Материалдар / Ашық сабақ "Қызықты математика"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қызықты математика"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қызықты математика" ашық сабағы балалардың санау ұғымын кеңейтуге, ойлау қабілеттерін дамытуға, геометриялық пішіндері туралы білімдерін, тілін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыруға арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Шілде 2022
409
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Шардара қаласы

«Балбөбек» бөбекжай балабақшасы

Сүйеуова

Айнур

Даримбаевна


Білім беру саласы: «Таным»

Білім бөлімі:«Қызықты математика»

Тақырыбы: «Қызықты математика»

Мақсаты: Математикалық білімге қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту. Ұйымдастырушылық кезеңі: Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, Алтын күн

Қайырлы таң, Көк аспан

Қайырлы таң, Жер ана

Қайырлы таң, Қонақтар

Қайырлы таң, достарым

Балалар бүгінгі күнге сәттілік тілеп жылы лебіздерімізді білдірейік.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Әке шешеміз аман болсын!

-Бәріміз бірге дос болайық!

-Әрқашан күн сөнбесін!

Балалар шеңберде түрып шаттық шеңберін орындайды

Сәлеметсіздер ме?

Деніміз сау болсын,Аспанымыз ашық болсын.

Күніміз сәтті өтсін

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Көктем

-Көктем айларын атаңдаршы?

-Наурыз,сәуір, мамыр.

-Қазір қандай ай?

-Мамыр айы

-Ал бір аптада неше күн бар?

-Аптаның үшінші күні

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар бүгін біз «Қызықты математика» әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Балалар , қызықты математика еліне саяхат шығуға менімен баруға болады?

-Автобуспен, ұшақпен, поезбен, машинамен, кемемемен т.б.

Ия, балалар! Бірақ біз әуе шарымен бармақпыз.Олай болса әуе шарға кірелік.

Балалар біз әуе шарға сиқырлы сөзімізді айтуымыз керек сонда бізді қалаған жерімізге жеткізеді.Сиқырлы сөзіміміз- «әуе шар, әуе шар қалаған жерімізге жеткіз».

Міне балалар қызықты математика еліне келіп жеттік.

Математика ханшайымы:

-Сәлеметсіңдерме балалалар!

Математика еліне қош келдіңіздер!

Математика ханшайымы:

-Мен математика ханшайымын

Балалар мен сендердің алғыр, тапқыр, шапшаңдықтарыңды білемін.Өйткені менің сиқырлы таяқшам бар.Бірақ мен сендердің тапқырр екендеріңді көзіммен көргім келіп тұр.Ол үшін менің бірнеше тапсырма ойындарым бар.Соларды орындайсыңдар ма?

Тәрбиеші:Олай болса балалар бірінші тапсырманы орындайық.

1-тапсырма:Адасқан сандарды өз ретімен қою.1-5 ке дейін үш тілде санау, тура және кері санау.

Санамақтарды айту.

2-тапсырма:

3+1= 4-2= 2+3= 5-3=

Есептің жауабы әр түрлі жануарлардың үстінде.Сол жауаптарды тауып қою керек.

3-тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата.

4-тапсырма:Логикалық сурет (есте сақта)

Таяқшалар

Шарты: Санау таяқшаларынан құралған пішінді көрсетіп, осы қысқа уақытта есте сақтап оны құрастыру керек. (10 секунд)

1-үй

2-шырша

3-қар

Сергіту жаттығуы:

Ойын шеңбер ішіндегі санға қарай, сонша бала шеңбердегі берілген сандарды сәйкестендіре отырып қимыл қозғалыс жасау.

5-тапсырма: «Шығармашылық»

Балалар «шыңармашылыққа 4 топқа бөлінеміз.

1-топ.Ұнтақ жармасынан саусақ арқылы сурет салу, түрлі-түсті күріштен саусақ арқылы алып сурет салу.

2-топ. Түстеріне қарай ажырату.

3-топ. Геометриялық пішіндерден суреттер құрастыру.

4-топ.Жіптің түсіне қарай моншақтарды тізбектеу.

Ханшайым: Балалар мен сендердің алғыр, тапқыр, шапшаң екендеріңе көзім жетті.Сендер тапсырмалардың барлығын өте жақсы орындаңдар!





















Тәрбиеші:Балалар енді біз тобымызға қайтайық.

Қорытындылау: Саяхат сендерге ұнады ма?

-Ия

Қызықты математика елінде қандай тапсырмалар орындадыңдар?

-Санауды

-Есеп шығаруды

-Сурет құрастыруды

-Би билеуді үйрендік.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар өз бетімен санай алады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балалар шапшаңдылықпен есептер орындауға дағдыланады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!