Материалдар / Ашық сабақ "Қыстырма сөздер" 4 сынып

Ашық сабақ "Қыстырма сөздер" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныпта өткізілген ашық сабақтың сабақ жоспары. "Қыстырма сөздер" тақырыбында жазылған. Бастауыш сынып мүғалімдеріне пайдасы тиеді деген үміттемін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2018
739
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 22.11.2017
Сынып: 4 Б
Мұғалім: Жұманазарова А.Б.
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету. Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы дамыту. Шығармашылық қабілетін,байқағыштық қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету ;
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Сабақтың типі:Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, үлестірмелі парақ, семантикалық карта
Сабақтың құрал-жабдықтары, көрнекілігі: Интерактивті тақта, ребус, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім:
а) Ұйымдастыру кезеңі; (Сәлемдесу)
б) Психологиялық ахуал;
Біз балдырған баламыз
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап,
Оқып білім жинаймыз
ә) Топқа бөлу; (жасыл, қызыл, сары) 1мин
Топ ақылдасады: Топ басшы, хатшы, уақыт үнемдеуші және көмекші.




Үй тапсырмасын пысықтау:
Сұрақ-жауап:
1.Сөйлем дегеніміз: Сөйлем біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, немесе сөздер тобы.
2.Сөйлем мүшелері дегеніміз? Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөзді айтамыз.
3. Сөйлем мүшелерінің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Сөйлемнің тағы қандай мүшелері бар?
Сұрақ лақтыру әдісі
Шарты: әр топ 1 сұрақ жазып, көрші топқа жабыстырады.
Жаңа сабақ:
Тақтаға назар аударамыз
Ребус шешу



,, ,

,,,, ,,,,,, ,,

,,,,,



-Сонымен қандай сөз шықты?
Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қыстырма сөздер.
Табыс критериясы
-Балалар сабағымызды бастамас бұрын табыс критериясын құрып алайық.
-Бүгін сабақта қандай жетістіктерге жетеміз? Қандай тапсырма орындаймыз?

Тақтаға назар аударамыз. Imektep. Қыстырма сөздер
(Оқушылар өз ойларымен ережесін шығарады)
Қыстырма сөз дегеніміз – сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздер бар. Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп атайды
-Меніңше -Шын айтсам
-Әрине -Шіркін
-Бәлкім -Айтпақшы
-Жаңылмасам -Біріншіден
-Оның ойынша
-әйтеуір
-Шынында

Сұрақ-жауап әдісі
Топпен жұмыс Үлестірмелі парақ
1-топ Сөздер арқылы сөйлем құрастырыңдар
Болашақта дәрігер боламын, бәлкім. Жалпы алғанда, біздің сынып жаман емес. Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмайды.
2-топ Семантикалық карта
Бірыңғай мүшелер
Қыстырма сөздер

Асан мен Асқар
Айтпақшы, шынында

Қар да, мұз да
Мүмкін, бәлкім

Мектепте де, көшеде де
Меніңше, оның ойынша

Түрлі гүлдер, шырынды жемістер
Әрине,әйтеуір

Кітап пен қалам
Шіркін



3-топ Берілген сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қою.
Амал қанша сен дұрыс айтып тұрған жоқсың. Осының бәрі әрине бір жыл ішінде істелген жұмыстар емес. Меніңше бәрі ойдағыдай болды. Мүмкін бұл сіздің оған көмегіңіз болар. Біріншіден оның айтқанын саралау керекпіз.

Дәптермен жұмыс
84 бет, 2-жаттығу
Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын орындайды.

Ойын. Бос орынды толтыр Imektep.kz.
Дәптермен жұмыс.
Қыстырма сөздерді қолданып сөйлем құрастыру.
Галерия әдісі. Оқушылар көрмеге барып тек қана құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазып алады.
Ойын. Дұрыс/ бұрыс Imektep.kz.
Қайталау. Imektep.kz. қолданып оқушылар өткен тақырыпты пысықтайды.
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?
- Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?
Тест Imektep.kz. қолданып оқушылар тест орындайды.
Рефлексия: Бүгін қандай тақырып өттік? Не білдік? Не үйрендік? Қандай тапсырмалар орындадық?
Үй тапсырмасы 85 бет 5-жаттығу
Кері байланыс
Оқушыларды бағалау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