Ашық сабақ Қыналар 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қыналар 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа сабақ беретін мұғалім үшін керек дайын сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

Биология және экология пәні мұғалімі

Қуандықова Гаухар


Тақырыбы:Қыналар дүние тармағы

Мақсаты: Қыналар түрлерімен танысу және олардың адам өміріндегі маңызы жайлы оқып үйрену.

Білімділігі: Қыналар бөлімі бойынша алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы қорытындылау

Тәрбиелілігі: айналадағы қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге баулу

Дамытушылығы: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау және оларды ажырата білу қабілетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, қыналардың суреттері.

Түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Маңғыстау өсімдіктер дүниесі, зоология

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құрал жабдықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ жауап арқылы үй тапсырмасын қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ.Қыналар

Қыналар - саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірігіп, селбесіп тіршілік етуінен пайда болады.

Қазіргі кезде қыналардың 26 мыңға жуық түрі белгілі.Қынаны зерттеушілер лихонологтар(грекше <<лиһен>>-қына, -<<логос>> ілім)деп аталады.Қыналар табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз,құнарсыз жерлерде өседі. Тастың үстінде,шөлді-шөлейтті жерлерде,тундрада және ормандарда тіршілік етеді.антрактидадан 350 түрі,Оңтүстік полюске жақын жерден 7түрі табылған. Бұлай таралу себебі, өте ыстық ортада өсетіндері жоғары температурада тез кеуіп кететіндіктен,тіршілігі уақытша тоқталады.

Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.

1.Ағаштың діңіне,тасқа жабысып өсетін қабық(қаспақ)тәрізді қына.Бұлар сары –қызыл,сары,сұр,көгілдір,қоңыр түсті,жұқа қабыққа ұқсас болады.

2.Орманда ағаш діңіне,түбіріне жабысып өсетін жапырақ пішініне ұқсастары-жапырақ тәрізді қыналар.

3.Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл-жасыл, ақшыл

түстілері-бұта тәрізді қыналар.

Қынаның құрамында біржасушалы көк-жасыл балдырлар кездеседі.Балдырлардың жасуша хроматофорлары көмірқышқыл газын, суды сіңіріп,фотосинтездің нәтижесінде ағзалық заттармен қоректенеді.

Қыналар өсімді жолмен көбейеді.Оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады.Әрбір бөліктен және денелерінен бөлініп түскен бөлшектерінен де қына өсіп жетіледі.

Қынаның құрылысы: Бір жасушалыбалдырлар – цистококк, трентеполия және

цианобактериядан – носток,хлорококк, глеокапса түрлері кездеседі. Саңырауқұлақ

жіпшелерінен тұрады .












Қынаның көбеюі.

Өсімді жолмен :Өсімді көбейгенде оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денесінен бөлініп түскен бөлшектерден де қына өседі .

Жынысты жолмен : Жынысты көбейгенде саңырауқұлақтар сияқты аскокарп (жемісті дене) пайда болады. Оныңішінде жыныс жасушаларының қосылуы нәтижесінде

зигота түзіледі. Зиготаның ядросы 3рет бөлініп, 8 аскокарп, ал зиготаның қабығынан қалта (аско) пайда болады. Аскоспораларшашылып, қолайлы жағдайдаөніп, саңырауқұлақ жіпшесіне айналады, балдырлармен Кездескенде ғана қынаға айналады.


Shape1














Термин сөздер

  • Лихенология -қыналарды зерттейтін ғылым.

  • Негізін қалаушы швед ғалымы Ахариус

  • Грекше «лиһен»-қына, «логос» - ілім

  • Орыс ғалымы А.Н.Бекетов 1860 жылы «лишайник» терминін ұсынды.

  • Қына өсімдік пионері деп аталады.

  • Қына- өте баяу өсетін ағза.

  • Бір жылда 1-8 мм өседі.


Сұрақтар

1.Қыналардың құрылысы қандай?

2.Қыналар неліктен <<табиғи индикатор >>деп аталады?

3:Қыналар қайда өседі?

4.Қыналардың құрылысы қандай?

5. Қыналардың шарушылықтағы, табиғаттағы маңызы.

6. Қыналар қалай көбейеді?

7. Қыналардың пішіндері?

8.Қыналар неше топқа бөлінеді?

9.Қыналарды зерттеушілерді не деп атайды?

10.Қыналар қандай жолмен көбейеді?






Қорытындылау.



















Үйге тапсырма:Қыналар жайлы оқып келу 29-суретті салып келу.

Бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі