Ашық сабақ "Қыс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қыс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының Қыс өлеңіне ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Сабақтың тақырыбы:

Абай. Қыс

Күні: 14.12.2017

Сынып:3

Сабақта меңгерілетін

дағдылық мақсаттар

Ұлы ақын Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беріп, оқушылардың білімін көтеру;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

Тақырып мазмұнын түінуі тиіс

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

Автордың өзге де шығармаларын.

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған

уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.


«Қар лақтыру» әдісі арқылы үй тапсырмасы қорытындыланады.

  1. Қайрат үйіндегі нешінші бала?

  • Жеті баланың үшіншісі

  1. Қайраттың әкесі мен анасы кім?

  • Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен.

  1. Жиырма бір жасар Қайраттың өсет қалдыруына не себеп болды?

  • Қысқа өмірінде көрген- білгендері, көңіліне түйгендері әсер етті.

  1. Жастықпен ерте қоштасып, тез есеюіне не әсер етті?

  • Қапастағы қаралы күндер суреті.

  1. Қ. Рысқұлбеков қандай көтеріліске қатысты?

  • Желтоқсан.

  1. Азаттық үшін жан аямаған тағы кімдерді білеміз?

  • Асанова Ләззат, Сыпатайұлы Ербол, Мұхаммеджанқызы Сәбира, Ноғайбайұлы Қайрат.

  1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?

  • 1991 жылы 16 желтоқсан.

Жұмбақтар арқылы топқа ат қою

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.                 ( Қар)

Жазда болмайды,

Қыста болады.

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.             ( Қырау )

Отқа жанбас, 

Суға батпас.                 ( Мұз )

Қанаты жоқ - ұшады.

Аяғы жоқ – желеді.

Аузы жоқ – ұлиды.             (Боран)

Демек бүгінгі сабағымыз тақырыбы

Жылдың қай мезгіліне байланысты болмақ.

Қыстың көріністері арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Қызығушылықты ояту Абай Құнанбаев 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйді. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Бұл жылдары араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерді

-Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен.Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген.Бұл өлең сол кезеңде жазылған. 
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған. 

Абай Құнанбаев - Ұлы Ақын-жазушы

Лирик – ақын, сазгер, ағартушы, саясаткер,философ. қара сөздің зергері, қазақ әдебиетінің негізін салушы

Шешесі Ұлжан

Әкесі Құнанбай

Әжесі Зере
«Қыс» өлеңін мұғалім жатқа оқиды.
Оқушыларға мәнерлеп оқытады.

Өлеңнің мазмұнын ашу.Сұрақ-жауап. 
1.Автор қысты кімге теңейді? 
2.Шалдың киімдері қандай? 
3.Киім деп отырғаны не? 
4.Малшы туралы не делінген? 
5.Балалар туралы не делінген? 
6.Қыс несімен көңілді? 


Таныстыры

лым.

Ортасы


Жаңа сабақ

-Бүгінгі тақырып қалай аталады?

Дәптермен жұмыс

Мұғалімнің түсіндірмесі

Автор портреті, дәптерлер.,тақырып жазу.











.


1 топ. Абайдың қысын бейнелеу.

2 топ. Абай кім? Топтастыру

3 топ. Өлеңді өз сөздерімен әңгімелеу.

4 топ. Ұйқасын тап

Ойнайық деп... Ойнайық деп балаға,
Қыс шақырып... Қыс шақырып тұрғандай.
Борандатқан .... Борандатқан табиғат,
Далаға ән... Далаға ән салғандай.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.

1.соқыр, мылқау-ештеңені көрмейді, естімейді. 
2.домбығып-суықтан ісіп, қызару. 
3. долданғанда-ашуланғанда 
4.үсік шалу- үсу, тоңу 
5.Шидем-қой жүнінен тоқылған сырт киім 
Интербелсенді тақтада  бірнеше сөз тіркестері және адам бейнесіндегі қыстың суреті беріледі.

Қоқыс жәшігі әдісі.

Мақсаты: «үнсіз оқушыларды» ынталандыру

Ақ сақалды, түсі жылы, басын сіліксе қар жауады, сарқырап ағады, үсік шалды, суыққа шыдамай, бұлтсыз аспан, бетті шымшыды, қар еріді, алай-дүлей боран.

Тапсырмалар жазылған парақша















Берілген сөз тіркестерінен бүгінгі сабақ мазмұнына сай емес сөздерді қоқыс жәшігіне тастайды. Қалған сөздермен суреттегі адам бейнесіндегі қысты сипаттайды.

Аяқталуы

Сабақты бекіту.

1-топ. Қыс мезгілі туралы әңгімелейді.

2-топ. Қысқы жануарлар тіршілігі.

3- топ. Қысқы өсімдіктер тіршілігі.

4-топ. Қысқы адвм еңбегі.

Оқушылар әңгімелеп, өз ойларын ортаға салады.

Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Қыс туралы мақал- мәтел жазып келу.

Бағалау



   - өте жақсы

  - жақсы

- әлі де еңбектену керек

Шағын топтағы оқушыларды аққала суреті арқылы бағалау

Кері байланыс

Оқушылар бүгінгі сабақты түсінген- түсінбегендерін стикер арқылы тақтаға жапсырады.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2018
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі