Материалдар / (Ашық сабақ "Қазіргі діни жағдай" 11 А сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

(Ашық сабақ "Қазіргі діни жағдай" 11 А сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпқа ашық сабақ өткізуде көмегін тигізеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
1356
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 11 А

Мерзімі: 11.12.17

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі діни жағдай

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар мәтінді оқу арқылы діни сауаты ашылады, қазіргі діни жағдай туралы түсінеді.

Міндеттері

Бағалау

1. Оқушылар дін, қазіргі діни жағдай, тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы түсінеді

Өз ойларын айту арқылы

2 оқушылар ой- пікірін айта білуге үйренеді олардың сабаққа деген белсенділігі артады.

өз ойларын жазу, айту, берілген плакатты толтыру арқылы

3 Оқушының өзіндік саналы жауапкершілігі, имандылығы қалыптасады.


Бірін-бірі бағалау, байқау арқылы

Көрнекілігі: плакат, мәтін, слайд, интерактивті тақта, фотосуреттер

Түрі: ашық сабақ

Әдісі: СТО

Қолданылатын стратегиялар: бағыттап оқыту, сәйкестендіру, ортада қалам,

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту / 2 минут/

1.Оқушылармен  амандасу.

2.Оқушылардың   сабаққа  қатысуын  тексеру,  сабаққа  назарларын  аудару.

Оқушыларды ойын ойнату арқылы топқа бөліп  отырғызу.

 б/ үй тапсырмасын сұрау    / 10 минут/

Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.)     

     Этноним - қандай да бір этникалық топ атауы. Этникалық топ - кең мағынада, нақтылы этникаға негізделген адамдар тобы, яғни, әрбір жеке адам туғаннан иемденетін әлеуметтік және мәдени бірегейлік.

Этнопсихология - [грек, ethnos - ру, тайпа, халық] - әлеуметтік және саяси психологияның құрамдас бөлігі; адамдар психикасының этникалық ерекшеліктерін, ұлттық мінез- құлқын, ұлттық сана-сезім қызметі мен заңдылықтарын, этникалық стереотиптерді зерттейтін пәнаралық бағыт.

Этникалық сіңісу (этникалық ассимиляция) - бір этнос өкілдерінің сол ортада тұратын басқа этникалық топтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сіңіріп, нәтижесінде өздерінің төл мәдениетінен, тілінен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен айырылып, этникалық тиесілік санасының өзгеруі.

Этноцентризм - [грек, ethnos - тайпа, халық, centrum - шоғырлану, орталық] - адамның өмірдегі барлық құбылыстарды өз этникалық тобының құндылықтарымен өлшеп, бағалауға бейімдігі; өз өмір салтын артық көріп, басқаларға таңу. Ұғымды 1883 ж. Л.Гумплович енгізіп, 1906 ж. У.Г. Самнер дамытты.

Кім Жылдам? ойыныІ топ сұрақтары.
1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның «constitutio»-құрылым, өкілім)
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден –бір бастауы. (халық)
3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
4. Егемендік алғаннан кейін Қ. Р –да Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993, 1995 ж)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)
6. Қ. Р. азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес)
7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
8. Қ. Р өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
10. Қ. Р –ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

ІІ топ сұрақтары:
1. «Құқық» дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
2. Қ.Р-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан)
3. Қ.Р-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
4. Қ.Р-да ресми түрде қолданылатын тіл (орыс тілі)
5. Қ.Р-да «Баланың құқықтары туралы» Заң қай жылы күшіне енді? (2002 ж, 8 тамыз)
6. Қ.Р-ның теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 ж )
7. Қ.Р әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет? (унитарлы мемлекет)
8. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)
9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (мың қой)
10. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)
Жалпы сұрақтар:
1. «Демократия грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (халық билігі)
2. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948, 10 желтоқсан)
3. Қ.Р-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)
4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламенттің)
5. Қ.Р «Мемлекеттік нышандары туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 ж, 4 маусым)
6. Қ.Р-ғы «Баланың құқығы» туралы заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады. (10 тарау, 53 бап)
7. 1998 жыл қандай жыл болып аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)
8. 17 - желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)
9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
10. Балалар құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды. (1989 ж)

ІІ Мағынаны тану

Жаңа сабақ /14 минут/

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Егемендік жарияланғаннан кейінгі бір ай ішінде, яғни 1991 жылдың 15 қаңтарында «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданды. Бұл құжат діни бірлестіктер заңнама шеңберінен шықпаған жағдайда мемлекет тарапынан олардың ісіне қол сұғылмайтындығына кепілдік берді.

