Қаратау – Батыс Қазақстанда орналасқан биіктігі орташа және аласа тау жоталары. Алатаумен салыстырғанда Қаратауда жаз айларында қар жымылғысы болмайды, сондықтан осылай аталады. Қаратаудан шағын өзендер ғана бастау алып, тау алды жазықтарында құмға сіңіп кетеді. Қаратау атауы — қазақтың тарихымен, ұлттық болмысымен біте қайнасып кеткен атау. 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” тауқыметін суреттейтін, өз кезінде нағыз ұлттық гимнге айналған “Елім-ай” жырындағы “Қаратаудың басынан көш келеді...” деп әспеттелетін мәртебелі тау осы. Баянауыл тауы  Орталық Қазақстанда орналасқан. Тау басы қия, жартасты келеді. Таудың етегінен басына дейін өскен бозтал, балқарағай, ақ қайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір көлдер әсем құзы, алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері, тау етектерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік береді. Орман ішінде қарақат, жидек, бүлдірген, таңқурай, саңырауқұлақ, тағы басқа өседі. Баянауыл тауы өңірінде бірнеше демалыс орындары бар. 1988 жылыБаянауыл тауының табиғатын қорғау мақсатында Баянауыл ұлттық табиғи саябағыұйымдастырылды.

Сергіту сәті«Көңілді күн» биі.
Ойтолғаныс«Ұлытау – жер кіндігі,Ұлт бірлігін сақтаған» деген өлең жолдарының мағынасын түсіндір. Дәлелде. Топтық жұмыс. І топ: Өлеңде аталған тауларды картадан іздеп тауып, ол таулар Қазақстанның қай аймағында орналасқанын анықтайды. ІІ топ: Ақын Қазақстан тауларын қалай суреттеген? Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?ІІІ топ: Суреттегі тау бейнелерінің қайсысы өз өлкеңдегі тауға ұқсас. Дәлелде. Постер қорғау.- Оқушылар, тауларға қандай экологиялық қауіптер төнуі мүмкін деп ойлайсыңдар? «Соңғы бес минут» стратегиясы. Бес минут ішінде бір оқушы сабақта не үйренгені туралы айтады.Қалған оқушылар оған сұрақ қояды.
Үйге тапсырма69-70-бет. Өлеңді жаттау.№2 жұмыс дәптердегі 2,3 тапсырманы орындау. Күнделіктеріне жазады.
Бағалау«Бағдаршам» арқылы бағалау.

Кері байланыс«Біздің топтың жүрегі»1.Сабақта маған ең ұнағаны...2.Сабақта ең қызықты болғаны...3.Бүгін мен ... түсіндім. Стикерге жылы лебіздерін жазады.


№47 жалпы білім беретін мектепбастауыш сынып мұғаліміСуюндикова Г.А.Алматы қаласы















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!