Материалдар / Ашық сабақ: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар (7 "А" сынып)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Қолайсыз атмосфералық құбылыстар (7 "А" сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
610
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АТМОСФЕРАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР. ҚОЛАЙСЫЗ АТМОСФЕРАЛЫҚ
ҚҰБЫЛЫСТАР (Сынып: 7 «А»)
САБЫРБАЙ С.С., география пәні мұғалімі,
№63 ЖББ мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Атмосфералық құбылыстар. Қолайсыз атмосфералық құбылыстар
Осы сабақта қол
7.3.2.7 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз
жеткізілетін оқу
атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын
мақсаттары (оқу
ұсыну
бағдарламасына
сілтеме)
Сабақтың мақсаттары
1.Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың түрлерін ажырата алады.
2.Құбылыстардың шығу себебін, таралуын дәлелдер келтіріп
түсіндіреді.
3. Ауа райы құбылыстарына болжам жасап, зардаптарды азайтуда өз
ойларын жүзеге асыра алады.
Бағалау критерийі
Түсіну: Адам өмірі және шаруашылыққа жайсыз ауа
құбылыстарының теріс әсерлігін дәлелдермен келтіреді.
Қолдану: Құбылыстардың себебін ауа райы
пайдаланып, орын алу көздеріне болжам жасау.

элементтерін

Талдау: Оқушылардың климаттан келетін зардаптарды азайтудағы
іс-шараларды ұсынып,өмір қауіпсіздігін талдайды.
Тілдік мақсаттар
Лексика және терминология. Көктайғақ, найзағай, смог,тұман,
күркіреу, аңызақ, шаңды дауыл, қуаңшылық, үсік, жел,
құрғақшылық
Оқылым: Мәтінді оқи отырып қолайсыз атмосфераның
құбылыстарын зерделейді.
Тыңдалым: Бейнематериалдарды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.
Айтылым, жазылым: Картаны, суреттерді қолдана отырып ауызша
және жазбаша сипаттайды.
Құндылыққа баулу
Азаматтық жауапкершілік пен қазақстандық патриотизмді,
экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Өзгелердің мәдениетіне
және көзқарастарына құрметпен қарау.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және
әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Физика, жаратылыстану, қазақ тілі
Алдыңғы білім
Оқушылар осы уақытқа дейін ауа райы туралы білетін ойларын
айтады. Ауа райының элементтерін айта алады. 5-6 сыныптағы
білімдерін пайдаланады.. Атмосфера құрамы және құрылымы.
Метеорологиялық элементтер тақырыбының ақпараттарын
қолданады.
Сабақтың жоспары
Сабақтың
Сабақ барысы :
Бағалау
жоспарланған
түрлері
кезеңдері

Сабақтың басы

1.Ұйымдасу кезеңі. ( 3 минут)
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Бірлескен оқу ортасын құру.
2.Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша алдыңғы білім (5-7
минут)
«Жұбымды тап» ойыны арқылы үлестірме қағаздар
таратылады. Таратылған қағаздардың бірінде – сұрақ, енді
бірінде - жауап болуы мүмкін. Оқушылар сұрақ пен жауапты
сәйкестендірулері қажет.
1. Ғарыштық кеңістікпен шектесіп, жер өсімен
бірге айналатын планетамыздың ауа немесе
жеңіл газ қабығы – атмосфера.
2. Құрамында су буы жоқ ауа – құрғақ ауа.
3. Азот, оттегі, инертті газдар, көміртегі диоксиді,
озон – таза ауаның құрамдас бөліктері.
4. Табиғи аэрозолдар – жерден желмен көтерілетін
жанартаулық шаң, өрттен шыққан түтін, топырақ
және тау жыныстарынан бөлінген шаң, теңіз
тұздары, су буының молекуласы.
5. Атмосфераның маңызды құрамдас бөліктері –
су буы, озон, көмірқышқыл газы.
6. Тропосфера, стратосфера, мезосфера,
термосфера, экзосфера – атмосфераның
қабаттары.
7. Атмосфераның жер бетіне тікелей жақын
орналасқан төменгі тығыз қабаты – тропосфера.
8. Белгілі бір жерде, белгілі бір аймақта болып
тұратын атмосфераның жай-күйі – ауа райы.
9. Ауа температурасы, бұлттылық, атмосфералық
жауын-шашын, жел – метеорологиялық
элементтер.
10. Ауа райын болжаумен айналысады –
синоптикалық метеорология.
11. Шекарасы 50-55 км-ге жететін қабат –
стратосфера.
12. Ең жоғарғы және шашыранды қабат – экзосфера.

