Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстанның экологиялық аймақтары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қазақстанның экологиялық аймақтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерді Қазақстан аумағының апат аймақтарымен таныстыру. Экологиялық апат туралы түсінік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2018
1868
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫ 

Пәннің аты: Адам экологиясы

Оқу тобы: ЭКН-25

Уақыты: 15:00

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. 
Сабақтың мақсаты:  адам ағзасында қоршаған ортаның экологиялық факторларының әсері туралы оқушылардың білімін қалыптастыру; экологиялық және генетикалық сауаттылыққа тәрбиелеу, патротизмге және әлеуметтік проблемаларды шешудегі белсенді өмір ұстанымына тәрбиелеу. 
Сабақтың міндеттері: 
1. Республикадағы экологиялық мәселелер және олардың тұрғындар денсаулығымен байланысын оқушыларға таныстыру. 
2. Қоршаған ортадағы иондайтын радиацияның және химиялық қауіпті заттардың адам ағзасына жағымсыз әсері туралы оқушылардың білімін дамыту. 
3. Экологиялық қолайсыз аймақтарда денсаулықты нығайтуға тиімді мінез құлық дағдыларына үйрету. 
4. Республикадағы және әлемдегі экологиялық мәселелерді шешу жолында белсенді тіршілік ұстанымына тәрбиелеу. 
Білімділік: Студенттерді Қазақстан аумағының апат аймақтарымен таныстыру. Экологиялық апат туралы түсінік беру. 

Дамытушылық:  студенттердің өзара белсенділігін, ой- өрісінзейінін дамыта отырып, бірін-бірін тыңдай білуге, өз ойларын нақты айтуға қарым-қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ауызбіршіліке тәрбиелеу, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар,үлестірме парақшалары, стикерлер. 
Сабақтың типі: Аралас 
Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың технологиясы: «Дамыта оқыту технологиясы»
Сабақтың әдісі:
 түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар, білім жинақтау əдісі, рефлексия әдісі, «Ойлан, жұптас, талда» әдісі, 


Пән аралық байланыс:
 география, физика,биология, химия, экология. 
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру(5минут)

Студенттермен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Топқа бөлу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, назар­ларын сабаққа аударту.

Үйге берілген тапсырманы сұрау. (20 минут).Билеттер арқылы сабақты пысықтап, барлық білім алушылардың сабақты қаншалықты деңгейде меңгергендігін білу.

ІІ. Жаңа сабақ (40минут)

«Қазақстанның экологиялық аймақтары» тақырыбы бойынша интерактивті тақтаны пайдалана отырып, студенттерге сабақты түсіндіру. Жаңа сабақты қаншалықты деңгейде түсінгенін білу мақсатында топқа бөліп тапсырма беру.

«Ой шақыру» кезеңі:

Топтау стратегиясы. «Оңтүстік Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан», «Батыс Қазақстан», «Шығыс Қазақстан» топтары. 

Мұнда студенттің не білетінін анықтау мақсатында төмендегі жұмыс ұсынылады. 
«Ойлан, жұптас, талда» әдісі 

Мұнда топтарға тапсырмалар беріледі. Олар оны жеке, жұптасып, топтасып орындайды. 
І – топ. Оңтүстік өңіріміздің экологиясына сипаттама 
ІІ – топ. Солтүстік өңіріміздің экологиясына сипаттама
ІІІ – топ. Батыс өңіріміздің экологиясына сипаттама
ІV – топ. Шығыс өңіріміздің экологиясына сипаттама

ІІІ. Негізгі бөлім: 
Республикадағы экологиялық мәселелер және олардың тұрғындар денсаулығымен байланысын оқушыларға таныстыру. 
Қоршаған ортадағы иондайтын радиацияның және химиялық қауіпті заттардың адам ағзасына жағымсыз әсері туралы оқушылардың білімін дамыту. 

Экологиялық қолайсыз аймақтарда денсаулықты нығайтуға тиімді мінез құлық дағдыларына үйрету. 

Республикадағы және әлемдегі экологиялық мәселелерді шешу жолында белсенді тіршілік ұстанымына тәрбиелеу. 

Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.

Қазіргі Уақытта Бұрынғы Семей Полигонына Шектес Аудандарда (71,9 Мың Халқы Бар 85 Елді Мекен) Онкологиялық Аурулардың Және Адамдар Өлімінің, Қан Айналымы Жүйесі Ауруларының, Жаңа Туған Сәбилер Арасындағы Кеселдердің Және Ерте Қартаю Көрінісінің Жоғары Деңгейі Байқалуда.

