Материалдар / Ашық сабақ Р.Мұқанова "Мәңгілік бала бейне "

Ашық сабақ Р.Мұқанова "Мәңгілік бала бейне "

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2023
1056
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспары


Пән: қазақ әдебиеті

Бөлім: «Қиял мен шындық»

Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» 4 сабақ

Мектеп: Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

«Карасевка орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Шахметова Жадыра Жумабековна

СЫНЫП: 8

Қатысқандар: 8

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж 4. Көркем шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

А/И 2. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым – қатынасының тілдік көрінісін талдау


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес негізделген

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Көркем шығармалардан алынған үзінділерді оқып, өз көзқарастарын білдіре алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарастарын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Автор бейнесі мен кейіпкер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдай алады

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Намысқой, мұң –арыз, рух

Алдыңғы оқу:

Шығарманың мазмұнын біледі, Семей полигоны, оның жабылуы туралы естіген

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 мин

Оқушыларды оқу мақсатымен слайд арқылы таныстырамын



Топқа бөлу: «Пазл» әдісі

Шарты: Пазлдарды жинау арқылы топқа бөлу. (пазлдардан бір топ айдың, екінші топ қыздың суретін жинайды. Жиналған пазл бойынша екі топқа бөліне қояды. Бөлінген топтың атауын таңдайды. Топта спикер таңдалып, әр топ мүшесінің атқаратын рөлдерін бөледі)


Интерактивті тақта


Пазлдар


Ортасы

15 мин






































15 мин


















1 тапсырма. Жұптық жұмыс

«Көршіңмен бөліс» әдісі

Көркем шығармададан алынған үзіндіні пайдалана отырып, автордың ойын өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап, кестені толтыр.


Үй ішіндегі өзіне тосырая қарайтын, ішіп, жеп қадалатын көздерді көргісі келмеді. «Жұрт ұйқыға батқанша отыра тұрсам да болар» деп есік алдында кідіріп қалды. Сол сәт тосын шыққан дауыстан шошып кетіп, баж ете түсті. Қатира екен. – Әй, қас қарайса, жын қуғандай осы сен қайда кетесің? Не пәлең бар, а? Ләйлә үнсіз төмен қарады. Ісініп, қызарған жанарын да, әбден сілесі қатып шаршаған күйін де тәтесіне сездіргісі келмеді. «Менің мұңымды бөлісер Қатира ма, онан да үнсіз тұрғанымның өзі жақсы» дегендей ләм, мим деп тіс жармады. – Қайда жүрсің деймін мен саған? Ләйлә тағы да үн қатпады. «Жоқ, жоқ. Терең сайда отыратынымды ешкімге, ешбір жанға айтпаймын. Мен Аймен кездесуге, сонымен сырласуға барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған соң терең сайға жүгіремін. Ол сәтте мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар, мені көрмеңдер!» – Е, енді саған жетпей жүргені меңіреулік пе еді? Оған да жетерсің, меңіреу де атанарсың.


Үзінді

Автор ойы

Оқушы пікірі







Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармалардан алынған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады

- үзіндіні оқиды

-автордың ойын табады

- өз көзқарасын білдіреді

- кестені толтыра алады


Қ/Б: «Мадақтау сэндвичі» әдісі

Мақсаты:.Оқушының жұмысын мадақтау. Әлсіз тұстарына ұсыныс түрінде көрсету.

1. Түсінгені туралы оң пікірі

2. Болашақта нені өзгертуге болады

3. Маған ұнады, бірақ алдағы уақытта...


2 тапсырма. Топтық жұмыс

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым – қатынасының тілдік көрінісін талдап жаз.


Тапсыр-ма

Ләйлә мен Кұмардың кездесуі сипатталған тұсы

Ләйлә мен айдың байланысы сипатталатын үзінді

Ләйлә мен Қатираның қарым-қатынасы айтылған үзінді

Үзінді







Тілдік құрал-

дарды анықта





Автор бейне-сін талда






Жұмыс алгоритмі :

- кестеде берілген кейіпкерлер қатынасын сипаттайтын үзіндіні тауып жазу

- үзіндіде берілген кейіпкерлердің қарым –қатынасы арқылы тілдік құралдарды (кейіптеу, метафора, теңеу, гипербола, синтаксистік параллелизм) тап.

- кейіпкерлер қарым-қатынасы арқылы автор бейнесін талдап жаз.


Қ/Б «Топтық түзетулер» әдісі

Мақсаты: Аталған әдіс арқылы оқушылар топтағы орындаған бір – бірінің жауаптарын түзейді.







Алынған үзінді жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған қазақ әдебиеті

оқулығының 179 бетінен алынды «Атамұра» баспасы 2018 жыл

Авторлары: Ақтанова А.С.

Жундибаева А.К.

Жұмекенова Л.К









































Соңы

5 мин

«Шеринг» әдісі арқылы оқушылар сабаққа кері байланыс береді

Мақсаты: Оқушылар шеңбер болып отырып, бір зат алып, келесі оқушыға лақтыру арқылы сөз алып, бүгінгі сабақта алған білімдерін жинақтап, оқу мақсатына жеткендерін айтып қорытындылайды.



Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін – тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік АКТ мен байланыс.Құндылықтармен байланыс

  • Сабағымды жоспарлағанда нақты, қолжетімді, дәлелді, уақытпен есептеулі, оқушыларға түсінікті болатындай етіп SMART мақсатына сай жасадым. Сыныбымдағы сегіз оқушының ойлау деңгейлері әр түрлі болғандықтан оқушыларыма жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар сараланып беріліп отырады деп жоспарлап отырмын. Сабағымда «Ойлан, жұптас, бөліс» » әдісін алдым. Бұл әдіс оқушыларды бір – бірімен қарым –қатынас жасауға,өзгенің пікірін тыңдауға жетелейді. «Көршіңмен бөліс» әдісі аталған әдіс бойынша жұптағы екі оқушы бір – біріне қолдау көрсетеді. Ойлау деңгейлері баяу оқушыларға саралаудың «Скаффолдинг» әдісін пайдаланамын. Қабілетті оқушыларыма тапсырманы түрлендіріп өздеріне көбірек ізденуге жетелеймін.

Оқушыларға берілген әрбір тапсырмалардан кейін қалыптастырушы бағалау, жұмыс алгоритімін беріп отырамын. Сонымен қатар тапсырмалардан кейін берілген қалыптастырушы бағалалауда мынадай әдістерді аламын: «Топтық түзетулер» әдісі. Аталған әдіс арқылы оқушылар топтағы орындаған тапсырмалардан соң бір – бірінің жауаптарын түзейді.

«Мадақтау сэндвичі» әдісі

Бұл әдіспен оқушының жұмысын мадақтау, әлсіз тұстарына ұсыныс көрсету мақсатында жүргізіледі.

1. Түсінгені туралы оң пікірі

2. Болашақта нені өзгертуге болады

3.Маған ұнады, бірақ алдағы уақытта... деп ойды аяқтайды.


  • Оқу мақсатына жету үшін құрастырған сабағымды тарих пәнімен байланыстырдым. Саралау тапсырмасын даярлаған кезде сабағыма қосымша мәліметтер жинап, оқулықтан, басқа да ресурс көздерінен тапсырмалардың оқу мақсатына сай болуын қадағалаймын. Сабаққа керек болған жағдайда АКТ-ны қолданамын.

  • Рефлексия

  • Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (Тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіземін?

  • Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қорытынды бағалау:

  • Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  • 1.

  • 2.

  • Қандай нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

  • 1.

  • 2.

  • Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

  • 1.

  • 2.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