2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының преамбуласында тәуелсіздік алған жылдардан бері тұңғыш рет Қазақстан үшін дәстүрлі болып саналатын діндердің басымдылығы көрсетілді. Дін дегеніміз — ежелден келе жатқан мәдениет түрінің бірі. Екінші сөзбен айтсақ, дін адамгершіліктің, қайырымдылықтың, ізгіліктің, мейірбандылықтың мықтап орнығуына көмектесуде. «Қиянат қылма, ұрлық істеме, кісі ақысын жеме, күштілір әлсіздерге үстемдік жасамасын, жетім жесірге, қаріп-қасірге қорған бол, ақ бол, адал жүр», дейді дін. Адам баласының тарихында көп тараған дүние жүзілік діндер: буддизм, христиан, ислам. Мұсылман діні мен христиан діні – Қазақстанның қос қанаты. Қай діннің болса да өмір сүруге құқығы бар. Ал, адамдарды оларды таңдау құқығы, ождан бостандығы болуы тиісті.
Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататанын өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге хақылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 19 бабы.
Еліміздегі  діни  ахуалдың  күрделі  сипат  алып  отырғаны  соңғы  уақыттағы  зерттеулерден  белгілі  болып  отыр.  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  адамдардың  ойы  мен  санасында  әлеуметтік – экономикалық  мәселелер  бірінші  орынға  шығып,  рухани  құндылықтардың  кешеуілдегені  байқалды. 

Видеоролик көрсету . Сұрақтар қою, оқушылар ойын тыңдау

Бағыттап оқу стартегиясы. Оқушыларға мәтін таратылады. Оқушылар жекелеме оқиды, жұппен талқылайды, топпен постер қорғайды.



І топ

Қазіргі таңда діни — ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс — әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен.
Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
«
Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата баба басында құран бағыштауға қарсы. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі.

«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды
«
Таза ислам» деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады
«
Таблиғ жамағаты». Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты — «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді. Туған күнге, ұйымның іс әрекетіне тыйым салған.
«
Нұршылар жамағаты» Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.
«
Қадиян» тобы Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді.
Хизбутшылар мемлекеттік шекараны мойындамайды.
«
Уаһһабилер» Сауд Арабиясында дүниеге келген...

ІІ топ                                                                                                                          

Қазіргі  кезде  секта – бұл  өзіңді  қайшылықта  ұстау  деген  сөз.  Дәстүрлі  діндер  бойынша  секта – адамның  ақылын  адамдық  және  сектанттық  тұрғыда  жаулап  алу. Бүгінде  секталар  алдау – арбау  жолымен  өздеріне  мақсат  қойып  алған – жұмыс  жасауға  деген  құлшыныстан  алдымен  адамдардың  жан – дүниесін,  бірте – бірте  барлық  ұлтқа  қожалық  етуге  ұмтылу. «Секта»  сөзі  латынның  «sekta» сөзінен  шыққан,  алғашқыда  ол  екі  мағынада  қолданылды. а) бір  заттың  бөлігі  б) сана  образы,  оқу.  «Sekta»  сөзінің  шығуына  байланысты  латын  тілінде  «secare» — кесіп  тастау  (бүтіннің  бөлігі)  және  «segui» — ізіне  түсу (қандайда  болсын  оқудың  артынан  ілесу)  деген  ұғым  бар.  Зерттеу  жұмыстарында  және  басылымдарда  көбіне  «тоталитарлық  секта»  деген  ұғым  қолданылады.     

         Қазақстан  Республикасының  дін  туралы  заңнамаларының  шет  елдерден  айырмашылығы – Республикада  діни  ағымдар  мен  топтардың,  олардың  деструктивті  бағыттағы  қызметін  көре  тұра,  «секта»  ұғымының  қандай  да  бір  белгісіне  анықтама  бермеуінде. 

         Деструктивті  діни  ұйымдар (миссия,  шіркеу,  діни  бірлестіктер,   одан  әрі — ДДҰ) – бұл  сананы  әртүрлі  әдістер  арқылы  бақылай  отырып,  тұлғаның  физикалық  және  психикалық  жағдайының  бұзылуына  әкеп  соғатын,  сондай – ақ,  отбасының,  қоғам  мен  мемлекеттің  жойылуына  ықпал  жасайтын  тоталитарлық  ұйым.                 Дәстүрлі  діндер – мемлекет  және  қоғам  тарапынан  ресми  танылған,  нақты  қоғамда   әлуметтік – мәдени  үстемдікке  ие,  сондай – ақ  тарихы  және  этномәдени  негізі  бар  діндер.

