Материалдар / Ашық сабақ Қоршаған орта

Ашық сабақ Қоршаған орта

Материал туралы қысқаша түсінік
0.2.1.2. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау. 0.2.1.3. Өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу. Барлық тәрбиеленушілер: Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін сипаттайды. Көпшілік тәрбиеленушілер: Табиғат құбылыстарын, яғни оның түрлерін ажырата алады. Кейбір тәрбиеленушілер: Оқытушының көмегінсіз ауданының сызбасын сыза алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2021
899
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Қоршаған орта


Такырыбы «Туған өлкемнің табиғаты»

Мектеп: Ақсай қаласы № 7 ЖОББМ

Күні: 23.01.2020

Тәрбиеші: Назарова Айнур Жаскеленовна

Сынып: «0 б»МАД

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

ҰОҚ-нің

Мақсаттары

0.2.1.2. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау.

0.2.1.3. Өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу.

Күтілетін

Нәтижелер






Барлық тәрбиеленушілер:

Әр жыл мезгіліне тән табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін сипаттайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Табиғат құбылыстарын, яғни оның түрлерін ажырата алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Оқытушының көмегінсіз ауданының сызбасын сыза алады.

Тілдік мақсат-

тар








Тәрбиеленушілер:

түсіндіру, не үшін бізге карта маңызды; ойлау, диалогке қатысу керек.

Көптілділік:

Табиғат – природа

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Туған өлкем, жыл мезгілінің құбылыстары.

Пікір алмасу сұрақтары.

Карта дегеніміз не?

Қай жерде орналасқан?

Табиғатқа деген сүйіспеншілігің қандай?

Дала. Өсімдіктер, жануарлар. Ауа райы, желдің күші, жауын-шашын, температура индикаторы, климат.

Өткен ҰОҚ-де

алған білім.

Балабақша бөлмесі мен бөлімше жоспар туралы қарапайым ұсыныстар. Ғимараттар, жолдар, өсімдіктер туралы білімдер.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орнату.

0 –1 мин

(Ұ) Шаттық шеңбері

Армысын, алтын күн

Армысын, жер ана

Армысын, жан досым

Армысын, баршаңа.

Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық

II. Өмірлік

тәжірибені

белсендіру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2 – 5 минут








(Т) Өлкемнің табиғаты туралы әңгіме

Туған өлкемнің табиғаты туралы слайд көрсету.

Біздің еліміздің табиғаты қалай суреттелген?

Біздің өлкеміздің табиғаты сұлу. Биік тау бар. Ауыл сыртында Ақсу өзені ағып жатыр. Өзен жағасында жап-жасыл құрақ өседі. Біз онда асыр салып ойнаймыз. Өзенде балық бар. Менің өлкемде құндыз, қасқыр, түлкі, қоян, қырғауыл сияқты жануарлар тіршілік етеді. (Балалардың үлгі жауабы)

Еліміздің табиғатын қорғауымыз керек.

Оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры.

ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут

 -Балалар мынау не? Карта?

Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсету) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,  жері кең,  байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет.  Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.

Еліміздің бір жері таулы, бір жері жазық дала болып келеді. (түсіндіру)

-Балалар біз тұратын жеріміз қайсысына жатады деп ойлайсыңдар?

(Ө, Т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма

Балалар өздері тұратын өлкенің табиғаты қай суретке сәйкес келетіндігін анықтайды. Мысалы: таулы аймақта тұратын балалар тау баурайында тұрған қаланың суретін, ал теңіз немесе көлдің жағасында тұратындар теңіз жағасында тұрған қаланың суретін белгілейді.

(Ұ) Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.

-Балалар бұл не? Ағаш

-Ағаштың қандай пайдасы бар?

-Ол қандай табиғатқа жатады? (тірі табиғат)

Бұл жай ағаш емес сиқырлы ағаш екен .Қазір мен сендерге жұмбақ оқимын сендер осы жұмбақтың жауабын шешу арқылы осы ағаштың сиқырлығын табасыңдар.

Қойының толы жеміске,

Көк майсалы егісте.

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың? (жаз)

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды. (күз)

Қар,мұз еріп,су көбейіп,

Сай салаға толады.

Бүршік жарып,жарық ашып,

Гүл бәйшешек басады. (көктем)

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады? (қыс).

1 жаз мезгілінің тапсырмасы (күн шуақтары: тірі және өлі табиғат суреттерін атау,буынға бөлу)

2 күз мезгілінің тапсырмасы (жұлдыздар:1-20 сандар, тура,кері санау)

3 көктем мезгілінің тапсырмасы (жыл мезгілдерін атау)

4 қыс мезгілінің тапсырмасы (ойын: «Тірі және өлі табиғат»)

Шарты: Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен тарсылдатасыңдар.

-Қарлығаш,ағаш, гүл,жануарлар, (қол шапалақтау)

-Тау,су,тас,топырақ,күн, (аяқпен тарсылдату) т.б

(Ұ) Табиғат жайлы өлең оқу.

Табиғаттың әсемдігін жырлаған ақындар баршылық. Мысалы: Тұманбай Молдағалиевтің

«Қыс» өлеңін тыңдаңдар.

Жапалақтап аппақ қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Өлеңде қай жыл мезгілі туралы айтылған? (Қыс)

Қандай табиғи құбылыс туралы айтылған?

Қар.

Қардан басқа тағы қандай табиғи құбылыстар болады?

Жаңбыр. Жаңбыр жаз, күз және көктем мезгілдерінде жауады.

Найзағай. Найзағай қатты нөсер жауған кезде болады. Көктем және жаз айларында болады.

(Ө, т) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. Өлкеңде қандай табиғи құбылыстар жиі болып тұрады? Суреттерін жапсыр. (Қар, жаңбыр, күн, найзағай

(Т)Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»

Балалар 4 топқа бөлінеді. Төрт мезгілге байланысты суретті кестелер таратылады.

1-топ. «Көктем» туралы суреттерді дұрыс орналастыру. Көктем мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды. Мысалы: көктемде ауа райы жылынады. Қар ериді. Шөп шығады.

Жаңбыр жиі жауады. Жер беті жап-жасыл болады.

2-топ. «Жаз» туралы суреттерді дұрыс орналастыру.

Жаз мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды.

3-топ. «Күз» туралы суреттерді дұрыс орналастыру.

Күз мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды.

4-топ. «Қыс» туралы суреттерді дұрыс орналастыру.

Қыс мезгілінің табиғаты жайлы қысқаша баяндайды.

3-тапсырма: суретке қарап, шартты белгілерді біліп ал.

Осы шартты белгілерді пайдаланып, өз өлкеңнің сурет-сызбасын ересектердің көмегімен бейнеле. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру. Мен шартты белгілердің көмегімен балалар не бейнелегендерін айтып беруді сұраймын.


IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. рефлексия.

26–30 мин


(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