Материалдар / Ашық сабақ "Рационал сандарды салыстыру" 6-сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Рационал сандарды салыстыру" 6-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныпқа өткізілген "Рационал сандарды салыстыру" тақырыбындағы ашық сабағымның қысқа мерзімді жоспарын жас мамандарға көмегім тиер деген оймен салып отырмын. Сабақ бөлімдері, сабаққа керекті материалдарды осы сабақтан көре алады. Қадірлі жас маман! Сіз үшін осы сайтта өзіңіз іздеген материалдың қандай түрін де таба алатыныңызға сенімдімін! Жұмыстарыңызға шығармашылық шабыт тілеймін!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.1В Рационал сандар және оларға

амалдар қолдану.

Мектеп: «Мәди Бегенов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Бекітемін:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, А. Азанов:


« ___________ »

Күні: 15.10.2019

Мұғалімнің аты- жөні: Агысбаева Нуржамал

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 23

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсат-тары(оқу бағдарла-масына сілтеме)

6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;

6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру;

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушылар: Бүтін, рационал сандарды салыстыруды біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады.

Кейбір оқушылар: Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады.


Бағалау критерийі


Бүтін - рационал сандарды салыстырады.

Рационал сандарды салыстырудың барлық анықтамаларын қолданып, есептер шығарады.

Санның модулі бойынша салыстыруға есептер шығарады.

Тілдік мақсат:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Оң сандар, теріс сандар

Салыстыру, теңсіздік белгілері, модульдері бойынша салыстыру.

Координаталық түзу – координатная линия – coordinate line

Рационал сан – рациональное число - rational number

Салыстыру – сравнение – compare (3-слайд)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені ... кескінделеді. Кез келген оң сан ... үлкен. Кез келген теріс сан ... кіші.

Құндылықтарға баулу

Өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, геометрия.

Алдыңғы білім

Координаталық сәуледе натурал сандарды салыстыру.

Оң сан, теріс сан. Санның модулі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс-тар

Сабақтың басы


3 минут




Сәлемдесу.Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Оқушыларға үш түрлі түспен жазылған оң сан, нөлсаны және теріс сан үлгілерімен жазылған парақшалар тарқатылады. Парақшаның келесі бетінде жазылған сұрақтар бойынша үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылармен оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау.


Парақ-шалар




1-слайд







Сабақ ортасы


5 минут














2 минут









5 минут













10 минут
































7 минут












3 минут

«Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар топ ішінде талқыланып, жауап беріледі.

І топ

1.Координаталық түзуде 0-ден оңға қарай бағытта сандар кеми ме, әлде өсе ме?

ІІ топ

2. Координаталық түзуде 0-ден солға қарай бағытта сандар қалай өзгереді?

ІІІ топ

3. Координаталық түзуді пайдаланып, сандарды салыстырыңдар. Жұлдызшаның орнына < немесе > белгісін қойыңдар:

(-5) * (-4); (-4) * (-3); (-3) * (-2); (-2) * (-1); (-1) * (0);

Оқушыларды «координаталық түзуде оң сан 0 санының оң жағында, теріс санның оң жағында орналасады» деген қорытындыға келтіремін.

Тарихи мәлімет.

Француз математигі Рене Декарт 1637 ж «Геометрия» атты кітабында «Сандық осьте нүктемен оң сандар нөлдің оң жағында, ал теріс сандар сол жағында орналасады» деген геометриялық тұжырымы берілген.


Жаңа сабақ

Координаталық түзу бойында салыстырылатын сандардың үлкені оң жақта, ал одан кіші сан онаң сол жағында кескінделеді.

Кез келген оң сан 0-ден үлкен және кез-келген теріс саннан үлкен.

Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

Мысалы: С(-3) нүктесі О (0) және D (4,5) нүктелерінің сол жағында. Онда -3<0 ; -3<4,5



Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

Мысалы, онда онда

Оқулықпен жұмыс. «Кім жылдам» әдісі арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды.

А деңгей (ауызша орындалады)

348. Сандарды салыстырыңдар:

1) 6 > -8; 2) -15 < 25; 3) 45 > -45;

4) - 0,09 < 0,5; 5) -32 < 11 6) - 100 < 1.

349. Сандарды салыстырыңдар:

1) -2 > -9; 2) -13 < -11; 3) -9 > -10;

4) - 0,8 < - 0,7; 5) -60 > -63; 6) - 8,7 < 8,9.

Теңдік тура болатындай етіп жұлдызшаның орнына < немесе > белгісін қойыңдар:

350. (жазбаша орындалады)

1) 17 > -1; 2) - 20 < 35; 3) - 12 < 0;

4) 1,9 > - 0,8; 5) 51 > -50; 6) 0 > -1000.


351. (жазбаша орындалады)

1) – 4 > -9; 2) - 30 > - 40; 3) - 91 > - 92 ;

4) – 0,15 > - 0,7; 5) – 4,4 > -6,5; 6) – 18,4 < 18,1.


Дескриптор:

- сандарды 0 санымен салыстырады;

- екі теріс санды салыстырады;

- теріс сан мен оң санды салыстырады;

В деңгей

355. Сандарды салыстырыңдар:

1). және , және ,

2). және , және ,

3). және , және ,


356. Сандарды салыстырыңдар:

356

1). және , және ,


2). және , және ,

3). және , және ,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!