Материалдар / Ашық сабақ. Құрманғазы "Адай"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Құрманғазы "Адай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуез мектебі ұстаздарына, оқушыларға, студенттерге тигізер пайдасы зор. Құрманғазы туралы,Адай күйінің шығу тарихы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
1968
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шиелі аудандық балалар әуез мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: Құрманғазының күйі -

«АДАЙ»





Домбыра сыныбы мұғалімі: Ибадуллаева Ф.

Оқушы : Данабек Қарақат , 4-сынып





2020 – 2021 оқу жылы.





Сабақтың тақырыбы: Құрманғазының күйі «Адай»

Сабақтың мақсаты :

1.Қазақ халқының ұлттық аспабы домбыраны құрметтеуге, тереңірек меңгеруге ықпал жасау. Домбырада ойнау шеберлігін арттыру , дамыту. Нотаны бірден жүргізіп ойнауға үйрету.

2. Орындаушылық шеберлігін дамыту.

3. Музыканы жақсы түсініп, сүйе білуге, одан әрі қарай білімін жетілдіре түсуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа күйді меңгерту.

Сабақтың әдіс тәсілі : Түсіндіру. Өтілетін күйді оқушыға орындап көрсету. Сұрақ - жауап алу. Оқушының қабылдау қабілетін қадағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Домбыра аспаптары, буклеттер, суреттер,ноутбук.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әуез әдебиеті, сольфеджио, тарих.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а). Сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру.

ә). Үй тапсырмасын орындауға дайындау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

а). Техникалық жаттығу.

Гамма ми ь-мажор, екі октавада орындату.

б). Қ.Ахмедияровтың күйі : «Жібек Жетісу» .

г). Құрманғазының күйі «Қызыл қайың серпер» жатқа орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Құрманғазының күйі «Адай»

а). Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы Бөкей хандығы ,қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген. Құрманғазы жастайынан халық әндері мен күйлерін тыңдап өсті. Оның әкесі Сағырбайға баласының музыкаға деген қабілеті оншалықты әсер етпейді. Бірақ анасы Алқа Құрманғазының бұл талабына өзгеше көңіл қояды. Жасы оннан асқанда Шағбаланың ауылына әйгілі домбырашы Ұзақ келеді. Жас Құманғазының домбырада күй тартқанын ұнатқан Ұзақ қарт, оған домбыра тарту өнерінен біршама сабақ береді.Бұл кездесу Құрманғазы үшін өмір жолын анықтаудағы маңызы зор оқиға болды. Ол он алты жасынан бастап туған аулынан кетіп, күй тартып, ел аралай бастайды. Өз өнерін одан әрі жетілдіре түседі. Құрманғазы Ұзақ қартпен тағы кездеседі. Онымен бірге ауылдарды аралап, көптеген күй тартыстарға қатыса жүріп, елге атағы шығады.

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын.Замана зобалаңы Құрманғазыны да от – жалынымен шарпып бағады.Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертен кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Бозшолақ», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол» сияқты күйлері замна басқа салған зобалаңның бір – бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ» , «Қуаныш», «Ақсақ киік» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық Құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән.Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи – әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.

«АДАЙ» күйінің шығу тарихы 1-түрі

Қызан ауылының ақсақалы руы Жары Құрым Мұрат (Кешше) Шамыран ақсақалдың айтуы бойынша, ол кісі 1914 жылы Бозашы түбегінің Жиделі жерінде дүниеге келіп, әкесі Исатай бай кісі болғандықтан (Исатайдың атында Жиделі жерінде атақты суы сарқылмайтын құдық бар және Исатай деген жер бар)Совет үкіметінің қуғынына ұшырап, Түрікменстан жеріне кетіп, артынан 1965 жылы Бозашы түбегіндегі Қызан ауылына көшіп келеді. Сол Шамыран ақсақалдың айтуы бойынша :

- Құрманғазы бірде келе жатып, 300 адайдың жауынгерлеріне кездеседі. Сол жерде ол адайлардың алда тұрған 2 мыңдай түрікменнің жауынгерлерімен соғысайын деп тұрғанын естіп, бұлар өздерінен бірнеше есе көп жауға қалай шабайын деп тұр? Қалай болар екен деп биікке, тауға шығып ұрыстың бағытын қарап тұрған. Бұл кезде 300 Адай бір қатарға бәрі қатар тұрып, сосын аттарының құйрығына қойдың терісін (тулақ) байлап, қатар тұрған күйінде қаптап тұрған түрікмендерге қарсы шапқан. Түрікмендерге қатар шауып келе жатқан 300 адай, және аттардың сүйреген тулағынан үлкен шаң көтеріліп, оларға өте көп болып көрінген. Түрікмендер сасып, қорқып адайлар жақындағанда кейін қарай бытырай қашқан. Адайлар артынан қуып, жеткендерін құлатып, қырған. Бұны көріп тұрған Құрманғазы адайлардың тапқырлығына, батырлығына таң қалып, қошы келіп сол жерде Адай күйін шығарған екен. Адай күйін тыңдасаң жауға шапқан ержүрек адайлардың айқайы мен аттардың шапқан дүбірі естіледі - дейтін.!

