Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тарих пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2021
707
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
















Пікір

Қақанов Бақытжанның әрбір сабағы ерекше бір жаңалыққа толы болады. Ол жаңа технологияларды сабақта қолдана отырып, тақырыптарды өмірмен, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі қолданысымен байланыстырып, оқушылардың зейінін өзіне аудартып, қызғылықты етіп өткізеді. Оқушылардың білімдерін шыңдауға, оларды шығармашылық жұмыстарға баулуға көп көңіл бөледі. Оқыту барысында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытып, оларды жан-жақты тәрбиелеуге ерекше мән береді.


Б.Өтегенова,

А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары


















Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары.


Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Қазақстандағы ойластырылмай жоғарыдан күштеу арқылы жүзеге асырылған ұжымдастыру науқанының қазақ халқы үшін орны толмас зардаптарға ұрындырғандығын оқушылар санасына жеткізу.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытып, тарихи оқиғалар мен құбылыстардың мәніне өз бетінше, шолу жасай алатын, өзіндік көзқарасы қалыптасқан азамат болып шығуына әсер ету.

Б) тәрбиелілік: Оқушылардың елге, ұлттық салт-дәстүрлерге деген патриоттық сезімін қалыптастыру, сүйіспеншілігін ұштау.


Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы арқылы тақырыпты толық меңгерту.


Сабақтың түрі: Өткен материалдармен байланыстыра отырып түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі: 1. Ұжымдастыру зардаптарына байланысты бейне фильмдер, 2. плакаттар, 3. фотосуреттер, 4. маркерлер, 5. Интернет материалдары, 6. стикерлер


Сабақтың барысы:

А) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабақ барысына аудару, сабақ мақсатымен таныстыру, топқа бөлу.


Үй тапсырмасын сұрау

Қазақстандағы ұжымдастыру


Екі топтан екі оқушы тақырып маңыздылығын ашып көрсетеді.

  1. Голощекиннің билікке келуі

  2. «Қазақ ұлтшылдарын» жазалау

.

«Тестпен жұмыс»

  1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы қаулы 1928 жылы ХҮІ съезде қабылданды. Ия. Жоқ.

  2. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылдың көктемінде аяқталуы тиіс болды. Ия. Жоқ.

  3. Ұжымдастыруға қарсылық білдірушілерге жемқор, алаяқ деген айыптар тағылды. Ия. Жоқ.

  4. Ұжымдастыру күштеу, қорқыту, жазықсыз жазалау әрекеттері арқылы жүзеге асырылды. Ия. Жоқ.

  5. Қазақ халқы ұжымдастыруға дайын емес деген пікірді Сталин, Голощекин айтты. Ия. Жоқ.

  6. Қазақстанда ірі байларды тәркілеу туралы қаулы 1930 жылы 28 тамызда қабылданды. Ия. Жоқ.

  7. Қазақтың қандай лиро-эпостық жырларын білесің?



Негізгі бөлім.

Жаңа тақырып: Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары.

Жаңа тақырыпқа кіріспе жасау. Блум таксономиясы бойынша сабақты алты бөлімге бөліп түсіндіру.


Білу. Оқушылар осы тақырып бойынша бұрыннан білетін мәліметтерін ортаға салады.

Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары туралы бейне фильмнен үзінді көрсету.


Түсіну.

«Жигсо» стратегиясы бойынша мәтінді бөліктерге бөліп беру.

«Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша топтардың мүшелері өзге топтағы сыныптастарымен бірлесе отырып, мәтіннің өзге бөліктерін талқылайды.


Қолдану

«Постермен жұмыс»

1-топ. Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру

2-топ. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық


Талдау.

Әр топтан көшбасшылар шығып постерді қорғайды

Жинақтау

Төртіншісі артық

  1. А) 6,2 млн. Ә) 2,1 млн. Б) 17 млн. В) 1,5 млн

  2. А) ОГПУ. Ә) ГУЛАГ. Б) Үштік . В) МАИ (ГАИ)

  3. А) Жекешелендіру. Ә) Кулак. Б) Ұжымдастыру. В) Тәркілеу

  4. А) Ж.Мыңбаев. Ә) С.Сәдуақасов. Б) Б.Момышұлы. В) С.Қожанов

  5. А) 10 күн. Ә) 50 үй. Б) 107 бап. В) 23 жыл

  6. А) Алшанский. Ә) Сталин. Б) Голощекин. В) О.Жандосов


Тарихқа саяхат

«Ұжымдастырудың зардаптары болмағанда қазіргі Қазақстан қандай болар еді?»


Бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағалау.

Кері байланыс



Сабақты қорыту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Ұжымдастырудың зардаптары туралы қосымша мәлімет жинау


Қақанов Бақытжан,

А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебі

Шардара ауданы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!