Материалдар / Ашық сабақ Құрманғазы Сағырбайұлы "Айжан қыз" күйі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Құрманғазы Сағырбайұлы "Айжан қыз" күйі

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнер мектептерінің мұғалімдеріне арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2021
1491
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу балалар өнер мектебі» МКҚК











Ашық сабақ сабақ















Тақырыбы: Құрманғазы «Айжан қыз» күйі











Мұғалім: Тайманова Нұрлыгүл














2020-2021ж

Тексерілді:

Мектеп директоры оқу жұмыс

жөніндегі орынбасары

___________Ж.Меңдіқұлова

«__»_______2021 жыл

















Мұғалім: Тайманова Нұрлыгүл



Оқушы: Давлетумбетова Арай



Пәні: Қобыз



Сыныбы: 4



Күні: 04.03.2021 ж



Уақыты: 1600-1640



Сағат саны: 1

















Сабақтың тақырыбы:Құрманғазы «Айжан қыз» күйі.



Сабақтың мақсаты: Оқушының шығармашылық ойнау қабілетін жетілдіріп, қобыз аспабына деген оқушының рухани байлығын арттыру.

I.Білімділігі: Оқушының музыкалық сауатын қобыз аспабымен ұштастыру.Гаммада әр түрлі штрихтарды,әдіс-амалдарды қолдану.

II.Дамытушылығы:Гамма,этюд арқылы оқушының қобыз аспабында ойнау техникасын дамыту. Аспапта ойнау әдісін дамытуға жұмыстану.

III.Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлттық өнерді сүюге,ұлттық аспаптарды қадірлеуге үйрету,ұлттық өнерге бейімдеу.



Сабақтың түрі: Аспапта ойнап көрсету



Сабақтың әдісі: Оқушыны аспапта шапшаң және епті ойнауға дағдылау



Көрнекіліктер: Қобыз, кітаптар, пульт, ноталар, күнделік, плакат.т.б



Сабақтың жоспары:

I Ұйымдастыру

II Техникалық жаттығу кезеңі

III Үй тапсырмасын тексеру

IV Жаңа сабақ

V Қорытынды

VI Үйге тапсырма

VII Бағалау







Сабақтың жүрісі

I Ұйымдастыру 1 минут

а)Сәлемдесу:
-Сәлеметсіздермемұғалімдер!
Бүгін қобыз сыныбы бойынша өткізілетін ашық сабағымызды бастаймыз. Алдымен қатысушы оқушыма мінездеме беріп өтейін. Давлетумбетова Арай 4-сынып оқушысы.Сабаққа тиянақты,ұқыпты оқушы.

II Техникалық жаттығу 10 минут

М.: Ал енді сабағымыздың негізі - техникалық жаттығуға көшейік.

М.: Бізде 3 тоқсанда си мажор гаммасы және оның қосалқы тональдігі берілген.
М.:Си мажорға қарама - қарсы тональдік қандай?
О.: Соль диез минор
М.: Кілттік белгілері қандай?
О.: Кілттік белгілері фа,до,соль,ре,ля диездер.
М.: Соль диез минордың қандай түрлері бар?
О.: Оның шынайы,үйлесімді,сарынды түрлері бар.
М.: үйлесімді және сарынды гаммада қандай өзгерістер болады.
О.: үйлесімдіде 7 басқыш (диез) көтеріледі, ал сарындыда 6, 7 басқыштар жоғары қарай ойнағанда (диез) көтеріледі де, төмен қарай ойнағанда (бекар) түседі.
М.: Ендеше Гамма – дыбыстар қатарын, арпеджионы ойнайық.

Си мажор (һ - dur) гаммасын деташе,легато,мартле,стаккато штрихтарымен ойнайық.
Си мажор гаммасын, арпеджиосын ойнағанда саусақтардың ұшын сезініп ойна. Енді оған жылдамдық қосу үшін, штрихтарды араластырып,күрделендіріп ойнайық.
Гаммаларды ойнауда саусақтардың ұштарын сезінуіне назар аударғанын қадағалап отырамын. Жылдамдықты қосу үшін штрихтарды күрделендіріп ойнауды сұраймын. Бұл әдіс саусақтардың ұштарын сезінуін жылдамдаттырады, әрбір дыбыстың нақты ойналу барысында есту қабілеті дамиды.

ІII Үй тапсырмасын тексеру 10 минут

Аспапта ойнау техникамымызды дамыту үшін гаммалармен қатар этюд те қолданылады. Этюд – аспапта шеберлікті шыңдауға көмектесетін,үйренуге, дағдылануға, жаттығуға арналған шығарма болып саналады. Аспаптың қай - қайсысын болса да ойнап үйренгенде, орындаушы белгілі бір шығарма орындамас бұрын этюдты ойнап жаттығады. Бірақ, этюд көркем шығарма да бола алады. Мысалы, Н.Бакланова этюдтары, көркем шығарма, концерттік шығарма болып танылады.
Меңгерген музыкалық шығармамызды ассоциация әдісі бойынша талдап өтейік:
М.: Этюд авторы кім?
О.: Наталья Бакланова — Орыс композиторы,скрипкашы.
М.: Қандай тоналдікте жазылған?
О.: фа мажор тональдігінде жазылған
М.: Жақсы. Этюд қандай көңіл - күйде жазылған?
О.: Көтеріңкі көңіл - күйде жазылған.
М.: Өлшемі?
О.: 4/4 өлшемінде
М.: Дұрыс, өлшемі 4/4 (1ге – 2ге – 3ке – 4ке саналады):
М.: шығарма қалай орындалады?Қандай штрихтар кездеседі?
О.: Жәй орындалады. Деташе,легато
М.: Өте жақсы, ойнап көрелік
(қадағалап отырамын, оқушы біркелкі, саусақтың реттілігін дұрыс қойып,штрихтармен ойнау керек)
О.: «Этюдті» орындайды.
Оқушыға гаммалармен қатар этюдті де толық ойнап жүру тапсырылады.

ІV Жаңа сабақ 15 минут

Мінекей, енді біз Құрманғазының күйі «Айжан қызды» үйренуге дайынбыз.

Автор жайлы қысқаша өмірбаян.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер.

Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын. Күйлері: «Қызылқайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Балқаймақ», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Түрмеден қашқан», «Аман бол шешем, аман бол».т.б.
Музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Күй – музыкалық жанр,қазақ халқының аспаптық пьесасы. Музыкалардың әдемісі,жан дүниені тебірентері,асыл қазынасы. Күйлер домбыра,қобыз,сыбызғы аспаптарында шығарылып,тартылып келген. Күйдің мелодиялық формалық құрылысы,ырғақтық орындаушылық әдістері сан алуан. Күйлерде жалпы халықтың басынан өткен тауқымет пен әділетсіздікке қарсы күресі көп суреттеледі.



«Айжан қыз» күйінің шығу тарихы.

Қиын да қысталаң шақта өмір сүрген Құрманғазының әр күйі өмірдің аш өзегін жарып шыққандай ащы шындықты жайып салады.Алдына көп күйлердің қай қайсысын алсаң да,белгілі бір шарты бар дүниелер. Композиторлардың сондай жақсы шығармаларыныңбірі-«Айжанқыз»күйі.
Ел басқарып, әкімшілігін құрып жүрген күйші Дәулеткерей шен-шекпен беделіне бұрын да назар аудара қоймайтын.Ал Құрманғазымен танылып-табысқаннан кейін бірге жүріп, ел аралап, домбыра тартып,өнерге өзгеше көзбен қарайтын болды. Бірде екеуі төңірегіне аты белгілі болған күйші қыз Айжан ауылына келді. Әйелдерді шалғайдан тартқан бұл кездің қатал тәртібіне қарамастан,ол жиын -тойларға, жұрт жиналған жерлерге еркін барып,өнер жарыстарына қатысатын. Айжан қыздың бұл қылығын кейбір керітартпа,ділдар тобыр жақтырмағанымен,қалың көп оның өнеріне өріс тілеп, өзін қадір тұтатын еді. Сондықтан да Айжан қыз келген қонақтарына айрықша қошемет көрсетіп, қуана қарсы алды. Алғашында халық арасына кең тараған көне күйлерді тартқан ол соңынан қолқалаған көп тілегіне орай өз туындыларын да төгілдірді. Міне, осы кезде күйші қыздың өнеріне сүйсініп риза болған Құрманғазы қолына домбыра алып, дүниеге жаңа келген өз шығармасына күйші қыздың құрметіне лайық ат бермек ойда тұғын.Ал бұған дейін шабыт шеңберінен шыға алмай, үнсіз отырған Дәулеткерей Құрманғазы шығарған күйдің Айжан қыз тағдырына ұқсастығын ұғып, оның аты «Айда бұлбұл,Айжан қыз» болсын деді.Үш күйшінің кездесуіне шығарылған өнер ескерткіштеріндегі «Айжан қыз» күйі дүниеге, міне, осылай келген еді.



М.: Ендеше күйді талдап көрейік. Күй қандай тональдікте жазылған екен?
О.: до минор

М.: Кілт белгісінде қандай белгі бар?

О.: си бемоль,араларында си бекар кездеседі.

М.: Өлшемі неше?

О.: 4/4 1ге-2ге-3ке-4ке саналады.Араларында 2/4 өлшем кездеседі.

М.: Қандай штрихтар қолданылып тұр

О.:Деташе,легато,акцент
М.: Қандай динамикалық белгілер бар?

О.: пиано,форте,фортессимо,мецофорте,крещендо,диминуендо

М.: Күй қандай мінезде ойналады?

О.:Орташа екпінде,көңілді.

Алдындағы «Этюд» фа мажорда болса, бұл күй до минорда жазылған екен. Яғни фа мажор мен до минор қосалқы тональдіктер. Ойнап көрейік.

(Музыкалық шығармамен жұмыс жасалады).











V Қорытындылау 5 минут

Жақсы, ендеше сабақты қорытындылау үшін саған сұрақтар дайындап қойдым,соларға жауап бергеніңе байланысты бағалаймын.

1. Техникалық жаттығудың пайдасы қандай? О.: шығарманы әсем ойнауға,оң қол сол қолдың еркін қимылдауына,ысқышты толық жүргізіп,ішектен ішекке көшкенде асқан шеберлік пен ептілік сыйлайды.

2.Си мажорда неше кілттік белгілерін ата? О.: фа,до,соль,ре,ля диездер.

3. «Айжан қыз» күйі кімге арналған? О.: Айжан деген өз заманына аты белгілі күйші қыз туралы.

4.Құрманғазының басқа қандай күйлерін білесің? О.: «Қызыл қайың-Серпер», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Балқаймақ», «Ақсақ киік», «Төремұрат» т.б.

5.Құрманғазы кім? О.: өмірінен қысқаша айтып береді.

6.Этюд дегеніміз не? О.: Этюд – үйренуге, дағдылануға, жаттығуға,шеберлік шыңдауға арналған кішігірім шығарма болып саналады.



VI Үйге тапсырма 2 минут


1. Соль диез минор гаммасын (3 түрін) ойнау
2. Н.Бакланова «Этюдін» дыбыс шығару тәсілдеріне назар аударып, жатқа ойнау.
3. Құрманғазы Сағырбайұлының күйі «Айжан қызды» қайталап ойнап, мұқият жаттап келу.


VІI Бағалау 1 минут

Оқушының ынтасына, сабаққа қатысуына, сұрақтарға жауап бергеніне байланысты бағалаймын.




















Тексерілді:

Мектеп директоры оқу

Жұмыс жөніндегі орынбасары

____________Ж.Меңдіқұлова

«__» _______2021 жыл









Мұғалім: Тайманова Нұрлыгүл



Оқушы: Давлетумбетова Арай



Пәні: Қобыз



Сыныбы: 4



Күні: 04.03.2021 ж



Уақыты: 1600-1640



Сағат саны: 1





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!