         Қазақстандағы  дәстүрлі  емес  бұл  діни  ағымдар   біздің  мемлекетіміздің  аумағында  ұзаққа  созылған  тарихи  дерегі  жоқ  және  өзге  дәстүрлі  конфессиялардың  белгілі  күшіне  ие  діндерді  айтамыз.  Қазіргі  Қазақстанда  дәстүрлі  емес  діндер  болып  мыналар  табылады:  «Саетология»  шіркеуі,  Иегова  куәгерлері,  Бахаи,  Кришна  санасы  қоғамы,  Бірлестік  шіркеуі,  Соңғы  Өсиет  шіркеуі,  Бахаи  ілімі,  «Ахмад  жамағат»,  «Мармоны»,  «Сахаджа  йога»

Сергіту сәті: от шашу 2 минут

  Ой-толғаныс: / 12 минут/

  1. Бекіту:

2. Сәйкестендіру тест


Экстремизм (ехtгеmus)

7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата — баба басында құран бағыштауға қарсы. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі.



«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы

латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс — әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен.



«Такфиршілер» ұйымы.

деп аталатын діни ағым өкілдерінің ниеттері — ұстанымдылық пен Алладан қорқушылық қағидаларын аяқ асты етіп, Исламға жат жоспарларын жүзеге асыру. Олар адам ұрлаумен, қарақшылықпен айналысады



«Таза ислам»

Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды



«Таблиғ жамағаты».

Түркияда пайда болған. Ұйымның мақсаты – мемлекет әкімшілігіне қарсы шығатын діни фанат адамдарды тәрбиелеу. Бұл ағым елімізге 1992 жылдан бері келе бастаған. Өздері басып шығарған уағыз парақшаларын тарату арқылы қатарларын толықтыруға тырысады.



«Нұршылар жамағаты»

Нақты тұжырым жасасақ, бұл «дін уағыздаушы топ» деген ұғымды білдіреді. Олардың екінші бір аты — «дағуатшылар», қазақшалағанда үгіт, насихат жүргізу, шақыру. Олар Ислам дінін өздері құрған ереже бойынша насихаттайды. Өздерін саясаттан бөлек ұстайды. Сақал қойып, ұзын көйлек киеді.



«Қадиян» тобы

мемлекеттік шекараны мойындамайды.



Хизбутшылар

Үндістанда пайда болған. Адасқан ағымдардың бірі. Мұсылмандарды діннен аластату мақсатында пайда болған. Отанды қорғауды қажет деп есептемейді.


 

 Мұны  білу  өте  маңызды!

 

1

Сізге  таныс  емес,  көшеде  кездескен  адаммен  дін  ұйымның  жиналысына  шақыратын  дін  тақырыбындағы  диалогқа  араласпа!

 

2

Қандай  да  болсын  кездескен  діни  ұйымның  сенушілері  мен  ілімін  таратушыларға  бірінші  кездескенде  өзіңіздің  діни  көзқарасыңызды  білдірмеуге  тырысыңыз.

3

Егер  сіз  алдыңызда  тұрған  уағыздаушыға  сол  діни  ұйым  туралы  сұрақ  қоюға  шешім  қабылдасаңыз,  онда  ешқандай  кері  әсерсіз  болғаны  жөн.

4

Егер  сізге  діни  бағыттағы  парақтар,  брашюралар,  журналдарды  оқуға  ұсынса  рахмет  айтып,  сыпайы  түрде  бас  тартыңыз.

 

5

Егер  сіз  діни  жиналыстарға  қатысуға  шешім  қабылдасаңыз,  олар  туралы  көбірек  білуге  тырысыңыз,  туысқандарыңызбен,  достарыңызбен,  жай  адамдармен  ақылдасыңыз.

 

6

Діни  ұйымдардың  жиналысына  қатыссаңыз,  есіңізде  сақтаңыз:  мессионер – уағыздаушылардың  басты  мақсаты – Сізді  өз  сенімдеріне  кіргізіп  алу.  Ал,  Сіздің  мақсатыңыз – деструктивтік  діни  ұйымдардың  ықпалына  түсіп  қалмау.

7

Діни  жиналыстарға  жалғыз  қатыспаңыз,  қасыңызға  досыңызды  немесе  туысыңызды  ертіп  жүріңіз.

 

8

Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

 

9

Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

 

10

Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе, Ойлан!



Бағалау / 2 минут/

Үйге тапсырма тақырыпты оқу, интернет беттерінен қосымша ақпараттар жинау. Термин сөздерді қайталау






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!