Материалдар / Ашық сабақ Қоректену типтері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Қоректену типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта оқушылар қоректенудің не екенін жіне оның типтерімен танысады, жануарлар мен өсімдіктердің қоректену типтерімен толықтай таныса алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
513
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың нөмірі: 10
Сабақтың тақырыбы: Дихотомиялық кілттер және олардың қолданылуы
1. Мақсаты: 7.1.1.4 - жекелеген ағзаларға қарапайым дихотомиялық кілттерді
қолдану
Қысқаша тезисті конспект.
Dихотомиялық кілттер және оларды түрлерді анықтау үшін
қолдану. Dихотомиялық кілттерді ең алғаш XIX ғасырда Ж.Б. Ламарк
ұсынды. Олар қарапайым әрі қолайлы болғандықтан қазіргі кезде де
қолданылады. Dихотомиялық кілттердің құрылысы қандай? Оның көмегімен
зерттеуші алдында ағзаның қандай туысы мен түрі тұрғанын анықтай алады.
Кілттер екі сатыдан тұрады, яғни ол үнемі екі бөлікке бөлінеді. Әр сатыдағы
белгілер сипаттамасы бір-бірін толық жоққа шығарады. Осындай кілттерді
пайдаланған кезде, анықтап отырған адамда белгілердің екі жиыны болады
(бекіту (қабылдау) – теза және теріске шығару (терістеу) – антитеза). Теза
мен антитезада осы сатыға едәуір тән белгілер келтіріледі. Мысалы, теза –
«жай жапырақтар», ал антитеза – «күрделі жапырақтар». Антитезада, тезада
келтірілген белгілерге қарсы белгілер беріледі. Содан кейін егер «жай
жапырақтар» болса, онда олардың пішіні таңдалады. Мысалы, теза –
«дөңгелек жапырақ», ал антитеза – «ұзын жапырақ» және т.б. Егер «күрделі
жапырақ» болса, онда күрделі жапырақ типі таңдалады. Мысалы, теза
– «саусақ тәрізді күрделі жапырақ», ал антитеза – «қауырсын тәрізді күрделі
жапырақ» және т.б.
Әдетте, анықтамаларда кілттер былай беріледі: алдымен анықтама едәуір ірі
жүйелеу категорияға (класс, отряд, қатар, тұқымдас) беріледі. Дихотомиялық
кілттер өсімдіктер мен жануарларды анықтау үшін жеке болады. Мысалы,
зерттеуші қандай патшалық: өсімдік немесе жануар өкілін қарастырып
жатқанын бірден айта алады. Сондықтан бірінші теза «зерттелетін нысан
өсімдік», ал антитеза «анықталатын нысан жануар» деген пікір болмайды.
Едәуір ірі категория ішіне жылжыған сайын едәуір ұсақ категория (туыс, түр)
нысанын анықтауға болатын арнайы кілттер болады.
Dихотомиялық кілттерге мысалдар. Ботаникалық анықтамаларда әрбір
дихотомиялық кілттер сол жақтан реттік нөмірмен белгіленген ретті (жүйелі)
сатылардан тұрады. Әрбір жеке саты өз кезегінде екі бөлікке – теза мен
антитезаға бөлінеді. Теза сатының реттік нөмірімен белгіленеді, ал антитеза –
плюс (+), минус (–) немесе нөл (0) деп белгіленеді. Әрбір теза мен антитеза
басқа сатыға сілтеме беретін санмен немесе сәйкес жүйелеу категория
атауымен аяқталады.
Ботаникалық анықтамада кілттер құру мысалдары:
Теза: 1. Тік сабақ 2
Антитеза: – Сабағы ілмек тәрізді иілген
3

Теза: 2. Сопақ жапырақ ……………. Жолжелкентәрізді, мойыл.
Антитеза: – Жіңішке қандауырша тәрізді жапырақ……….............
Қандауыр кербезгүл
2. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
1). «Дихатомия» дегеніміз не?
2). Өсімдіктер мен жануарлардың анықтамалықтарын пайдаланып,
дихатомиялық кілттердің құрылысын талдаңдар.
3. Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе
WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!