Материалдар / Ашық сабақ Құқық бұзушылықтын алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Құқық бұзушылықтын алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
құқық бұзушылықты алдын алуға арналған сабақ мектеп инспекторы есебіндегі оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру. 11 сынып жетекшілерінің құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша жұмысы. Балаларын тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналармен әңгімелесулер жүргізу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2021
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тренингі

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

1. Кіріспе

Өмірің болсын десең сенің сәнді Ойланып, айналаңа қара мәнді. Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды. Салауатты мақсатың - өмір сүру, Өмірдің мағынасын керек білу. Ішімдік, нашақорлық сенің жауың Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.

Бүгінгі таңда жастардың күрмеуі қиын мәселелері өте көп, бұған алкогольді, бұзақылықты, есірткі мәселелерін, мінез-құлық мәдениетінің, құқықтық мінез-құлық мәдениетінің жоқтығы, т.с.с. жатқызуға болады. Бұл сұрақтарды қарастырғанда, отбасылық жақсы тәрбие мен білім беру мекемелеріндегі ұстаздардың сапалы жұмысы аса маңызды. Десе де, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. «Әр адам екі жақты тәрбие алады: бірін өмірлік тәжірибесі арқылы ата-анасы берсе, екіншісін, ең маңыздысын, ол өзі алады» деген пікірмен келіспеу мүмкін емес.

Жастар ортасы өз басымдықтарын, іс-әрекеттерін, дағдыларын қалыптастырады, бірақ онда адамзаттың іс-әрекет мәдениетінің үздік үлгілері насихатталуы керек.

Бұл бағдарлама жастардың құқықтық сауаттылығын, іс-әрекет және қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау мәдениетін көтеруге бағытталған.

Мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда этика мен мәдени іс-әрекет ережелерін сақтау дағдыларын, нормативтік-құқықтық база туралы білімдерін қалыптастыру.

Сонымен қатар, жастармен жүйелі және сапалы тәрбие жұмысын қамтамасыз етуде білім беру мекемесі мен отбасының күшін үйлестіру, жастар ортасыда аға ұрпақтың мәдени дәстүрлерінің құндылықтарын насихаттау, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жұмысты жетілдіру аса маңызды.

Жастардың қызығушылықтары әрқилы, олардың сұраныстары тәрбие жұмысын жетілдіруді талап етеді. Бірақ бастысы – жастар қоғамдағы іс-әрекет мәдениетінің үздік тәжірибесін меңгеруге дайын, олар білміді алып қана қоймай, оны өмірлік қолданысқа енгізуге қабілетті.

2. Негізгі бөлім

Заңды бұзып отырған жасөспірім болмашы жаман қылық жасадым деп есептейді көп жағдайда. Алайда бұл үлкен қателік. Бүгінгі тренингіміздің арқасында осынау қате түсініктен арылуға тырысамыз. Ол үшін, алдымен, тобымыздың ережелерін бекітіп алайық:

1. Топта болып жатқан жағдайлар қарым-қатынасқа зиянын тигізбеу керек.

2. Біреуді кемсітуге, дөрекілік көрсетуге болмайды.

3. Балағат сөздерді қолдануға болмайды.

4. Бір-бірімізді атымызбен атау қажет.

5. Біреу сөйлегенде кедергі келтірмеу, өз ойын білдіргісі келген жағдайда, қол көтеріп сөйлеу.

6. Тренердің нұсқаулары талқыланбайды.

7. Рұқсатсыз топтан шығып кетуге болмайды және т.с.с.

Сонымен қатар, осы ережелерді бұзғандарға айып санкциялары салынады. Есіктің сыртына шығарып жіберу ең қатаң жаза болып табылады. Ең қолайлысы – бір жаттығу бойы пікір білдіру құқығынан айырылу. Әдетте жасөспірімдер пікір білдіре алмауына қатты қынжылады, сондықтан бұл топта тәртіптің сақталуына түрткі болады. Ережелердің көбін жасөспірімдердің өздері ұсынғаны абзал. Өздері орнатқан ережені, өздері орындайды: «Мені мәжбүрлеген жоқ, менің таңдауым осы».

