Тақырыбы: Қысым тарауы бойынша қайталау
сабағы
Мақсаты: Қысымның белгілі бір
бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама екенін
үйрету, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың танымдық
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды жауапкершілікке,
еңбекқорллықа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, гүл
шоғыры, динамометр, ВЕНН диаграммасы т.б.
Сабақтың
жоспары:
-
Ұйымдастыру
бөлімі
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту
-
Ассосация (физикалық
шама)
-
Физикалық
диктант
-
Есептер
шығару
-
Логикалық
есеп
-
Тәжірибе
көрсең
-
Үйге
тапсырма
-
Қорытынды
1. Ұйымдастыру
бөлімі.
2. Үй тапсырмасын
тексеру.
Тест.
1. Күшті қандай аспаппен
өлшейді?
А) термометр Ә) динамометр Б)
барометр В) спидометр
2. Төменде аталған
бірліктердің қайсысы СИ жүйесінде күштің өлшем бірлігі болып
табылады?
А) кг Ә) Н Б) м/с В)
Па
3. Гук заңын
тап:
А)
F=mq
Ә)
F= - kx
Б)
v=s/t
В)
p=F/S
4. Жердің денені өзіне тарту
күші қалай атайды?
А) магниттік күш Ә) ауырлық
күш Б) дененің салмағы В) дененің массасы
5. Халықаралық бірліктер
жүйесінде күш қандай әріппен таңбаланады?
А)
S
Ә)
t
Б)
m
В)
F
6. Дене жасалынған заттың
тығыздығын қандай формула бойынша есептеуге
болады?
А)
F=mq
Ә)
Б) В) V=a*b*c
ІІ. Мағынаны
тану
А) ассосация әдісі. Жаңа
тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыру мақсатында «Физикалық шама»
сөзіне ассосация жасау.
ІІІ. Физикалық
диктант.
-
Қысым дегеніміз не? Белгілі
бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым
дейді.
-
Қысымның формуласы және СИ
жүйесіндегі өлшем бірлігі: p=F/S; 1
Па=1Н/м2
-
Қысымның басқа өлшем
бірліктері: ГПа, КПа, МПа
-
Ауырлық күшінің әрекетінен
сұйықтар мен газдарда болатын қысым формуласы:
p=
-
«Атмосфера» деген сөз қандай
мағына береді? Грекше «атмос»-«бу», ауа және «сфера» шар деген
ұғымды береді.
-
Атмосфералық қысымды өлшеуге
арналған құрал. Барометр
-
Кемеде, ұшақта атмосфералық
қысымды өлшеу үшін қолданылатын құрал?
Барометр-анеройд
-
Гидравликалық машиналар қайда
қолданылаы? Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқасын престеу үшін
қолданылады.
-
Қазақстанда су құбыры қай жылы
қай жерде салынды? Алматыда, 1933 жылы
-
Қысым туралы түсінік берген
ғалым? Паскаль
IV. Есептер
шығару
Оң қолымда найза
бар,
Сол қолымда балға
бар.
Қайсысы өткір
екенін
Айтыңдаршы
балалар?
1. Массасы 6000 кг Жер
тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000
см3. Оның топыраққа түсіретін
қысымы қандай?
Бер:
F=6000
H
S=2000cm3:100 см
=20м
Т/к:
р=?
P=F/S
= 6000H
:
20м= 300 Па
2. Адам суда 9 м тереңдікке
дейін сүңги алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін су қысымын
есептеп табыңдар. Теңіс суының тығыздығы- 1030
кг/м3
Бер: h=9
м
3
q=10
Н/кг
Т/К.
Р-?
Шешуі:
P= 1030*10*9=
92700 Па:1000Па=92.7кПа
V. Логикалық
есеп.
1.
Ыдыстың түбіне түсетін қысым
аз болу үшін 1 литрлік ыдыстағы сүтті шелекке құю керек пе, әлде
бөтелкеге құю керек пе? Шелекке құю керек
2. Поршень, ауа, насос, сынап,
атмосфера, металл биіктік деген сөздер жазылған. Соңғы әріптерінен
француз ғалымының фамилиясын шы,ар.
3. Екі ыдысқа толтырып су
құямыз, біреуіне тас саламыз. Осыдан кейін қандай өзгеріс
байқайсыңдар?
4. Әжелеріміз ертеде көрнекі
қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді
қолдануда қайсысымен матаны тесу оңай? Үшкір ине. Түсіретін күштің
мәнін ғана емес, күш түсетін беттің ауданын да білу
керек.
VI. Паскаль тәжірибесін
және Торричелли тәжірибесін түсіндіру.
Қорытынды: сұйықтар мен газдардың өзіне
түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізеді. Паскаль
заңы.
Торричели
тәжірибесі:
17 ғасырда итальян ғалымы
Э.Торричелли ұзындығы 1м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен
толтырады. Түтіктің аузын жабады да, оны ыдысқа төңкеріп, түтіктің
аузын ашады. Сонда сынап ыдысқа төгіледі. Түтік ішінде 76 см сынап
бағаны қалады.
VIII. Үйге
тапсырма.
Қысым тарауын
қайталау.
Қысымның артуына және азаюына
мысалдар келтіру.
IX. Қорытындылау.
Бағалау.