400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қоғамның рухани құндылықтары" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ үлгісі 10-сынып оқушыларына арналған. Бұл сабақ жоспарға сәйкес ақпан айында өткізіледі, сондықтан сабақты жүктеп алып, қолданушы өткізуіне болады. Екіншіден, жоспар жаңа талаптарға сай құрылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам. Қоғам. Құқық. 10а сынып


Сабақтың тақырыбы:

§20. Қоғамның рухани құндылықтары

ҮІІІ тарау. Рухани мәдениет

Жалпы мақсаты:

Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын насихаттай отырып, рухани мәдениет, құндылық, мұра ұғымдарын оқушы бойына сіңіру арқылы қоғам үшін маңыздылығын анықтау. Оқушыларды қазақи ділге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

  1. Оқушылар топпен жұмыс жүргізеді;

  2. Тақырыпты талқылайды;

  3. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келдіреді;

  4. Оқушылар өз ойларын айта отырып, сөздік қоры молаяды;

  5. Өзгенің ойын тыңдап, білімдерін толықтырады;

  6. Оқушылардың «Мен-і» қалыптасады;

  7. Тапсырманы орындау арқылы тақырыпты түсінеді, қазақтың ойындарын біледі.

Түйінді идеялар:

Оқушылар қазақ халқының ойыны түрінде берілген тапсырманы орындау арқылы тақырыпты түсінеді.

Жаттығулар:

  1. Сақина салмақ;

  2. Асық иіру;

  3. Бәйге;

  4. Үш орындық;

  5. Көкпар.

Қолданылатын

әдіс-тәсілдер:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

2.Талантты және дарынды балаларды оқыту;

3.СТО-ға үйрету;

4.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

5.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану.

Ресурстар:

Оқулық, постер, маркер, асық, орындық, ұялы телефон, кәмпит.

Мұғалім жазбасы:

І. Ұйымдастыру

1. Оқушылармен амандасу.

2. Түгендеу.

3. Әр топқа бағалау парағын тарату.

4. Балалар, бүгінгі сабағымызды ерекше етіп, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттай отырып өткізейік.




Бағалау парағын беру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру –

§19. Азаматтардың саяси өмірге қатынасуы

«Сақина салмақ» ойыны

Picture 1


Мұғалімнің сұрағы:

  1. Саясатты жүргізу үшін адамның қандай қасиеттері болуы керек?

  • Иә, балалар, саясатты жүргізетін, мемлекеттің билік ісіне араласу үшін адамның адамгершілігі мол, жан дүниесі рухани бай болуы керек.

  • Жалпы адамның мінез-құлқы, білімі, білігі, адамшылдық қасиеттері қоғаның қай аясын қамтиды деп ойлайсыңдар?

  • Сонда бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?


Оқушылар үйден дайындап әкелген сұрақтарын бір-біріне қояды, әр топтан 2 оқушы шығады.






1 оқушыға қойылады.






Оқушыларға сұрақ қойылады.


Оқушылар тақырыпты анықтайды.


ІІІ. Жаңа сабақ

§20. Қоғамның рухани құндылықтары

  • Балалар, бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған сабағымызға білімді әрі жан дүниесі рухани бай ұстаздар қатысып отыр екен. Келген қонақтарымыздың құрметіне «Шашу шашайық».

Мұғалімдерге, оқушыларға кәмпит шашылады. Оқушылар шашылған кәмпитті алып, 4 топқа бөлініп отырады.

1-топ (күлгін)

2-топ (жасыл)

3-топ (қызғылт сары)

4-топ (қызғылт)

Келесі ойынымыз «Асық иіру» ойыны.

1-топ: Рухтандырушылық ұғымы.

2-топ: Адамның рухани мәдениетінің негіздері.

3-топ: Рухани құндылық.

4-топ: Рухани құндылықтар және ғылыми-техникалық революция.

Балалар, сендерге асық беріліп отыр. Бір топтан 1 оқушы шығып, асықтарды иіреді. Кімнің асығы алшы түссе 1-ші болып, екінші алшы түскен 2-ші болып, бірінен кейін бірі тапсырманы орындайды.

(тапсырманы орындау уақыты 5 минут)

Ендігі ойынымыз «Бәйге» деп аталады.

Тақырып: «Рухани мұра және оның қоғам үшін маңызы».

1-топ: Рухани мұраға анықтама.

2-топ: Маңызы.

3-топ: Өмірмен байланыстыру.

4-топ: Мысалдар келтір.


Тапсырманы орындағаннан кейін «Рухани құндылық – ұлт қуаты» бейнеролик көрсетіледі.


Топтарға тапсырма беріледі, оқушылар сол тапсырмаға мәліметтерді 3 минут жинап, топ оқушылары бірінен кейін бірі толықтыра тақырыпты ашады.

Ендігі тапсырма «Үш орындық» деп аталады.

(Қазақтың әні қойылады)

Бұл тапсырмада ортаға үш орындық қойылып, 4 топтан 4 оқушы шығады. Орындалған әнге оқушылар орындықты айналып жүреді де ән тоқтағанда орындыққа отырады. Отырып үлгермеген оқушыға басқа топ оқушылары сұрақ қояды. 4 оқушы да сұрақтарға жауап береді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

«Көкпар» ойыны.


РShape4 Shape3 Shape2 Shape1 ухани мәдениет


Өнер Ғылым Адамгершілік Дін


1-топ: Өнер (өлеңдер жинағы).

2-топ: Ғылым (Абайдың қара сөздері).

3-топ: Адамгершілік (мақал-мәтелдер).

4-топ: Дін (Құран аяттары).

Оқушылар АКТ-ны пайдалана отырып қосымша мәліметтер жинақтайды. Тапсырманы орындап болған топ қолдарын көтеріп болғандығын көрсетеді.

Ү. Үйге тапсырма

§20 оқу, конспектілеу, §21 оқып, қосымша деректер жинақтау.

Сыр сандығым ашылды,

Үй тапсырма жазылды.

Келесі сенбі күнінде,

Орындауды тапсырды.

Бағалау

Топты бағалау

Сабақты түзету

(кері байланыс)

Келесі салтымыз «Тоқым қағар» деп аталады.

  1. Жақсы тілектер (ауызша немесе жазбаша);

  2. Өлеңдер шығарып айтуға болады.

Кері байланыс:(Әсет Ақжол)

Сабақ өтті қызықты,

Насихаттап салтымды.

Әдет-ғұрып, салт – дәстүр,

Шығарды қазақ атымды.


Өсиет етіп қалдырған,

Рухани өмір мұрасын.

Есейіп, өсіп кетсең де,

Жадыңда сақтап тұрасың.

«Орамал тон болмайды, жол болады» деп, келген қонақтарымызға кішігірім сый-сияпат берейік.

Платон айтқандай:

«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние» деп, сабағымызды аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
109 ұстаз жүктеп алған
30.01.2018
4242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі