Материалдар / Ашық сабақ "Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған бағдарлама бойынша математика пән мұғалімдеріне алуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2018
654
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

«Бекітемін»


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: №59 орта мектеп


Күні:02.02.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Жаукеева Акмарал Нысановна


Сынып: 7 А Пәні: Алгебра

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.14

тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

7.2.1.14

алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;


Сабақтың мақсаттары

- тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана біледі;

- алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктей алады;


Бағалау критерийлері

Есептеу барысында қысқаша көбейту формулаларын

тиімді қолдана алады


Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- қысқаша көбейту формулалары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;


Құндылықтарды дарыту

Бір-бірінің ойларын бағалау, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластық, бір ұжымда жұмыс істей білу, көшбасшылық сапасын дамыту, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, жеке тұлға ретінде қалыптасу құндылықтарын дарыту.


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, презентация


Бастапқы білім


Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алу, қысқаша көбейту формулаларын жатқа білу


Пәнаралық байланыс

Бейнелеу, өзін-өзі тану



Сабақтың барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

4 мин


І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгелдеу.

Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін және оқушылардың көңіл-күйін  және есте сақтауын дамытуға  арналған психологиялық   «Сурет салайық» жаттығуын орындату. Мұғалім: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына тең қабырғалы үшбұрыш салыңыз. Үшбұрыштың табанына жанастырып төртбұрыш салыңыз. Сонда үй пайда болды. Үйдің сол жағына жүріп екі-үш алма ағашын салыңыз. Сол алма ағашының көлеңкесіне өзіңізді отырғызып салыңыз.Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»

Білім алушыларды ортаға шығарып қоржыннан асық алдырып, сол асық түстері(қызыл, сары, жасыл) арқылы 3 топқа бөлу.

Қағаз, қалам, қоржын, асық


Тақырыпқа шығу

2 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау.

  1. Екі өрнектің квадраттарының айырмасын табу ережесін айт.

  2. Өрнектерді түрлендіру тәсілдерін ата.

  3. Екі өрнектің кубтарының қосындысын табу ережесін айт

слайд


Топтық жұмыс

10 мин

«Киелі киіз үйіміз»

«Біздің білуімізше, киіз үй тігу ең алдымен кереге керуден басталады. Керілген керегелерді құр арқанмен біріктіріп, есікпен қоса таңады. Осыдан кейін бақанмен шаңырақ көтеріліп, уық шаншылады. Уықтар керегеге байланып, дөдеге (уық пен керегенің түйіскен жері) басқұрмен тартылады. Уықтың қарнына шалма бау шалынып, керегенің сыртына ши ұсталады. Одан соң туырлық, үзік, түндік жабылып, туырлықтың терме баулары айқастыра байланады. Туырлықтың ішінен басқұр арқан тартылып, сыртынан белдеу арқан байланады. Шаңырақтың екі жағына киіз үйді желден қорғайтын желбау тартылып, жел соққанда оған ауыр зат байланады. Үйдің сыртына салма арқан салынып, желдің қарсы бағытына қарай қазыққа байланады. Ол да киіз үйді желден қорғау рөлін атқарады. Ши үйге құрт-құмырсқа, құм-топырақ кіріп кетпеуден сақтайды. Қазақ ораған шиді шым ши, оралмаған шиді ақ ши деп атаған.» деп қысқаша түсініктеме беріп өту.

«Киіз үй» құрылымының артына №5.126 есептен 2 есеп және киіз үй туралы 1 сұрақ жазылған, кеспе қағаздарды әр топтан көшбасшысы алып және сол тапсырмаларды топпен ойласып, шешіп, топтан бір оқушы тақтаға орындайды.

Кереге мен есік тапсырмалары: №5.126 /1,2/. Сұрақ: Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

Уықтар тапсырмалары: №5.126 (3,4). Сұрақ: Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

Шаңырақ тапсырмалары: №5.126 (5,6) . Сұрақ:Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.


Және есеп толық орындалып болғаннан кейін плакатқа киіз үй құрылуына қарай жабыстырылады.

Топтың тапсырмаларын бірлесе тексеріп, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.

Слайд

кеспе қағаздар, плакат, желім


Жұптық жұмыс

4 минут

5.127есептерді әр жұпқа 1 есептен орындату. Дұрыс жауаптарымен слайдта көрсетіп, бір-бірінің жұмысын «сағат тілі бағытында» алмасып тексертіп, «смайликтер» арқылы бірін-бірі бағалау.

5.127

  1. 2a(x+y)+x+y=2a(x+y)+(x+y)=(x+y)(2a+1)

  2. 4x(m-n)-m+n=4x(m-n)-(m-n)=(m-n)(4x-1)

  3. x(a-b)+a-b= x(a-b)+(a-b)=(a-b)(x+1)

  4. 5x(a+b)-a-b=5x(a+b)-(a+b)=(a+b)(5x-1)

  5. 4y(k-p)-k+p=4y(k-p)-(k-p)=(k-p)(4y-1)

  6. 3m(x+y)-x-y=3m(x+y)-(x+y)=(x+y)(3m-1)

  7. 2a(x-y)-x+y=2a(x-y)-(x-y)=(x-y)(2a-1)


Слайд

оқулық



Жеке жұмыс

5 минут

Қалыптастырушы бағалау парақшасымен жұмыс.

Тапсырма:

  1. (9x-8)(9x+8)

  2. (2 (2


Дескриптор Білім алушы

қай формуланы қолдану керектігін анықтайды;

қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

өрнектерді көбейткіштерге жіктейді

Слайд бойынша өзін-өзі тексеріп, смайликпен бағалау.

Слайд

үлестірмелі парақша


Ұжымдық жұмыс 10 минут

5.130; №5.131 есеп. 3 топтан 2 білім алушыдан тақтаға шығып орындайды.

1 топқа: /1,2/

2 топқа: /3,4/

3 топқа: /5,6/

Білім алушы жұмысы «бармақпен бағалау» әдісімен бағаланады.

Слайд ,

оқулық


Логикалық сәт

3 минут

«Шырпымен жұмыс» оқушылардың алдына шырпы таратылып, слайд арқылы логикалық есеп көрсетіледі. Білім алушылар шырпымен өз беттерінше жұмыс жасайды. Бірінші боп жауабын тапқан оқушы «шапалақтау» әдісімен марапатталады.

шырпы


Кері байланыс

1 мин

Оқушылар стикерге кері байланыс жазып,1-топ «Киелі киіз үйіміздің» «туырлығын», 2-топ «үзігін», 3-топ «түндігін» стикермен жабдықтаймыз.

стикер


Үй тапсырмасы

1 мин

5.132есеп


Оқулық

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жаңа тақырыпты меңгеру кезіңде дифференциациясын өткіземін

Жаңа тақырыпты нашар түсінетін оқушыларға жеке көмек жасаймын

Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз-өзін тексереді, мұғалім оқушыларды тексеріп мақтайды немесе кеңес береді

BilimLand интернет ресурсі қолданылған, қауіпсіздік техникасы сақталды. Жылы, жарық бөлмеде сабақ өтілді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттына барлық оқушылар жетті.



Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақтың уақыттық кезендері дұрыс сақталды.


Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Психологиялық ахуалды жасау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ақпаратты сурет немесе видеофрагмент түрінде көрсетілген

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?









Қалыптастырушы бағалау парақшасы


Білім алушының аты-жөні:

Сыныбы: 7 А

Күні: 02.02.2018


Бөлім: «Қысқаша көбейту формулалары»


Оқу мақсаты: 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары

арқылы көбейткіштерге жіктеу

7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық

өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді

  • Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен

өрнектерді ықшамдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану


Тапсырма:

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеңіз:

а)






Дескриптор Білім алушы

қай формуланы қолдану керектігін анықтайды;

қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

өрнектерді көбейткіштерге жіктейді







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!