Материалдар / Ашық сабақ "Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық: 08410100 «Ветеринария» Біліктілік: 4S08410105 «Ветеринарлық фельдшер» Мақсаты, міндеттері Білімділік: Оқушыларға нарықтық экономика тұсындағы, қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар туралы теориялық білімін қалыптастыру. Тәрбиелілік: оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, қандай жағдай болса да, шығу жолдарын табуға, атқарған істеріне жауапкершіліктерін арттыра отырып, еңбек пен отансүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Дамытушылық: оқушылардың негізгі экономикалық проблемаларды ажырата алуы және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру,теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге,ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау, білім алу құштарлығын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2022
1753
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы

«Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі













Сабақтың тақырыбы: Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар


   Мамандық: 08410100 «Ветеринария»

Біліктілік: 4S08410105 «Ветеринарлық фельдшер»



Экономика пәнінің оқытушы: Казизова Балзия Шахамановна






















Семей қаласы, 2022ж

«Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледж» мекемесі

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары


Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар

(сабақ тақырыбы)

     Модуль / БМ-03 Экономика және кәсіпкерлік негіздері туралы базалық білімді қолдану


Пән/ Экономика негіздері


      1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ:2 курс, 2ВФ-12

      Сабақ типі: аралас сабақ

      2. Мақсаты, міндеттері

Білімділік: Оқушыларға нарықтық экономика тұсындағы, қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар туралы теориялық білімін қалыптастыру.


Тәрбиелілік: оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, қандай жағдай болса да, шығу жолдарын табуға, атқарған істеріне жауапкершіліктерін арттыра отырып, еңбек пен отансүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу


Дамытушылық: оқушылардың негізгі экономикалық проблемаларды ажырата алуы және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттыру,теориялық білімін тәжірибеде қолдана білуге,ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау, білім алу құштарлығын дамыту.


  2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар туралы мәлімет алады.

Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


2.2 Оқыту нәтижесі:

1) Әлемдік экономиканың даму үрдістерін,мемлекеттің "жасыл" экономикаға

көшуінің негізгі міндеттерін түсіну

2.3 Бағалау өлшемдері:

1) Әлемдік экономиканың даму үрдістерін сипаттайды.

2) Мемлекеттің "жасыл" экономикаға көшуінің негізгі міндеттерін түсінеді.

3) Жалпы ішкі өнімді және жалпы ұлттық өнімді есептеудің негізгі әдістерін қолданады


3. Сабақты жабдықтау:

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер: «Әлем экономикасы» С.С Сахариев, А.С  Сахариева (81-84бет)  Алматы, «Дәнекер» баспасы, 2003 ж.

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар: Проектор,Компьютер, Презентация, Электронды кітап


Пайдаланылған әдебиеттер: «Әлемэкономикасы» С.С Сахариев, А.С  Сахариева (81-84 бет)  Алматы, «Дәнекер» баспасы, 2003 ж. Қ.С. Есенғалиева «Экономика негіздері» 2010ж. «Экономикалық теория»- А.Ж. Доғанов, Н. С Досмағанбетов




Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатын айту.

2.Үй тапсырмасын сұрау(10 мин):

«Ойлан тап» сұрау тәсілі

1.Әлемдік экономика-сыртқы әлемнен қарым-қатынас орнататын (тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір жиынтығы.

2. Импорт дегеніміз - өз еліне тауарларды немесе қызметтерді басқа елден қаржылық негізде алу

3.Халықаралық сауда- әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудаларының жиынтығы

4.биржалық сауда –биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы

5.Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады.

6. Экспорт – тауарды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету.

7. Әлемдік нарық- бұл бір-бірімен тауар экономикалық қатынастар арқылы байланысатын және халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі бағыттарын қамтитын, жекелеген елдердің ұлттық нарықтарының жиынтығы

8. Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

9. Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

10. Валюталық жүйе — ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісім шарттармен бекітілетін валюталык, қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысаны.


3. Жаңа тақырыпты меңгерту (15 мин)

Сабақтың жоспары:

1.Экономикалық және ғаламдық проблемалар түсінігі

2.Қоғам алдындағы проблемалардың нарықтық экономиканың дамуына әсері.

А) Экологиялық проблемалардың экономикаға әсері

Б) COVID-19 ауруының экономикаға келтірген салдары

Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар by Zarina Bolat on Prezi Next

1.Инфляция деңгейі Қазақстанда

1.2019 жылы елімізде инфляция 5,4%-ті құраған.
2.2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 7,5% болды

3.Ұлттық Банктің деректері бойынша, соңғы 4 жылда ақшаның құнсыздануы антирекорд орнатты-2021 жылғы шілдеде шамамен 8,5% болды
Қазақстанда жыл соңына қарай Инфляция 6-7% құрауы мүмкін... деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев

Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция 2022 жылы 4-6% – ға, 2023-2024 жылдары 4-5% – ға, 2025-2026 жылдары 3-4% - ға дейін төмендейді.

Инфляция деңгейі Қазақстанда by Zarina Bolat on Prezi Next

2.Жұмыссыздық деңгейі Қазақстанда

 1.2019жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады,...

2.2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды,

3.2021 жылдың тамызында жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады – деп хабарлады
2021 жылғы тамыз айында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,8 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы тамыз айының соңында 222,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады", - деп хабарлайды ҚР-ның Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі

Жұмыссыздық деңгейі Қазақстанда by Zarina Bolat on Prezi Next



3.ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі

ЖІӨ дегеніміз – мемлекет аумағында бір жылдың ішінде өнірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. 

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 24 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «ЖІӨ өсімін 5 пайызға жеткізу үшін 2024 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі ЖІӨ-нің 30%-ы болуы тиіс», – деген болатын.

2019ж әлемдік экономиканың өсуі бойынша Коронавирус пандемиясы аясында биыл әлемдік экономика 4,9%-ға төмендеді.

премьер-министр Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,5% болғанын айтты.

«2021 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша ЖІӨ өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бері алғаш рет 0,7%-ті құрап, оң аймаққа шықты.

ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі by Zarina Bolat on Prezi Next

4.Мемлекеттік борыштың ахуалы

1.2019 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларына жеткен.

2.Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд долларды құрайды.- Ұлттық банк

3.Еліміздің сыртқы қарызының жалпы көлемі 01.04.2021 күнгі мәліметке сәйкес 164, 113 млрд долларға жеткен, өткен жылмен салыстырғанда, жарты жылда 2 %-ға ұлғайған. Оның ішінде 61,4 %-ы фирмааралық берешектерге тиесілі, яғни бұл – 100, 688 млрд доллар. Бұл қарыз мемлекет үшін пайдалы, себебі, тікелей инвестиция, сырттан келіп жатқан капитал. «Сондықтан бұл ақша бюджеттің немесе халықтың қаржысы есебінен төленбейді. Халықаралық әдіснамаға сәйкес,үлкен жобаларға салынған инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады.

Мемлекеттік борыштың ахуалы by Zarina Bolat on Prezi Next

5.Экологиялық проблемалар

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. 

Семей ядролық полигоны

Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады

Аралдың экологиялық проблемасы

Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. 

Мемлекеттік борыштың ахуалы by Zarina Bolat on Prezi Next

Тақырыпты бекіту сұрақтары:

  1. Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар

  2. Ғаламдық проблемалар дегеніміз 


4.Жаңа тақырыпты бекіту. (15 мин.)

1.Пікірталас:

А) Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалардың алдын алу,шешу жолдары

Шешу жолдары:

1.Короновирус инфекциясы

1. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынас уақытша тоқтатылды, мемлекет ішінде локдаун қойылды. Қосымша емханалар жасалынды.

 Алдын алудың тиімді шараларының қатарына қолды жиі жуу және респираторлы гигиена ережелерін сақтау жатады

2.Экологиялық проблема:

Алдын алу.Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен айналысатын көптеген аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысады.

3.Тұрмыстық қалдық проблемасы

тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы қондырғылар, көліктер қойылды

Алдын алу"Жаңа полигон қаладан 15 шақырым қашықтықта орналасады.
4. Жұмыссыздық мәселесі, тұрғын үймен қамту, жас буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру екендігі мәлім. Нақтылап айтсам, Еңбек биржалары,«Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Қолжетімді баспана», «Мемлекеттік кадрлар резерві» деген бағдарламалар.

Алдын алу.Жастар кəсіпкерлігін қолдау тиіс. Жалпы кəсіпкерлік секторды инвестициялау қажет.

5.Құнсыздану мәселесі.-шешу жолы ЖІӨ-жалпы ішкі өнімді арттыру,яғни өндірісті дамыту,орта және шағын бизнесті дамыту керек.Алдын алу.Кәсіпкерлікті әлсіретпеу керек.Мықты саясат болу керек

6.Демографиялық мәселе-шешу жолы Демография дегеніміз- ол халық деген сөз.Қазақстанда 19млн халық бар. Сондықтан әле де болса халық санын арттруымыз .Оның шешу жолдарыбізде дұрс жолға қойылған .Ол дегеніңіз отбасына бала келсе оған мемлекет тарапынан біржолғы төлем беріледі ,сосын 1жасқа толғанға дейін жәрдемақ төленеді. Егер жанұяда 4 бала немесе одан жоғары болса,олбала 18ге келгенше тұрақты ақша төленіп отыр.

Алдын алу – баланың толық қанды өсуіне барлық жағдай жасалынып отыр

7.Сыбайлас жемқорлықтың шешу жолы.

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз ол қылмыстар жатады. Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Алдын алу- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңы бар 2015ж

Сыбайлас жемқорлықпен күресу оның алдын алу мақсатында білім мекемлерінде, оның зардаптары мен күресу жолдары негізінде оқу тренингтік пəндер жүйесі енгізілді, бүгінгі жастар ертеңгі мемлекеттік қызметкерлер. Сондықтан әрбір азамат қоғам алдындағы жауапкершілікті білуі керек

8. Зорлық-зомбылық проблемасын алдын алу -Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында балалар құрбан немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері бола алады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында бала құқығын қорғау заңмен қорғалады. Осындай жағдай орын алған уақытта ,арнайы ана мен баланы қорғау дағдарыс орталықтары мен 1415 сенім телефоны жұмыс істейді. Білім мекемелерінде тренингтер мен конференциялар өткізіледі

9.Терроризм мен экстремизм "Терроризм-күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы 

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы бар.Күдікті адамдарға, заттарға, кез келген күдік тудыратын ұсақ-түйекке назар аударыңыз. Барлық күдікті нәрселер туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабарлаңыз;

-бейтаныс адамдардан ешқашан пакеттер мен сөмкелерді алмаңыз, өз жүгіңізді қараусыз қалдырмаңыз;

-отбасыда төтенше жағдайларға іс-әрекет жоспары болуы тиіс, барлық отбасы мүшелерінде телефон нөмірлері, электрондық почта мекенжайлары болуы тиіс;

-Көшеде бөтен адамдармен сөйлеспеу;

  • Өзі және отбасы туралы мәлімет бермеу;

  • Танымайтын адамның көлігіне отырмау;

  • Далада немесе қоғамдық жерде жатқан заттарға (сөмке, қорап тиіспеу)

  • Қауіпті немесе күдікті нәрсе болса 101 нөмірне хабарлау



2.Тапсырма

https://learningapps.org/display?v=pyo7ippw521


Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемаларды,топтастыру:

1. Демографиялық проблема- әлеуметтік проблема

2. Құнсыздану проблемасы -экономикалық проблема

3.Сыбайлас жемқорлық -саяси проблема

4.Жұмыссыздық проблемасы -экономикалық проблема

5. Терроризм – саяси проблема

6.Қоршаған ортаны қорғау -экологиялық проблема

7.Қолдық проблемасы -экологиялық проблема

8. Зорлық-зомбылық –әлеуметтік проблема

4 негізгі топ:

1. Саяси

2. Экономикалық

3. Экологиялық

4. Әлеуметтік


5. Сабақты қортындылау ,бағалау (3 мин)


 Рефлексия  

1. Қиын болды...

2. Қызықты болды...

3. Маған ұнағаны....

4. Менің қолымнан келді.


6. Үй тапсырмасы

11 Семинар Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар шешу жолдары

«Әлем экономикасы» С.С Сахариев, А.С  Сахариева (81-84бет)  Алматы, «Дәнекер» баспасы, 2003 ж.




Экономика пәнінің оқытушысы: Казизова Б.Ш














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!