Ашық сабақ "Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі" 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал еңбек пәні мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып: 5 «а» Өтілетін күні:12.12.2016жыл.

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс №6 «Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің дайындалу реттілігі»( жапсырма өрнек, кесте т.б.)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру. Олардың мән-мағынасын ұғындыру,өрнектерді ою әдістерін үйрету.

Дамытушылық. Ою-өрнек жасау арқылы оқушылардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Ою-өрнек түрлері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, әдебиет,геометрия.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, ою-өрнек үлгілері, слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру, жұмыс орнын ұйымдастыру.

Өткен сабаққа шолу жасау.Қарапайым тігіс түрлерін орындау.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. 1. Ою-өрнек, орнамент( латынша – ornamentum-әсемдеу, сәндеу) әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпенқайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек- нақыштар.Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің өз мағынасы бар. Ою деген бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны береді. Ал өрнек дегеніміз әртүрлі ою,бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердіңортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Қазакстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андров дәуірінен жеткен көне әшекейлерден байқалады. Ұлттық ою-өрнектер көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі мемлекетімізде мекендеген Азияның басқа да халықтардың мәдениетімен тығыз байланыста дамыған. Қазіргі кезде ою-өрнектерді төрт топқа бөліп қараймыз. Олар: жануартектес, өсімдіктектес, ғарыштық және геометриялық. Әрбір ою-өрнектің тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы ,колориті мен ритмі болуы керек. Композиция дегеніміз- латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген мағынаны білдіреді. Мысалы, ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де , кіші де болмай асқан дәлдікпен жарасым табуы керек. Өрнек үшін симметряның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы- симметрия заңы. Симметрия кез келген ою-өрнекте болады.

2.«Ою хан мен Жою хан» ертегісі желісімен слайд көрсету. Осы ертегі арқылы ою-өрнектің мағынасын ашу.

3. Топпен жұмыс. Түрлі- түсті қағаздан ою өрнек түрлерін қиып, текемет модельін жасау.

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға пысықтау сұрақтары қойылады.

1. Ою-дегеніміз не? 2.Орнамент деген сөз нені білдіреді? 3.Композиция дегеніміз не? 4.Симметрия дегеніміз не?

Бағалау. Топтық бағалау. Жеке бағалау.

Үйге тапсырма. Түрлі-түсті қағаздан өз ойларынан ою композициясын құрастырып, қатты қағазға желімдеу.20х20см екі түсті мата әкелу.























Ашық сабақ




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі