Материалдар / Ашық сабақ "Қыс" Абай Құнанбаев 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қыс" Абай Құнанбаев 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары 4 сынып ұстаздары үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
698
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі






БАЯНДАМА

Т ақырыбы: «Мектепке дейінгі білім ордасы мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы»Shape1 Shape2 Shape3
















0 «Ә» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Танабаева Г.С.













Қордай ауылы, 2018 жыл

Мектепке дейінгі білім ордасы мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы


Б алаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселенің бірі.

Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет.

Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

Б ала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады.

Сол себептен балабақша ұжымы. Тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысуына шақырамыз. Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру – балабақшаның басты міндеті.



Қ ыз балаға отбасында қандай тәрбие берілуі керек?

«Қыз тәрбиелей отырып – ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау секілді өнер түрлерін қыздарына босаға аттамай тұрып-ақ үйреткен. «Қыз» ең қасиетті сөз. Себебі қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. «Қыздың жолы жіңішке» деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. «Қызды төрге отырғызып, төреңдей күт» деген халық қыздарын бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анасына үлкен сын. Сондықтан қыз әдебі, қыз ибасы дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Қыз баланың әлем-жәлем киініп, орынсыз боянуы ерсі. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.

Ұл балаға қандай тәлім берілуі керек?

Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала –  қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады

Х алқымыз ұл баланы «Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық» деп намыстандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйенген. Ал, керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? 

Ер баланы алты жасқа дейін хандай көтер, сыйла. Алты жастан он алты жасқа дейін құлша жұмса. Он алты жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөзі бар. Ер баланың тәрбиесін неден бастауымыз керек? Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орындарынан тұрады. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы азамат болса: оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой  деп мақтайды. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз.

Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, жақсы көріп, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру  – қазақ отбасының басты міндеттерінің бірі. Қандай ата-ана болсын баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. 

7 атасын білуге кішкентайынан баулу.

Жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі: 1. Ата. 2.Бала. 3.Немере. 4 Шөбере. 5.Шөпшек. 6.Немене. 7.Туажат.

Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады.

Балаларымызды кішкентай кезінен бастап-ақ жеті атасын білуге үйретейік. Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз бар. Сол себепті болашақ ұрпағымыз жетесіз болмасын десек, жеті атаны біліп жүруге үлкен мән бергеніміз абзал.

Мектепке дейінгі білім ордасында қандай тәрбие береміз?

Б алабақша - бұл балдырғандардың ойын дамытуға, оқуға құлшынысын арттыруға, мінез-құлқын көпшілік ортада ұстай білуге, әдептілікке, имандылыққа, жоғары адамгершілікке баулитын, сөйтіп отбасымен қатар жасөспірімдердің қабілет-дарындарының дамып, жан-жақты жетілулеріне тікелей ықпал ететін әлеуметтік институт. 

Балабақшада тәрбиеленуші тұлға бұл – балдырған, бүлдіршін. Балдырған – сәби жасынан асқан ойын дамытуға, білуге ұмтылған, мінез-құлқынан әдептілік, имандылық көріністері сүйсіндіретін бала, өсер ұрпақ. Балдырған шақта баланың қызығушылығы, әсерленгіштігі айрықша болады да, тәрбиені, білімді тез қабылдайды. Оқуға, ойнауға, ізденуге құмар болады, әдептілігі қалыптасады. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс–тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепке жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Кез-келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!