Арал Өңірі Экологиялық Апат Аймағында (186,3 Мың Халқы Бар 178 Елді Мекен) Әсіресе Әйелдер Және Балалар Арасында Асқазан-Ішек Аурулары Мен Қан Аздығы, Балалардың Шетінеуі Мен Туа Біткен Патологияның Жоғары Деңгейі Байқалуда.

Елдің Ішкі Қауіпсіздігіне Қатерді Жою Мақсатында Экологиялық Апат Аймақтарында Халықтың Тұруының Әлеуметтік-Экономикалық Және Экологиялық Жағдайын Кешенді Талдау Жөнінде Іс-Шаралар Жүргізу, Оның Сапалы Ауыз Сумен Қамтамасыз Етілуіне Баға Беру, Экологиялық Талаптарды Әзірлеу Және Аумақтарды Экологиялық Бағалау Мен Ядролық Сынақтар Және Өзге Де Факторлардың Халықтың Денсаулығы Мен Қоршаған Ортаға Әсерінің Салдарларын Ескере Отырып, Сауықтыру-Оңалту Іс-Шараларын Жүзеге Асыру Қажет. 2007 Жылға Дейін Халықтың Ішкі Көші-Қоны Және Экологиялық Апат Аймақтарының Аумақтарын Шаруашылыққа Пайдалану Бағдарламасы Әзірленуі Қажет.

Бұрынғы Семей Ядролық Сынақ Полигонын Және Арал Өңірінің Проблемаларын Кешенді Шешу Жөнінде Ұсыныстар Әзірлеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 Жылғы 22 Тамыздағы N 182-Ө Өкімімен Құрылған Ведомствоаралық Жұмыс Тобы Жүзеге Асырады.

Каспий Теңізі Қайраңының Ресурстарын Қарқынды Игерумен Байланысты Проблемалар

Каспий Теңізі Бассейні Мемлекеттерінің Көмірсутегі Ресурстарын Кеңінен Игеруі Теңіз Және Жағалау Маңы Экожүйелеріне Теріс Әсер Ауқымын Ұлғайтады. Теңіз Мәртебесінің Айқындалмаған Жағдайында Трансшекаралық Сипаттағы Сыртқы Экологиялық Қатерлер Елеулі Мәнге Ие Болады.

Теңіздің Қазақстандық Секторында Көмірсутегі Шикізатын Алдағы Кезде Баса Игеру Елдің Экологиялық Қауіпсіздігіне Ықтимал Қатер Төндіреді.

Каспий Теңізінің Қоршаған Теңіз Ортасын Қорғау Жөніндегі Үлгілік Конвенциясы Және Басымдық Іс-Қимылдардың Өңірлік Стратегиясы Каспий Теңізінің Коммерциялық Ресурстарын Пайдалану Және Каспий Маңы Елдерінің Каспийдің Экожүйесін Қорғау Жөніндегі Алдағы Іс-Шараларға Қатысты Өзара Ортақ Іс-Қимылы Бойынша Негізгі Бағыттарын Айқындайды.

Каспий Теңізінің Қазақстандық Секторын Игерудің Мемлекеттік Бағдарламасында 2005 Жылдың Аяғына Дейін Теңіз Және Жағалау Маңы Экожүйелеріне Залал Келтірместен Көмірсутегін Өндірудің Мүмкін Болатын Шекті Деңгейін Айқындау Жөніндегі Арнаулы Зерттеулерді Жүргізу, Геодинамикалық Мониторингті Іске Асыру, Иесіз Мұнай Ұңғымаларын Және Басқа Да Байырғы Ластануларды Жою, Ілеспе Газды Алауларда Жағуды Және Мұнай Құбырлары Мен Радиоактивті Ластанған Жабдықтарды Рұқсат Алынбай Көмуді Тоқтату Жөнінде Шаралар Қабылдау Көзделеді.

Зерттеулер Нәтижесі Каспий Қорық Аймағын Аймақтарға Бөлуді Қоса Алғанда, Теңіздегі Экологиялық Қауіпсіз Шаруашылық Қызметін Қамтамасыз Ететін Нақты Нормативтік Экологиялық Талаптар Әзірлеу Болуы Тиіс.

