Материалдар / Ашық сабақ: "С" дыбысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "С" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ақыл ойын, сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
729
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «С» дыбысы

Бағдарламаның мазмұны:

Балалардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Дұрыс сөйлеуін, адамдармен қарым қатынасқа еркін түсуін жетілдіру. Тыныс алу мүшелерін, саусақ бұлшық еттерінің қимыл қозғалысын жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Билингвалды компонент: Сағат-часы, сәбіз-морковь, қасқыр-волк, қасық-ложка, кесе-чашка, сиыр-карова.

Қолданылған көрнекіліктер: Флипчарт, артикуляциялық жаттығуға арналған айна мен суреттер, тыныс алу жаттығуына арналған материалдар, құм терапиясы.

ҰОҚ барысы

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл күйімізді көтеру үшін шаттық шеңберін орындап алайық.

1. Шаттық шеңбер:

Амансыңба, алақан

Хлоп-хлоп-хлоп

Амансыңба , аяғым

Топ-топ-топ

Амансыңба, бетім

Плюх-Плюх-плюх

Амансыңба, ернім

Чмок-чмок-чмок

Амансыңба, тістерім

Щелк-щелк-щелк

Амансыңба, тілім

Чок-чок-чок

- Жарайсыңдар балалар!

2. «Доп тосу» ойыны

Мақсаты: Доп тосу арқылы сұрақ жауап алмасу.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс мезгілінде қанша ай бар?

  • Қыс мезгілінің айларын ата?

  • Бір айда қанша апта бар?


3. Таңғалдыру сәті

- Балалар бұл ненің дауысы, қане тыңдайықшы

  • Балалар қандай әдемі көлік, қайдан келген екен, сыйқырлы қорапшасы бар екен, бұл қорапшаның ішінде не бар екенін бірге көрейікші.

  • Мұнда бізге дыбыстар әлемінің ханшайымынан хат келіпті, қане онда не жазылғанын оқып берейін.

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Мен дыбыстар әлемінің ханшайымы боламын дыбыстар сендерге ренжіп жатыр, сендер «с» дыбысын айта алмай жүр екенсіңдер, сендер «с» дыбысын жақсылап үйренсеңдер, сонда ғана сендерге алғысымды айтып сыйлығымды алып келемін деп жазып жіберіпті.

  • Балалар қане олай болса біз «с» дыбысын жақсылап үйренейік , бұлай жүргеніміз дұрыс болмас.

  • Ал, барлығымыз айнаның көмегімен артикуляциялық жаттығуларды орындайық.

4. Артикуляциялық жаттығулар

1. Кесе

2.Тіс тазалау

3. Сағат

4. Сылақшы

5. Тәтті тосап


5. Тыныс алу жаттығуы

«Суық леп үрлеу» жаттығуы

Еріндер жымулы(кішкене саңылау қалады) иекке қарай төменге суық леп үрлеу

6. «С» дыбысының артикуляциясын орындайық

Екі езу екі жақа тартылады, тістер бір-біріне жанасады, тіл төменгі тіске тіреледі(айна көмегімен «с» дыбысын айтқызу).


- Балалар қарайықшы интерактивті тақтада берілген тіл ұстартуларды бірге қайталайық, қайталамас бұрын көзге арналған жаттығу жасап алайық.

7. Көзге арналған жаттығу.

Екі көзімізбен солға қараймыз

Екі көзімізбен оңға қараймыз

Екі көзімізбен жоғары қараймыз

Екі көзімізбен төмен караймыз

8. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тіл ұстарту

«С» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтайық.

Са – са – са

Со – со – со

Се – се – се

Ас – ас – ас

Ос – ос – ос

Ус – ус –ус

Ассо – ассо – ассо

Оссо – оссо – оссо

Уссо – уссо – уссо

Сағат, сабын, сырға, сиыр, қасқыр,сағат, асқабақ, барыс.

Са – са – са

Ұшып кетті маса

Есе – есе – есе

Шай ішетін кесе

Ас – ас – ас

Қандай дәмді ас

9. «Кім тапқыр» тапсырмасы.

Мақсаты: «С» дыбысы жоқ суреттерді қоршап көрсету.

Мысалы: 1. Сиыр, сағат, кітап.

2. Кесе, машина, сәбіз.


10. Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық

Шапалақтап ұрайық

Бір оңға иіліп

Бір солға иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Сергіп біз алайық

А дыбысын айтып екі қолды жоғары көтеру

С дыбыын айтып екі қолды төмен түсіру

О дыбыын айтып қолды жоғары дөңгелектеу

С дыбысын айтып екі қолды төмен түсіру

У дыбысын айтып екі алақанды кеудеден итеру

С дыбысын айтып екі қолды төмен түсіру.


11. Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Ойланда тап» ойыны:

- Балалар интерактивті тақтаға қарайықшы «ойланда тап» ойынында берілген қима суреттерді құрастырамыз.

Мақсаты: Қима суреттерді құрастыру арқылы балалардың ақыл ойын, зейінін дамыту (Сиыр, Сырға, сағат, сабын суреттерін құрастыру).

- Балалар енді құммен жұмыс жасайық.

- Балалар құммен жұмыс жасамас бұрын саусақ жаттығуын орындап алайық(балаларды шығармашылық орталыққа шақыру).

12. Саусақ жаттығуы

Бала бала балапан

Қане қайсы алақан

Саусақтарың айбат

Былай былай ойнат

13. Шығармашылық орталығы

- Балалар табиғат дыбыстарын тындап, суретін салайық.

  • Балалар бізді қоршап отқан табиғат , сол табиғаттың көптеген құбылыстардың дауыстары дыбыстарға ұқсап жатады. Осы құбылыстардың ішінен дауыстары «с» дыбысына ұқсас келетін табиғат құбылыстардың дауыстарын тыңдап, құммен суретін салайық.

  • Аспанда күн жарқырап, айнала тып-тыныш. Алыстан ысылдаған дауыс шығады, бұл ненің дауысы сссссс.

  • Жыланның (балалар)

  • Бір мезетте аспанда бұлт қаптап, жан жақтан тырс тырс еткен дауыстар шығады. Бұл ненің дауысы?

  • Жаңбырдың(балалар)

  • Сол аспандағы бұлттарды айдап, ысқырған дауыстар шыға бастайды, бұл ненің дауысы сссс

  • Желдің(балалар)

  • Жел бұлттарды айдап, аспан ашыла бастайды.

  • Жарайсыңдар балалар!

  • Ал, балалар құм терапиясы арқылы «с» дыбысына ұқасас табиғат құбылыстардың бейнесін салайық.

14. Таңғалдыру сәті.

  • Бір мезетте тоқылдаған дыбыс шығады.

  • Сәлеметсіңдерме балалар! Мен дыбыстар әлемінің ханшайымы боламын.

  • Сәлеметсізбе(балалар)!

  • Мен сендердің «с» дыбысын үйренгендеріңді естіп қуанып келдім.

  • Жарайсыңдар балалар қандай ақылдысыңдар «с» дыбысын тез үйреніп алдыңдар.

  • Енді мен сендерге арнаған сыйлығымды табыстауға рұқсат етіңдер!-деп сыйлықтарды балаларға табыстайды.

  • Рақмет дыбыстар ханшайымы сізге алғысымыз шексіз!(логопед)

  • Қандай әдемі сыйлықтар рақмет!(балалар)

  • Олай болса балалар ханшайымға жақсы көңіл күйлерімізді сыйлайықшы (көңіл күй бейнелерін сыйлайды)

  • Рақмет балалар мен әрқашан осындай көңіл күйде жүремін.

  • Жарайды балалар менің қайтатын уақытым болды сау болыңдар!(ханшайым)

  • Сау болыңыз! ( ханшайымды шығарып салу).

15. Сұрақ - жауап алмасу.

  • Балалар бүгін қандай дыбыс өттік?

  • Бүгін қандай сөздер үйрендіңдер?

  • Қандай тіл ұстартуларды үйрендіңдер?

  • Балалар бүгінгі сабақ ұнадыма?

16. Қорытынды:

Тақырыпты жан жақты талқылап қорытындылау. Балалармен сұрақ жауап алмасу, сабақтан алған әсерлерін сұрау. Білімділіктерін тексеру, талқылау, бағалау. Тақырыпқа жақсы ат салысып отқан балаларды мадақтау. Тақырыпты қаншалықты деңгейде өткенін талқылау. Көңіл күйлерін сұрау.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!