Материалдар / Ашық сабақ, "Құстар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ, "Құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың дене құрылысына тіршілік әрекетіне байланысты топтарымен танысады. Құстардың түрлерін анықтайды, топтарға ажыратады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
392
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Құстар

Педагогтің аты-жөні

Мырзабекова Акмарал Алтынхановна

Күні:


Сынып:

8

қатысқаны: 10

Сабақтың тақырыбы

Құстар

Сабақтың

мақсаты

Құстардың дене құрылысына тіршілік әрекетіне байланысты топтарын біледі, түсінеді; Ұшатын құстардың түрлерін ажыратады, анықтайды; Құстардың пайдасын анықтайды. (Білу, түсіну); Құс топтарына сипаттама береді, ажыратады. (қолдану, талдау); Құстардың түрлеріне байланысты топтарын анықтайды, талдайды, түсіндіреді;

Бағалау критерийлері


-Құстардың дене құрылысына тіршілік әрекетіне байланысты топтарын біледі, түсінеді;

-Ұшатын құстардың түрлерін ажыратады, анықтайды;

-Құстардың пайдасын анықтайды;

-Құс топтарына сипаттама береді, ажыратады;

-Құстардың түрлеріне байланысты топтарын анықтайды, талдайды, түсіндіреді;

-Құстарды салыстырады, айырмашылығы мен ұқсастығын табады;

Тілдік мақсаттар

«Құпия» әдісі, «Джигсо» әдісі, «Әйнек арқылы сөйлесу» ойыны әдісі, «Жауабын тап» ойыны әдісі, «Өз үйіне орналастыр» ойыны әдісі, «Инсерт» әдісі

Құндылықтарды

дарыту

-Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-Қарым-қатынас жасау қабілеті;

-Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-Жауапкершілік;

-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

География

Бастапқы білім

«Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы» тақырыбын еске түсіру үшін мен, алдыңғы білімді «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы ашық сұрақтар қоя отырып қорытындылаймын

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі

5 мин

Сәлемдесемін, сыныпты түгендеймін, сыныпты екі топқа санау әдісі арқылы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту) бөлемін. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбымен, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында «Құпия» әдісін қолданамын. Оқушылар сабақ тақырыбын анықтайды, танысады.

Сынып екі топқа бөлінеді, бүгінгі сабақтың тақырыбымен бағалау критерийімен танысады.


Түрлі-түсті стикерлер

Жаңа сабақ

30 минут

1-тапсырма

Барлық оқушылар орындайды: «ДЖИГСО» әдісімен мәтінді топта оқиды, топта талқылайды, постер қорғайды.

1-топ: Ұшатын құстардың түрлерін ажыратып, анықтаңдар;

DrawObject1 DrawObject3 DrawObject2


DrawObject5 DrawObject4

DrawObject7 DrawObject6


2DrawObject8 -топ: Құстардың дене құрылысына тіршілік әрекетіне байланысты топтарға бөліңдер


DrawObject9 DrawObject10


DrawObject11


2-тапсырма

Сабақ ортасында ойналынатын ойын әдісі

«Әйнек арқылы сөйлесу» ойыны

Тақтада сабақ тақырыбына байланысты суреттер беріледі. Әр топтан 1 оқушы шығып суреттерді топтарға іс-қимылмен жасырыңдар. Жауабын тапқан топқа ұпай беріліп отырады.


3-тапсырма

Сабақ ортасында ойналынатын ойын әдісі

«Жауабын тап ойыны»

Құс түрлерін ажыратыңдар

(берілген құстың атауын және қай топқа жататынын жазады)


4-тапсырма. Сабақ соңында қорытындылау ретінде ойналынатын ойын әдісі «Өз үйіне орналастыр»

Құстардың түрлерін өз үйіне орналастырыңдар.

Дескриптор: білім алушы-

- мәтінді топта оқиды, топта талқылайды, түсіндіреді;

Дескриптор: білім алушы-

Постер бойынша

- Ұшатын құстардың түрлерін ажыратады, анықтайды;;

- Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты топтарға бөледі;

-Постерге жазады, өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды;







-тақтада жасырынған суреттерді бір-біріне жасырады, табады;





-құс түрлерін ажыратады, түрін анықтап, тобын жазады;



-құс түрлерін өз тобына орналастырады

Қалыптастырушы бағалау: бас бармақ әдісі, смайлик әдісі



Таратпа мәтіндер, құстар туралы суреттер







постер қағаздары, түрлі-түсті маркерлер




Қорытынды

5 мин

Кері байланыс. Жазбаша бағалау.

Инсерт әдісі

Білемін...

Білдім...

Білгім келеді...

Инсерт әдісі

Бағалау

Үй тапсырмасы

Құстар





Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: жүгіретін құстар; жүзетін құстар ; ұшатын құстар.

Жүгіретін құстар. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарын сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқус (страус), америкалық түйеқус (нанду), австралиялық түйеқұстар (эмуказуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқус (киви) деп аталады. Түйеқұстардың ең ірісі - африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілерінің салмағы 90 килограмға жетелі. Африкада, өзге де елдерде арнайы қолда өсіреді. Оның етін, жүмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі - киви, оның салмағы 2 - 3 килограмдай. Ол Жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг). Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.

Жүзетін құстар (пингвиндер). Құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді әрі жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықеттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, қүрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда ғана таралған, әсіресе Антарктида жағалауында көптеп кездеседі. Үлкен пингвин (императорский пингвин) жұмыртқасын қыста басады. Ол пингвиндердің ең ірісі. Биіктігі 110-120 см, салмағы 45 килограмға жетелі. Одан сәл кішілеу түрі - корольдік пингвин (королевский пингвин). Саны өте көп әрі кеңінен таралған түрі - қоршау көз пингвин (пингвин Адели). Бұлардан басқа алтыншотты, көзілдірікті, галапагостық пингвиндері (галапагоский пингвин) кездеседі. 

Ұшатын құстар біз күнделікті өмірде көріп жүрген барлық құстар жатады.

Ұшатын құстар

Қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірлен келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Үшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.

Бұталы-орман құстары: Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Тоқылдақ, құр, бұлбұл, сарышымшық, т.б. құстар жатады..

Батпақты-шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағауларда мекендейді. Қорегініӊ көбін жер бетінен, тайыз балшықты сулардың түбінен табады. Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын — тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шылғындықтарды, мүкті-батпақтарды, қалың өскен қамыстарды мекендейді.

Шөлді-дала құстары Бұларға — дуадақтар жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді.Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады яғни дуадақтар. Бұлар қорегін ұшпай, жер бетімен жүріп іздейді. Тез ұшатын құстарға шіл және қылқұйрықтар жатады

Су құстары Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әрбір түрінде түрліше болады.қаз,үйрек,аққу т.б. жатады  

Жыртқыш құстар: Тұмсығы өткір және тұтқыр тырнақтарымен бірге құстың олжасын аулап, өлтіретін негізгі құралы болып саналады. Жыртқыш олжасын жүні, қауырсыны және сүйектерімен қоса жейді. Сосын жеуге жарамсыз бөлікті лоқсып, былықпа түрінде құсады.бүркіт, қырғи, лашын, сұңқар, жапалақ, үкі т.б жатады бұл құстар кеміргіштермен қосмекенділермен бауырымен жорғалаушылармен қоректенеді.

Үй құстарының пайдасы көп: Жұмыртқасын, етін тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп жем- су беріп асырайды..















8

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Байзақ ауданы білім бөлімінің

«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ







А ш ы қ с а б а қ



Тақырыбы:

Қ ұ с т а р








Үйірме: «Жас натуралист»

Тобы: ІІ

Жетекшісі: Мырзабекова А.А.











Байзақ ауылы 2021ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!