 Су Ресурстарының Сарқылуы Және Ластануы

Қазақстан Су Ресурстарының Үлкен Жетіспеушілігі Елдерінің Санатына Жатады. Қазіргі Уақытта Су Объектілерін Тау-Кен Өндіру, Металлургия Және Химия Өнеркәсібі Кәсіпорындары, Қалалардың Коммуналдық Қызметтері Қарқынды Ластауда Және Ол Нақты Экологиялық Қатер Төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле Өзендері, Балқаш Көлі Неғұрлым Ластанған. Халықты Ауыз Сумен Қамтамасыз Етудің Негізгі Көзі Болып Табылатын Жер Асты Сулары Да Ластануға Ұшыраған.

Су Объектілеріне Антропогендік Салмақ Пен Олардың Қалпына Келу Қабілетінің Арасындағы Теңгерімсіздік Экологиялық Қолайсыздықты Іс-Жүзінде Барлық Ірі Өзен Бассейндеріне Тән Етті, Ал Су Шаруашылығының Мұқтаждарын Жеткілікті Қаржыландырмау Су Шаруашылық Объектілерінің Барынша Қанағаттанғысыз (Кей Жерде Апаттық) Техникалық Жай-Күйіне Және Халықты Ауыз Сумен Қамтамасыз Ету Проблемаларының Тым Шиеленісуіне Себеп Болды.

Бұл Проблемаларды Шешу Үшін Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 Жылғы 21 Қаңтардағы N 71 Қаулысымен Су Ресурстарын Сақтау Және Ұтымды Пайдалану Проблемаларын Шешудің Негізгі Жолдары Айқындалған Экономиканың Су Секторын Дамытудың Және Қазақстан Республикасы Су Шаруашылығы Саясатының 2010 Жылға Дейінгі Тұжырымдамасы Қабылданды. Сондай-Ақ Халықты Жеткілікті Көлемде Және Кепілді Сападағы Ауыз Сумен Тұрақты Қамтамасыз Ету Үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 Жылғы 23 Қаңтардағы N 93 Қаулысымен «Ауыз Су» Салалық Бағдарламасы Бекітілді, Қазақстан Республикасының Су Кодексі Және «Cу Пайдаланушылардың Ауылдық Тұтыну Кооперативтері Туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қабылданды, 2005 — 2010 Жылдары Негізгі Су Бассейндерінің Су Ресурстарын Кешенді Пайдалану Мен Қорғаудың Схемаларын Әзірлеу Жөніндегі Жұмыстар Жүргізілетін Болады.



ІV. Сабақты бекіту:

  1. Төрт топтың алдына конверт беріледі.

  2. 1 топ: 

1.Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс-әрекеттерің?

2 топ:

Семей облысының дәрігерлерінің бақылауларының көрсетулері бойынша сәуле алған ата- анадан туылған балаларда имунитет жетіспеушілігі жағдай нәрестелердің патологиялары және басқа ауытқулар болатынын көрсетті. Осындай имунитеті төмен балалардың санының артуына не себеп болды?

 3 топ

  1.Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4.00 де жер сілкінісі 6 баллға болатынын хабарлады.Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 4 кішкентай бауырың бар , сендердің іс-әрекеттерің?

4топ

Тұрғындар денсаулығының нашарлауына Қазақстандағы қандай экологиялық жағдайлар мейлінше жоғары дәрежеде әсер етті, және тұрғылықты жерімізге қандай экологиялық жағдайлар әсер етеді, ол проблемаларды шешу жолы бар ма?

 2. “Менен – саған, сенен – маған”\сұрақ-жауап\

1.Байқоңыр ғарыш алаңы қай жылы қаланды?

\1955 ж.\

2.Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін өзіміз тұратын өлкемізден нақты мысал келтіріп , түсіндіріңдер?. \Бау-бақшалардың кесілуі, ағаштардың кесілуі, сулардың тартылуы.\

3. Табиғи төтенше жағдайлар? \ жер сілкінісі (зілзала), цунами, жанартау атқылау, су тасқыны, дауыл 

4. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ұшығуда. Мұнда қоршаған ортаны бұлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)

Рефлексия. (5 мин.)


1Shape1 .Келесі сабақта істейтін

әрекетіңіз немесе сұрағыңыз

2.Сізге әсер еткен екі сөз

3.Бүгінгі сабақтың маңызды үш сөзі 


Берілген парақтарға студенттер сабақтан алған әсерін жазады 


V. Бағалау(10минут) Топты бағалау, жеке студентті бағалау







VІ. Үйге тапсырма 
«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында эссе жазу. 


















 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!