«АДАЙ» күйінің шығу тарихы 2-түрі

Құрманғазының жас кезіндегі шығармаларының біріне жататыны – «Адай» күйі. Бұл күй туралы түрлі пікірлер, талай легендалар бар. Біреулер "Адай" күйі Құрманғазының өзінікі емес дейді. – Құрманғазы бір Адайдың үйіне келіп түсіп отырса, ілулі тұрған домбыраны көреді. Домбыраны алып қарап, бір-екі қағып көріп, қайтадан орнына қояды.

Бұл кезде сол үйдің жалғыз қызы үйге кіріп келіп, – менің домбырамды ұстаған, даусын шығарған кім? – дейді. Қыздың әкесі: – қарағым, мына қонақ жігіт болар, – деп, Құрманғазыға қарайды. Құрманғазы үндемей отыра береді. Қыз отырып күй тартады. Қыз бір күйді тартып болғансын, Құрманғазы: – шырағым-ай, күйдің шоғын тартпай боғын тарттың ғой, – дейді де, өзі домбыраны алып, сол арада "Серперді" тартады. Үй иесі де, қыз да қонақтың Құрманғазы екенін танып, бірнеше күн жатқызып, күй тарттырады. Сондағы қыздың тартқаны осы "Адай" күйі екен деседі біреулер. Осы "Адай" күйінің формасына, техникалық дамуына, динамикасына қарағанда, бұл күй Құрманғазының өз күйі екендігі байқалады. Адай қызынан үйренген емес, Құрманғазы оны Адайдың қызына арнап шығаруы мүмкін. Арнағанда да қыздың өз қара басының ғана қасиеттеріне емес (күйдің өрісіне қарағанда), сол кезден-ақ Адай халқының "тентек" атаққа шыққаны "Танысаң Адайыңмын, танымасаң құдайыңмын", – деп келетін ел екендігін "Кіші жүзді найза беріп, жауға қой" деген сөздің бір жағы осы Адай халқының мінезіне қабысып жататын ұғым екендігін аңғарған композитор сол Адай қызы арқылы еркіндік сүйген елдің өз мінезіне арнап тартқаны шығар деген біздің пікіріміз орынды болып шығады. Тағы бір қосымша: алдыңғы пікір дұрыс болғанның өзінде де, "Адай" сияқты күй "күйдің боғына" қосылуының ешбір мүмкіндігі жоқ. Құрманғазыдай күйдің сапасын білетін кісі "Адайды" боққа, әрине, қоспаған болар. Оның үстіне "Адай" мен "Серперді" салыстырғанда да екеуінің арасында аспан мен жердей айырма көрінбейді. Сондықтан, "Адай" күйі Құрманғазының өз шығармасы екендігі байқалады.

Екпіні – Жылдам,жігерлі. Кездесетін динамикалық белгілері : mр, mf, f , ff, sp, Picture 2 , , . Өлшемі: ; . Тональдігі ре минор, бір кілттік белгісі бар: си бемоль, күй 87 тактіден тұрады.

б). Күй екпінді жігерлі орындалады, әуелі нотаға талдау жасап, қағысқа мән беру керек ,санап асықпай орындату керек ,акцентке мән беру керек. Форшлагтар кездеседі, оны орындау әдісіне мән беру керек. Бір нотаға лига арқылы екі нота алу әдісін игерту. Әр бір тактіде кездесетін нюанстарға мән беріп, оны орындатып үйрету керек.Сонымен қатар күйдің мазмұнына мән беріп,күй жігерлі де,қайратты, қайтпас қайсар қазақ батырларының бейнесін бейнелейтін шығарма.Осындай шығармалар арқылы шәкірттерімізді елін сүйетін, қадірлейтін, жігерлі, батыл, қайтпас қайсар етіп тәрбиелейміз.

ІҮ. Сабақты қорытындылау:

Оқушыға қосымша сұрақтар қойып , жауап аламын.

а). Күйдің өлшемі қандай?

ә). Құрманғазының қандай күйлерін үйрендің?

б). Күй қай тональдікте жазылған?

в). Құрманғазы шығармашылығын алғаш зерттеп, күйлерін нотаға түсірген кім?

Ү. Оқушының білімін бағалау:

Оқушының үй тапсырмасын орындау шеберлігіне қарай, бүгінгі жаңа сабақты меңгеруіне қарай бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма:

а)Күйдің үйренген жеріне үйде тиянақты дайындалып келу.

ә). Бұрынғы шығармаларды ,күйлерді қайталау.











































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!