Материалдар / Ашық сабақ Ш дыбысын машықтандыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ш дыбысын машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен 2018 жылдың қаңтарына бастап дефектолог логопед екінші дипломым бойынша жұмыс жасай бастадым. мектеп оқушыларын көмегімді тигізіп, бастаушы сыныпжетекшілеріне ауыл ата аналарына көмегім тисе деген ниеттемін. Оыс жұмысымдағы бірінші ашық сабағыммен сіздермен бөліскелі отырмын сабақты "Мақтақыз" ертегісінің желісімен өткіздім, оқушылар сабаққа қызыға қатысты. Менің сабағымның өзім сияқты жас мамандарға көмегі тисе екен деген оймен, сабағымды жариялап отырмын. Алдын ала РАХМЕТ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
2612
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күнделікті жоспар

Баланың аты жөні: Тұрғынбай Сәруар, Сәбит Інжу

Жұмыс түрі: топша

Күні: 16.11.2018ж

Сабақ тақырыбы: Ш дыбысын машықтандыру

Мақсаты: Ш дыбыстарының артикуляциясын нақтылау, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлем ішінде ажырату, дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыру, фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру, ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ жауап, ойын, артикуляциялық және тыныс алу жаттығулары.

Көрнекі құралдар: Суреттер, үлестірме карточа

Логопед мұғалім: Атекенова Л.Ы.


Іс-әрекет сатылары

Этапы деятельности

Логопедтің басқару әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Действия детей

І. Ұйымдастыру Мотивациялық қозғаушы кезеңі:





Шаттық шеңбері

Күн жарығын алақанға салайық,

Жүрегіме басып ұстап қалайық.

Сондай жарық, мейірімді көңілмен,

Сабақты біз бастайықшы балақай, -деп оқушылармен сәлемдесу, сабаққа отырғызу

Сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады

Сабақ барысында оқушыларға әр тапсырма сайын алтын житондар беріліп, оқушылар бағаланып отырады.



Балалар айтқанды қайталайды


Түзете дамытушылық кезең

ІІ. Кіріспе бөлім:



Тыныс алу жаттығуы: «Сиқыршы» жаттығуын орындау. Мақтаны мұрын ұшына қойып, ауаны тілдің дәл ортасынан шығарып үрлеу керек .

Артикуляциялық жаттығу:

Көңілді тіл туралы ертегі

Ертеде бір көңілді тіл әдемі үйде өмір сүріп жатады. Ол таңертең тұрып сыртқа шығап,қашаға барып, жан- жағына қарап, үйіне қайта кіріп тісін тазалап, қалашты тәтті тосапқа батырып, кесемен шай ішеді. Бір кезде сырттан аттың шапқан дауысы естіледі, тіл шошып кетіп, жүгіріп далаға шығады, жан-жағына, жоғары-төмен қарайды, бірақ ешкім көрінбеген соң тіл шаршап үйіне кіріп демалады.

Жарайсыңдар балалар! Сендер тілге арналған жаттығуды дұрыс орындадыңдар. Ш дыбысын айтқанда ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады, тыныс тілдің арасынан бірқалыпты шығады, алақанды ауызға жақындатқанда жылы дем сезіледі. Жабық дауыс шымылдығының дірілінен Ш дыбысы жасалады.


Өткен сабақты қайталау:

-Қане балалар, біз сендермен алдыңғы сабақта өткен Ш дыбысын еске түсіріп алайықшы. \Бейнеролик көру\ Ш дыбысы туралы.

Жаңылтпашты сұрау

Оншақты жаңғақ шақ, 
Шақсаң, сақ шақ. 


Жарайсыңдар! Сендер жаңылтпашты да дұрыс айта алдыңдар.

Осы кезде мысықтың мияулаған дауысы естіледі.

Логопед балалар естимісіңдер мысықтың дауысы естіледі,- деп мысықты оқушылардың қасына алып келеді де,- Ой, балалар мына мысқ қайдан келді, әуелі құйрығы да жоқ екен, құйрығы қайда кеткен, кім біледі? -деп таңырқайды

Оқушылар: - апай оның құйрығын Мақтақыз кесіп алған шығар –дейді.

Сол кезде мысық сөйлеп: - Иә , дұрыс айтасыңдар менің құйрығымды Мақтақыз кесіп алды, сендер не үшін кесіп алғанын ертегіден білетін шығарсыңдар..., маған сендердің көмектерің керек Мақтақыз маған қатық тауып кел деп еді, мен адасып, сендерге келдім маған жол көрсетіңдерші .Қолында бір уыс тарысы бар

Логопед –Жарайды, біз оқушылармен саған көмектесеміз, сен бізбен тапсырмаларды орындасаң болды- деді

1 тапсырма тауық суреті тақтадан көрсетіледі

Логоритмикалық жаттығу

«Ұқсасын тап»

Ша-шa- аш

Балалық шақ тама (ша)

Шу шу шу

Әжем шашты ша (шу)

Шы шы шы

Қойды бақты қой (шы)

Аш аш аш

Қарағай, шырша ағ(аш)

Іш іш іш

Өсті бітік күр(іш)

2 тапсырма дүкенші суреті көрсетіледі

Суреретпен жұмыс «Кім зейінді» алдымен мен сендерге сөздер айтамын сол сөзде Ш дыбысы болса белгіні көтеріңесіңдер сендер дұрыс тапсаңдар мен суретін көрсетемін


3 тапсырма қыздар суреті көрсетіледі

«Ойлан тап» сөздегі қалып қойған әріптің орнына суреттегі сөздің бірінші әріпін қойып сөзді дұрыс оқы және дәптерге жаз


Сергіту сәті «Мен билеймін буги-буги»


4 тапсырма ағаш суреті көрсетіледі

«Ойлан тап» оқылған өлең жолдарына ойланып жауап беріңдер

Наурыз тойға атам

Киеді әдемі -(шапан)


Апам әкеп базардан

Төседі ала -(алаша)


Гүлге келіп,

Күнара

Қонушы еді бір ара .

Бүгін үш туысын,

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін гүлдерге

Келіп қонды неше ара?


Алма ағашта үш алма,

Қандай тәтті, жесе алма,

Үшеуін де жеп қойса,

Қалады онда неше алма ?


Өте тамаша! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар.


5 тапсырма cиыр суреті көрсетіледі


«Есте сақта, жауап бер!» оқушыларға шағын әңгіме оқу, сол әңгіменің мазмұнын «Микрофон ортада» әдісімен сұрақ қою арқылы жауап алу.


Шолпан мен Айша

Шолпан бесінші сыныпта оқиды. Айша бірінші сыныпта оқиды. –Шолпан , ойыншық жасап берші,- деді Айша.Шолпан қайшы алды. Қағаздан шар, ұшақ, қуыршақ жасады. Айша оларды әр түрлі қарандашпен бояды. Ойыншықтар әдемі болып шықты.

Логопед – Ал, мысықжан сен Мақтақыздың тапсырмасын және біздің оқушылармен барлық тапсырманы орындап шықтың.

Осы кезде есік тоқылдайды. Мақтақыз кіріп келеді. Мысық пен мақтақыз табысады.







Тіл және тыныс жаттығуларын дұрыс жасайды















Өткен сабақты еске түсіреді



























Сөздердің ұқсасын тауып дұрыс айтады










Балалар есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетеді





Фонематикалық қабылдауын, байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын арттыру.


Сөздегі қалып қойған әріптердің орнына әріпті тауып қойып сөзді оқиды және жазады


Сергіту сәтін жасайды


Оқылған өлең жолдарына ойланып жауап береді



















Балалар әңгімені тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.




Қорытынды кезең



Бағалау





Үйге



Жаңа сабақты дидактикалық ойын арқылы қорыту «Кім жылдам?» Ш әріпімен жүріп отырып суретке жету.

Алтын житондар санап, кері байланыс жүргізу, оқушыларды мадақтау.


Жаңылтпаш жаттау

Шын еңбекші - өрмекші,

Өрмекші шын - өрнекші.

Ойында жылдамдық танытады


Сабаққа кері байланыс жасайды



Күтілетін нәтиже

Білу керек: Ш дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс айта алу

Болу керек Аталған тақырыпқа сөздік түсінігі болу керек

Үйрену: Сұрақтарға жауап бере білу



































  1. Шаттық шеңбері

  2. Тыныс жаттығуы

  3. Көңілді тіл ертегісі

  4. Өткен сабақ Ш дыбысын еске түсіріп бейнеролик көрсету

  5. Үй жұмысы Жаңылтпаш сұрау

  6. Жаңа сабақ мысық келеді

  7. 1 тапсырма тауық суреті тақтадан көрсетіледі

Логоритмикалық жаттығу

«Ұқсасын тап»

8 2 тапсырма дүкенші суреті көрсетіледі

Суреретпен жұмыс «Кім зейінді» алдымен мен сендерге сөздер айтамын сол сөзде Ш дыбысы болса белгіні көтеріңесіңдер сендер дұрыс тапсаңдар мен суретін көрсетемін



9 3 тапсырма қыздар суреті көрсетіледі

«Ойлан тап» сөздегі қалып қойған әріптің орнына суреттегі сөздің бірінші әріпін қойып сөзді дұрыс оқы және дәптерге жаз

10. Сергіту сәті «Мен билеймін буги-буги»


11. 4 тапсырма ағаш суреті көрсетіледі

«Ойлан тап» оқылған өлең жолдарына ойланып жауап беріңдер


12. 5 тапсырма cиыр суреті көрсетіледі


«Есте сақта, жауап бер!» оқушыларға шағын әңгіме оқу, сол әңгіменің мазмұнын «Микрофон ортада» әдісімен сұрақ қою арқылы жауап алу.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!