1) Танысу «Қол алысу»

Әр қатысушы топтың барлық мүшелерімен қол алысып сәлемдеседі.

2) Топтағы талқылау «Соңғы күндері менің өмірімде орын алған жақсы жақтар мен жаман жақтар». Бұл жаттығу оқушылардың өз іс-әрекеттері мен достарының іс-әрекеттерін талдау қабілетін қалыптастырады. Сондықтан «Неге?» деген сұраққа міндетті түрде жауап алу қажет, түсіндіріп беруден бас тарту қабылданбайды.

3) «Жауапкершілік дегеніміз не?» жаттығуы

Мақсаты: Жауапкершілік туралы ұғым қалыптастыру.

Міндеттері: Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік туралы ұғымды, жауапкершілігі бар адамның құрметке лайық екендігі туралы сенімді, өз іс-әрекетінің салдарын болжай алу және оларды талдау дағдыларын қалыптастыру.

Кіріспе

Оқушылардың жауапкершілік туралы түсініктерін өзектендіру. «Сұраққа жауап беру» мен «іс-әрекетке жауап беру» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты қарастыру ұсынылады. Неліктен іс-әрекет үшін жауап беру қиынға соғады. Жауапкершілікті өз мойнына алуға жазаланудан, кемсітуден қорқу, басқалардың түсінбеуінен және кешірмеуінен қорқу кедергі болатынын атап айтқан жөн.

Негізгі бөлім

Адамдар бір-біріне өмірдегі қателіктерінің көбін кешіруге бейім екендігі туралы; өз іс-әрекетінің салдарын саралау алдағы өмірде қателіктерді болдырмауға көмектесетіні туралы түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің

оғаш қылықтарының көпшілігі түзетуге келмейтін қателіктер емес екендігіне көз жеткізу.

Оқушыларға әдеттегі өмірлік жағдайдағы қателік туралы мысал келтіру ұсынылады (топта немесе жекелей). Содан соң топтың өкілі немесе қалаған оқушы осы қателік туралы айтады, ал басқалары (олар жақын адамдары, достары немесе ата-анасы тұрғысынан) осы қателіктің себептерін талдайды, оны ақтауға тырысады. Жақын адамдары кешірмейтін қателіктер кем де кем екендігіне көз жеткізу қажет. Осы қателікке байланысты оқиға аяқталғаннан кейін оқушылардың сезімдерімен бөлісу (кінә сезімі, жеңілдеу, мұның қайталанбауын тілеу). Өзінің қандай да бір қателігін еске түсіріп, жағымсыз жағдайлар орын алмау үшін не істеуге болатыны туралы ойлану ұсынылады. Ойлануға шамамен бір-екі минут уақыт беріледі (балалар айтуға ниеттенбесе, мәжбүрлемеу; осы тапсырманы орындау үшін кинофильмнен немесе әдеби шығармадан мысал келтіруге болады). Іс-әрекеттерінің салдарын болжай алуға ұмтылу, орын алған жағдайды талдай білу алдағы уақытта осы сияқты қателіктерді болдырмауға көмектесетініне назар аударту.

Қорытынды бөлім.

Жеке бас стратегиясын өңдеу. «Ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді» деген сөздің мағынасын талқылау. Ерлік дегеніміз ешқашан қателік жасамау емес, осы қателіктеріңді мойындай білу деген қорытындыға келу. Адамның қандай қырлары жағымсыз әрекеттерге алып келетінін, қандай қырлары оларды болдырмауға көмектесетінін талқылау (жауаптарды тақтаға немесе қағазға екі қатарға жазуға болады).

Жасөспірімдерге келесідей сөйлемдерді аяқтау ұсынылады: «Мен көбінесе дұрыс жасамаймын, өйткені... (мысал ретінде өз мінезінің ерекшеліктерін келтіру)» және «Қателік жасамау үшін, мінезімнің мынадай қырына сүйенуім керек...».

4) «Ертегі айтайық» жаттығуы

Мақсаты: Заңдардың қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Мазмұны: жасөспірімдерге патша билейтін патшалық пен онда тұратын халық туралы ертегі құрастыру ұсынылады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әрқайсысына жеке тапсырма беріледі. Бірінші топ заңдары бар және олардың орындалуын патша қадағалайтын патшалық туралы ертегі жазады. Екінші топ заңдары жоқ патшалық туралы ертегі құрастырады. Шығармашылыққа 15 минут беріледі.

Әр топ өз ертегісін оқиды. Содан соң талқылау жүреді. Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

- Қай елде халық жақсы тұрады?

- Заңдардың орындалуын қадағалау қажет пе?

- Жалпы заңдардың қажеті бар ма?

Жүргізушіге ескертпе. Жасөспірімдердің қиялына шектеу қоймаңыз. Ойларынан құрастырсын, бұл өз сезімдері мен әрекеттерін талдау қабілеттерін дамытады.

5) Топтық пікірталас «Кәмелетке толмаған адам құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?» Қатысушылар кәмелетке толмаған адам қандай құқық бұзушылықтары үшін және қай жастан жауапкершілікке тартылады деген сұраққа жауап беруі тиіс. Жүргізуші оқушыларды түзетпейді және дұрсы жауаптары үшін мақтамайды, тек ойларын тыңдайды. Бұл ойлар ватманға жазылып, топта талқыланады.

6) Ақпараттық-құқықтық бөлім «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» Жүргізуші кәмелетке толмағандардың жауапкершілігін анықтайтын, ҚР заңнамасы туралы айтып береді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейді.

ҚР ҚК-нің 15 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады.

Одан басқа, қылмыс жасаған уақытта он төрт жасқа толған адамдардың қылмыстық жауаптылыққа жататын қылмыс санаттары бар. Оларға: адам өлтiру (99-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (106-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру (107-баптың екiншi бөлiгі), зорлау (120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерi (121-бап), адам ұрлау (125-бап), халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (173-бап), әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру (174-бап), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қолсұғушылық (177-бап), Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қолсұғушылық (178-бап), диверсия (184-бап), ұрлық (188-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), тонау (191-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), қарақшылық (192-бап), қорқытып алушылық (194-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу (200-баптың екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру (202-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi), терроризм актісі (255-бап), терроризмді насихаттағаны немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру (256-бап), террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу (257-баптың бірінші және екінші бөліктері), террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап), адамды кепiлге алғаны (261-бап), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап), терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау (273-бап), қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде бұзақылық жасау (293-баптың екінші және үшiншi бөлiктері), тағылық (294-бап), есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап), ауырлататын

мән-жайлар кезiнде өлгендердiң мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау (314-баптың екiншi бөлiгi) және көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (350-бап). Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді. Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі. Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін. жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.

Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:

· заңды түсіндіру;

· ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

· келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;

· бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.

Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза — әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін - оны анықтаған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жазаға тартылмаған болып саналады.

7) Құқық бұзушылық туралы бейнеролик көрсету.

8) Жаднама құрастыру.

Құқық бұзушылықты қалай болдырмауға болады? Бірлесіп жаднама құрайық, оны «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін» деп атайық.

1. Өзіңе қалай қарайсың, өзгеге де солай қара.

2. Бос уақытты, демалысты ұйымдастыру (үйірмелерге, секцияларға қатысу, сүйікті іспен айналысу).

3. Күдік тудыратын топтармен қарым-қатынасқа түспеу (қандай топтар және неліктен екенін нақтылу).

4. Егер бір жағдай орын алса, міндетті түрде ересек адамдарға ол туралы айту.

5. Әрбір әрекетің үшін міндетті түрде жауапқа тартылатыныңды ұмытпау.

9) Рефлексия «Кері байланыс орнату» - қатысушылар шеңбер бойымен тренинг туралы пікірлерін, ненің ұнағанын, ненің қиын болғанын айтады.

1. Қорытынды.

«Жолдорба» жаттығуы. Әр қатысушы ұзақ өмір жолына өз «жолдорбасын» жинақтайды. Бұл жолдорбаға осы сабақта білгендерін, үйренгендерін, түйгендерін салады. Содан соң жолдорба жүргізушіге тапсырылады. Жазбалар тренингтің нәтижелілігін бағалау үшін қолданылады. Кейбір балаларға білім қорын анықтауда жүргізушінің көмегі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!