Үлестірмелі
қағаздар
таратылады

Қалыптастырушы бағалау:
Мұғалім оқушыларды вербальды бағалайды.
3.Ой қозғау. Жұмбақтың дұрыс жауабына қарай оқушыларды 3
топқа бөледі (5 минут).
Шөміші жоқ теңізді сапырады,
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Қусамда жеткермеді тура қашты,
Барды да бұрыш қаптың аузын ашты. (Боран)

Интербелсенді
тақта,
слайд
№1

Тақырыпты айқындау
Экранға қолайсыз атмосфералық құбылыстардың суреті
беріледі: боран, көктайғақ, құрғақшылық, тұман, үсік, нөсер
жауын.
Суреттен не байқадық? Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы
қандай?
Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың
тақырыбы «Атмосфералық құбылыстар. Қолайсыз
атмосфералық құбылыстар» анықтайды.

Интербелсенді
тақта,
слайд
№2
Бейнекөрініс

Жаңа білім

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар – адамға және
шаруашылыққа зиянын тигізетін табиғи құбылыстар. (3 минут)

Оқулық,
мәтіндер

Сабақтың
ортасы
10 минут

Қолдану (12 минут)
1-тапсырма. Топтық жұмыс

Оқулық

Найзағай тобы
Нөсер
Құрғақшылық
Ыстық

Бағалау критерийі
Қолайсыз ауа райы
құбылыстары
зардаптарын
анықтап, түсінік
беруі

Боран тобы
Көктайғақ
Тұман
Қарлы боран

Дауыл тобы
Шаңды дауыл
Аңызақ жел
Құйын

Дескрипторлар
1.Атмосфералық
құбылыс
терминдеріне
анықтама береді.

Баға

2.Тұрмыс-тіршілікке,
шаруашылыққа кері
әсер етуші
құбылыстарды
анықтайды.
3. Келтіретін
зардаптарын
түсіндіреді.
2-тапсырма. Топтық жұмыс
«Тұжырымдама картасы»

Қабырғаға
ілінген
ватмандар,

Бағалау критерийі
Қолайсыз
атмосфералық
құбылыстардан
сақтану жолдары
Сабақтың соңы

Дескрипторлар
1.Алдын ала сақтану
шараларын ұсынады.

Баға

«Автор орындығы» (7 минут)
3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі.
1.Табиғат құбылысына теңеу арқылы өлең шығару (Найзағай
тобы)
2. Сұхбат алу
3. Карта құрастыру
Бекіту сұрақтары
1.Қандай құбылыстармен таныстық?
2.Неге қолайсыз құбылыстар деп атаймыз?
3.Осы құбылыстардан не істеп жүру керек?
Кері байланыс (3 минут)
Ауа құбылыстарын ыммен, қимылмен көрсету
Сабақ барысы ұнамады – боран
Сабақ жақсы өтті – жел
Сабақ өте жақсы өтті – жаңбыр
Үйге тапсырма
Өзіміздің туған өлкемізге тән ауа құбылыстарының қалыптасу
себептерін анықтау.

түрлітүсті
маркерлер.
Топтық
жұмысқ
а арналған
ресурстар

7 «А» сынып оқушыларымен сабақ барысындағы көрініс
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!