Сабақ
тақырыбы
|
Құстарды
бейнелеу
|
Сілтеме
|
Бейнелеу өнері
6-сынып
|
Жалпы
мақсаттар
|
Оқушыларға жалпы
құстар туралы,олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсінік
қалыптастыру
|
Оқыту
нәтижесі
|
Құстардың суретін сала
білуі.
|
Негізгі
идея
|
Құстарды қорғауға,
табиғатты сүюге тәрбиелеу.
|
Дереккөздер және
жабдықтар
|
Интерактивті тақта, қалам,
жазу тақтасы, бор, оқулық, түрлі түсті бояу, бағалау парақшалары,
слайд, стикер,смайлик.
|
Тапсырмалар
|
1. «Көпір»
тапсырмалары.
2. Жаңа сабақты
түсіндіру.
3. Өз бетімен
жұмыс.
4.
Құстар туралы жұмбақтар
шешу.
5.
Сөзжұмбақ.
|
Жүргізілетін
жұмыс
|
Ұйымдастыру
кезеңі
|
Мұғалімнің іс -
әрекеті
|
Оқушылардың
іс -
әрекеті
|
Психологиялық
ахуал қалыптастыру.
|
Сыныппен сәлемдесу. Сабаққа
қатысты тексеру.
Топқа бөлу. Бағалау парақшасын
топбасыларына беру.
|
Мұғаліммен
сәлемдесу.
Топқа
бөлінеді.
|
Үй
тапсырмасын тексеру
|
«Көпір»
тапсырмалары
Сұрақ-жауап
арқылы
1. Графика дегеніміз
не?
2.Бейнелеу өнерінің
жанры
3.Бояумен салынған
сурет
4.График-суретші қандай
құралдармен сурет салады?
5.Қандай құстардың түрлерін
білесіздер?
6.Олардың адамзатқа,табиғатқа
пайдасы қандай?
|
Оқушылар сұраққа
жауап береді.
|
Жаңа
сабақ
Қызығушылықты ояту
сатысы
|
Білу. Жаңа сабақты
түсіндіру.
Елімізде 500-ге жуық құстардың
түрі бар. Олар тіршілік иелері болғандықтан ұрпақ
өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.Олардың
әуені табиғатты құлпыртады.Бұлбұл құстың сайрағаны, торғайдың
шықылықтағаны,бозторғайдың құйқылжыта салған әні адамның көңіл
күйін көтереді.Құстар бізге көктем жаршысы ретінде
ыстық..
Құстар адамның
көмекшісі,көктем, жаз, күз айларында олар құрт-құмырсқа,көбелек,
өрмекші сияқты жәндіктерден орманды,бау-бақшаларды
тазартады.
Құстар көптеген өсімдік
зиянкестеріне көзден таса қалуға мүмкіндік
бермейді.
Зиянкестер ағашқа
өрмелеп шықса, қараторғайға жем болады, ағаш қабығының астына
паналаса, тоқылдаққа жем болады. Бірақ құстарға да көмек керек .Қыс
түсіп, аяз қысқан кезде оларға азық табу қиынға соғады. Сол кезде
құстарға жем шашып, ұя жасап, көмек беретін кезек бізге де
келеді.
|
Топ
мүшелері
жаңа тақырып бойынша
түсінік алады.
|
Жаңа
сабақты бекіту
Мағынаны тану
сатысы
|
Түсіну. Өз бетімен
жұмыс.
Тапсырма: Қараторғай
суретін салу
(интерактивті тақтада өзім
саламын)
Қараторғай суретіне қарай
отырып, ең алдымен тақтаға салыну жолдарын түсіндіріп
өту.
Денесін көлбеу
сопақша етіп, жоғарғы жағына кішігірім шеңбер етіп басын сызамыз.
Жотасы мен құйрығының сызығын түсіреміз. Тұмсығын саламыз. Үзік
сызықтармен құстың өзіне тән бас бейнесін келтірейік. Қанаттары мен
құйрығының шеттерін айқын етіп бастыра түсейік. Енді құс ақ қағаз
бетінде жалғызсырамау үшін, ал суретіміздің әлемі,ажарлы және
аяқталған болып көрінуі үшін оны қоршаған ортамен, табиғатпен
байланыстырып бейнелеуді ұмытпайық.
|
Топтар графикалық әсерлеуіш
құралдарды пайдалана отырып жұмыстар
жасайды.
Әр оқушымен жекелей жұмыстар
жасалады.
|
Сергіту
сәті
|
«Шатасқан әріптер»
ойыны
ҚҒАРЫШАЛ
-(Қарлығаш)
ҚУАҚ -
(Аққу)
ӨККЕК -
(Көкек)
ҰБЛЛБҰ -
(Бұлбұл)
РЕҮЙК -
(Үйрек)
|
Топ мүшелері ақылдаса отырып,
құстардың аттарын дұрыс жазады.
|
|
Қолдану. Құстар туралы
жұмбақтар шешу. 1.Туысы дейтін
құстардың,
Інісі дейтін
тышқанның,
Тышқан да емес, құс та
емес,
Екеуінен де тыс қалдым.
(Жапалақ)
2.Қашаудай мықты
тұмсығым,
Бәсекеге тігем, бұл –
шыным.
Құрт , қоңыз аулап
жарысам,
Орман дәрігері болып табылам.
(Тоқылдақ)
3.Түрі қара
мақпалдай,
Төсі ақ, сыр
жаққандай.
Ұшса оқтай
зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай.
(Қарлығаш)
4. Биікке салған ағаш
үй,
Сол ғой – оның
мекені.
Жаздай сайран салып
ап,
Қыста алысқа кетеді.
(Қараторғай)
|
Топтар жұмбақтың шешуін
табады.
|
Жаңа сабақты
қорытындылау.
Ой толғаныс
сатысы
|
Жинақтау. «Құстар»
сөзжұмбағы.
1.Ағашты құрт-құмырсқадан
қорғайтын орман емшісі. (Тоқылдақ)
2.Ән салып, сайрайтын құс.
(Бұлбұл)
3.Қырағы құс.
(Сұңқар)
4.Үй құсының бірі.
(Тауық)
5.Киелі құс, махаббат символы.
(Аққу)
6.Үй салуды адамдар
қандай құстан үйренген? (Қарлығаш)
|
Топ мүшелері сөзжұмбақты
шешеді.
|
Кері
байланыс
|
|
Оқушылар бүгінгі сабақтан
алған әсерлерін стикерге жазады.
|
Бағалау
|
«Ашық журнал» әдісі
бойынша бағалау
|
Бағалау парақшаларын
топбасылар талдап айтады.
|
Үйге
тапсырма
|
Үй құстарын салу, құстар
туралы жұмбақтар тауып келу.
|
Берілген тапсырманы
күнделіктеріне жазып алады.
|