Материалдар / Ашық сабақ "Реттік сандармен танысу.Кеңістікті бағдарлау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Реттік сандармен танысу.Кеңістікті бағдарлау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Математика негіздері "Реттік сандармен танысу. Кеңістікті бағдарлау."
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
748
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Топ

«Аққайын» ересек тобы


Өтетін күні

20.10.2020

Білім беру саласы

Таным

ҰОҚ

Математика негіздері


Тақырыбы

«Реттік сандармен танысу. Кеңістікті бағдарлау»

Оқу мақсаты

Реттік санауды қайталау, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; Балалардың зейінін дамыту, математикаға қызығушылықтарын арттыру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

ҰОҚ мақсаты

1-ден 5-ке дейін санауды, реттік санауды біледі,тапсырмаларды орындай алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

сұрақ – жауап, ойын,шығармашылық жұмыс.

Ресурс

Дамытушы орта

сандар, үлестірмелі көрнекіліктер, суреттер, пішіндер.

Жоспар

Кезеңдері

/уақыт

Мазмұны

Тиімді әдіс-тәсілдер

Кіріспе бөлімі

5минут




Ширату:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Қайырлы күн!


«Серпілген сауал» сұрақ жауап

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

  • Ал күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

  • Балалар,жапырақтың түстері қандай болады?

  • Құстар қай жаққа ұшады?


4К-Коммуникация

Қарым –қатынас жасай алу дағдылары дамиды.




4К-Коммуникация

Сұрақтарға жауап бере отырып байланыстыра сөйлеу дағдылары дамиды.

Негізгі бөлім

13минут








(Үнтаспадан құстың дыбысы естіледі,күзгі ағашта тұрған құсқа жақындап тұмсығындағы хатты ашып оқиды.)

Таңғажайып сәт:

-Балалар, бізге матемаикадан тапсырмалар әкелген екен. Ғажайып құстың тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе?



Тапсырма

1.«Көңілді жұлдызқұрт» дидакткалық ойыны

Балалар, сіздерге барлығыңызға үлестірметі материалдар беріледі. Сіздер сол цифрларды ретімен орналастырып, жұлдызқұрттың бейнесін шығаруларың керек.

2.Реттік санау және кері санау

1,2,3,4,5 -5,4,3,2,1.

Балалар сіздерге карточкалар беріледі сіздер сол карточкалардағы сандарды ретімен тура және кері орналастыруларың керек. Дайын болсаңдар тапсырманы бастайық.

3.Дидактикалық ойын:

«Көршісін тап»

Шарты: Ретсіз қойылған сандарды нөмірі бойынша реттеп қойып шығу керек.

КБ.Мұғалімнің қолпаштауы: Жарайсыңдар балалар, ойынды керемет ойнадындар!



Саралау тапсырмасы:,

«Қанша?», «неше?»

Шарты: Балаларға арнайы суреттер беріледі. Суретте неше затты көрсе, цифрмен қыстырғыштың көмегімен көрсетулерің керек.



Сергіту сәті:

1,2,3-Қарлығаш болып ұш,

4,5,6-Қарлығаш болып қалқы.

7,8,9,10-Қарлығаш болып қон.



КБ.Мұғалімнің қолпаштауы: -Жарайсыңдар балалар, тапсырмаларды өте керемет орындадындар.



«Орынды тап» ойыны

Шарты: Балалар реттік сандармен тұрады да тәрбиеші «Ал,қасқырым қаш» деп балаларды қуады, қасқырдын құтылғаннын кейін тез өз орындарын реттік сандармен тауып алу керек.











4К.Сыни ойлау тұрғысынан ойлау.

Ойын еркін айту дағдылары дамиды.





4К – Коммуникация.


Бақылау: Бақылау барысында қызығушылықтары мен белсенділіктері төмен балаларды байқап,арнайы саралау тапсырмасын бақылау жұмысы ретінде ұйымдастырдым.







Қорытынды бөлім

2 минут

«Ашық микрафон» әдісі

  • Бүгінгі оқу қызметі барысында не туралы айтылды?

  • Қандай әсер алдыңыздар?

  • Сендерге тапсырма орындау қиын болды ма?

  • Қандай тапсырма қиын болды?


Балалардың қойылған сұрақтарға жауап беру барысында ең алдымен өз ойын еркін жеткізе алу және пікіріне құлақ аса білу дағдылары дамиды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!