Ашық сабақ. С-З дыбыстарын ажырату

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. С-З дыбыстарын ажырату

Материал туралы қысқаша түсінік
Урок для перагогов, работающих с особыми потребностями в развитии.Здесь представлены виды работ.Проведения диалога
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: С-З дыбыстарын ажырату.

Сабақ мақсаттары:

Коррекциялық – білімділік: Дыбыстардың артикуляциялық қалпын нақтылау және салыстыру. Сұрақ және жауап кезінде логикалық екпіннің өзгеруіне байланысты дауыс күшін өзгерту қабілетін жетілдіру.

Коррекциялық – дамытушылық: ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Артикуляциялық жаттығулар арқылы бет, ерін, тіл бұлшықеттерінің белсенділігін жетілдіру.

Коррекциялық – тәрбиелік: әңгімелесу барысында өз ойын ашық айту қабілетін жетілдіру. Бір-бірінің жауабын мұқият тыңдап, кезектілікпен сөйлеуге, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«ине», «сағат тілі», «жалпақ тіл», «тәтті шырын»

ІІІ Тыныс алу жаттығулары

ІV Өткен сабақты қайталау

«Кім жылдам» ойынын ойнайық.

V Жаңа сабақ

Саматтың қолында таяғы бар, секіріп ойнап суға шомылуға келе жатса, дәл алдынан жорғалап келе жатқан жыланды көріп, қатты қорқып, тоқтай қалды. Сол сәтте таяғының бар екені есіне түсіп, өзін батыл сезінді. Жылан да біраз «с-с-с» деп өз жөніне кетті.

  • Балалар, жылан қалай ысылдайды?

  • С-С-С! С-С-С! С-С-С!

С дыбысының артикуляциялық кескінімен таныстыру.


1 тапсырма

Буындарды, сөздерді оқы.

Са-са-са – Сара

Со-со-со – соқа

Ас-ас-ас – тас

Сө-сө-сө – сөре

Ыс-ыс-ыс – тыс


2 тапсырма

Буындарды, сөз тіркестерін оқы.

Са-са-са- ызыңдайды маса,

Ыс-ыс-ыс – келіп қалды қыс.




3 тапсырма

Сөздерді буынға бөл

Са-ғат су

са-уыс-қан са-рым-сақ

V Сергіту сәті

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.


4 тапсырма

Жаңылтпашты бір тыныста оқыңдар, с дыбын анық айт.

Сара келіп сабақтан,

Сан шаруа тындырды.

Самаурынға салатын,

Сексеуілді сындырды.

Сазан балық қуырды,

Соң-соң сауды сиырды.


VІ Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінгі сабақта қандай дыбысты анық, дұрыс айтуға үйрендік. Олай болса қане «сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнап жіберейік.

VІІ Бағалау


Сабақ тақырыбы: З дыбысын машықтандыру

Сабақ мақсаттары:

Коррекциялық – білімділік: З дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру. З дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.

Коррекциялық – дамытушылық: Сөйлеу мүшелерінің икемділігін арттыру. Дұрыс тыныс алуларын дамыту. Сөздік қорларын молайту. Таным қабілеттерін дамыту.

Коррекциялық – тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Артикуляциялық жаттығулар

«ине», «сағат тілі», «жалпақ тіл», «тәтті шырын»

ІІІ Тыныс алу жаттығулары

ІV Өткен сабақты қайталау

V Жаңа сабақ

Алтынбек сурет салып отырды. Желдеткіштен маса ұшып келді. Маса бөлме ішінде ызыңдап, ұшып жүрді. Асылбектің қолына қонып, шағып алды. Асылбек шапалақпан қолын сарт еткізіп еді, бірақ маса ұшып кетті.

Шағып алса адамды,

Ауыртады тызылдап,

Үйдің іші қараңғы,

Масалар жүр ызыңдап.

  • Асылбек не істепотыр еді?

  • Сурет салып отыр.

  • Желдеткіштен не ұшып келді?

  • Маса

  • Масалар қандай дыбыс шығарады?

  • З-з-з-з

З дыбысының артикуляциялық кескінімен таныстыру.

1 тапсырма

Зу-зу-зу-жазу

Зы-зы-зы-қозы

Зе-зе-зерек

Зі-зі-зі-жүзім

Ұз-ұз-ұз-тұз

Үз-үз-үз-күз

2 тапсырма

За-за-за – ауа қандай таза

Аз-аз-аз – келді міне жаз.

Ыз-ыз-ыз – Айгүл жақсы қыз.

V Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық.

3 тапсырма

Жұмбақтар шешейік

  1. Әкесі – су, шешесі – суық (Мұз)

  2. Қос қолы жоқ, көзі жоқ,

Сурет салар өзі көп. (аяз)

  1. Құрғақ жерге сақтайсың

Менсіз тамақ таппайсың (тұз)

VІ Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінгі сабақта қандай дыбысты анық, дұрыс айтуға үйрендік.

VІІ Бағалау








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2021
1633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі