ашық сабақ "Қазақстанның қызыл кітабы" 7 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "Қазақстанның қызыл кітабы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән мұғалімі: Г.М.Жакишева

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы.

Күні: 16.05.2016 жыл.

Сыныбы: 8 «а», «ә»

Сабақтың тақырыбы: «§56.Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы.Қазақстанның «Қызыл кітабы».

Сабақ мақсаты:

Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

1.     Білімділік:  Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны көзінің қарашығындай сақтау жайындағы халық дәстүрімен таныстыру, тақырыптың негізгі идеясын ашу, сөздік қорын молайту.

2.     Дамытушылық: Оқушылардың  танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділіктерін арттыру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәселені көтеру, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ / білім, білік, дағдыны  қолдану сабағы \.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:  Түсіндірмелі,сұрақ-жауап,баяндау.

 Көрнекілік: Оқулық,Қазақстанның физикалық картасы,кескін карта,атлас.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу;

-Түгендеу;

-Оқушылар назарын сабаққа аудару;

- Сабақтың тақырыбымен таныстыру, жұмысқа белсендіру. 


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Экологиялық проблемалар нешеге бөлінеді?

2.Арал теңізінің экологиялық проблемасы?

3.Каспий теңізінің экологиялық проблемасы?


II. Жаңа сабақ:

  Балалар, табиғат біздің  қоршаған ортамыз, байлықтың көзі. Бізідің еліміздің табиғаты бай екенін, сол табиғатты қорғау екенін білеміз.  бүгінгі сабағымыз осы табиғатта құрып бара жатқан аңдар, құстар, өсімдіктер жайында болмақ.

Табиғатты қорғау.Адамдардың шаруашылық қызметінің әсерінен табиғи қорларды пайдалануда экологиялық жағдай нашарлады: Арал теңізі өңірі, Семей полигоны, Балқаш көлі, Каспий теңізі, Байқоңыр және тағы басқа жерлер. Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасының экологиялық тұжырымдамасын» бекітті. Бұл тұжырымдама бойынша Қазақстан табиғатты қорғау проблемаларын дүние жүзіндегі ынтымағы бір елдермен бірлесе, ақылдаса отырып

шешпекші. ҚР Конституциясының  38- бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»,  6-бабында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай–ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».

  Біздің елде «Қызыл кітап»  1978 жылы ұйымдастырылғын. Мұнда аңның  21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың   8 түрі көрсетілген. Оларды сақтап қана қоймай, санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген  жануарлар мен өсімдіктердің түрлері елде «Қызыл кітаптан» алынған.                                     Еліміздегі табиғатты қорғаудың ең басты саласы – мемлекеттік қорықтар. Қорық деп – барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын, арнайы белгіленген аумақты айтады. Қазіргі дүние жүзінде 2600 – ге жуық қорықтар бар. Қазақстан жерінде  9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған. Олар: Ақсу-Жабағылы,Алматы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс-Алтай, Алакөл.                                                            

Табиғат – халық қазынасы. Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғауымыз қажет, сондықтан да табиғатты қастерлеп, оған сүйіспеншілкпен қарап, қамқорлық жасау қажет. Соған байланысты біздің елімізде ,,Халықаралық табиғат қорғау қоғамы,, құрылды. Оның басты мақсаты- саны сиреп бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Мұндай кітапты ,,Қызыл кітап,, деп атайды. Оның қызыл және сары беттері болады. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады.

Кітап 1974 жылы шықты.

  

ІҮ.Бекіту:

1-сұрақ: Қазақстандағыбатыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш) 

2- сұрақ: Қостанай облысындағы реликтілі қарағай тоғайлары қорғауға алынған қай қорық? (Наурызым)

3- сұрақ: Адамның парықсыз әрекеті салдарынан көп жапа шеккен көлді ата? (Арал)

4- сұрақ: Реликтілі ускуч майқап балығы мекендейтін, оны сақтап қалу үшін әдейілеп қорық жасалған көл қалай аталады? (Марқакөл)

5- сұрақ: Қазақстанның ең байырғы қорығы  қалай аталады? (Ақсу-Жабағылы)

6- сұрақ: Гербінде алма бейнеленген қай қала? (Алматы)            

                                                      

Y. Сабақты қорытындылау:

-         Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

-         Табиғатты қалай қорғау керек ?

-         Ол үшін не істеу керек ?  / сұрақтарға жауап алу/


YI. Оқушыларды бағалау.

Бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды журналға және күнделіктеріне бағалау.


ҮІІ.  Үйге тапсырма:  

1. «§56.Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңы.Қазақстанның «Қызыл кітабы».

2. «Табиғатты қорғау үшін менің қолымнан не келеді ?»

    шағын әңгіме /






Бекітемін: Уразалиева Н.И.

Пән мұғалімі: Ізмағанбетова Ә.Ш.

Пәні:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2021
1040
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі